Halyk Bank
Автор: Abylay003 • Март 12, 2023 • Реферат • 278 Слов (2 Страниц) • 167 Просмотры
01.10.2019 жылы Halyk Bank төлем картасының іске қосылуы-күнделікті қажеттіліктерді барынша өтеуге арналған заманауи ұсыныс.
16.03.2019 жылы Halyk bank Sinooil төлем картасының іске қосылуы-автокөлік иелеріне арналған жаңа өнім.Карта Sinooil желісінде төлем жасаған кезде 5% бонус және автокөлікке қызмет көрсетуге байланысты бірқатар тегін қызметтерді,оның іщінде телефон арқылы АвтоАдвокат тәулік бойы online консультациясын ұсынады.
Осылайша,Банк клиенттері картаны рәсімдегеннен кейін Halyk Bank Club қатысушыларына айналады,одан кейін:
- 1%-барлық сатып алымдарға кепілдік берілген бонусты:
- 25%-Halyk Club серіктестері желісінің 13 000 аса нүктесінде ең жоғары бонусты:
- 10%-арнайы бағдарламалар бойынша ең жоғары бонусты қамтиды[1].
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банктің белсенді төлем қатарларының саны 5,8 млн дананы құрады.Бұл ретте Банк 20% үлесімен осы нарықтағы көшбасшылардың бірі болып келеді.
Halyk Homebank артықшыларының бірі клиенттер арасындағы танымал цифрлық өнімдер болып табылатынын айтып өткен жөн.Банк клиенттері цифрлық карталарды онлайн аша алады. Карталарды адрестік жеткізу сервисі үлкен танымалдыққа ие болуда,және клиенттер тегін болып табылатын осы қызметті сүйсіне пайдаланылады.Мәселен 2021 жылы клиенттерге 60 мыңға жуық карта жеткізілді.
Дебектік карталарды шығару арналары кеңейтілген болатын,бұл клиенттерге карталарды өздеріне аса ыңғайлы тәсілдермен шығаруға күшті мүмкіндік береді.Банк бөлімшелерінде картаны ашу клиенттің бар болғаны 5 минутын ғана алады,картаны шығару мобильдік эмбоссер арқылы жүзеге асады.2021 жылы желтоқтан айында жедел карталарды шығару үлесі 90% құраған болатын.
Банк клиенттері онлайн-кредиттер ала алады,клиенттерге тауарлық кредит беру бойынша тауарларды серіктестерден оффлайн форматта да, сондай-ақ онлайн форматта да бөліп төлеу арқылы жасай алады.Бөліп төлеуді рәсімдеу үшін клиентке сауда серіктесінен ұнаған тауарды таңдап,Halyk Homebank қосымшасында онлайн-режимде қажетті соммаға өтімді рәсімдеу жеткілікті,Банк шешімді небәрі бірнеше минут ішінде қабылдайды.01.01.22 жылғы жағдай бойынша бөліп төлеу бағдарламасында 3 мыңға жуық сауда серіктестері тартылды.
...