Компанияның құнын басқару
Автор: khannstr • Июнь 21, 2023 • Реферат • 937 Слов (4 Страниц) • 143 Просмотры
ЕУРАЗИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ | [pic 1] | ЕВРАЗИЙСКИЙ ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ |
БӨЖ
Тақырып: Компанияның құнын басқару
Орындаған: Хасидан Бақжан
Алматы 2023
Қазіргі кәсіпорындардың барлық басқару қызметі теориялық және практикалық ортада кеңінен танылған құнды басқару қызметі болуы керек. Қаржылық менеджмент компанияны басқарудың өзегі болып табылады, ал құнды басқару қаржылық менеджменттін басты мақсаттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары басқа мемлекет компанияларында құндылықты құруға бағытталған басқару идеялары танымал болып келеді және көптеген компаниялар құндылықтарын басқаруды жүзеге асыруда үлкен жетістіктерге жетуде. Біздің еліміздің заманауи кәсіпорындар жүйесінің құрылуымен және мемлекеттің капитал нарығының дамуымен құндылықты басқаруға теориялық және практикалық ортада көбірек көңіл бөлініп келеді. Қаржылық менеджмент инвестициялар мен қаржыны басқару, байлықты басқару, бюджетті басқару, тәуекелдерді бақылау және шешім қабылдауды қолдау сияқты іскерлік операциялардың барлық аспектілерінде маңызды рөл атқарады және корпоративтік басқарудың өзегіне айналды.
Компанияның қаржылық жағдайы оның қызметінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Ол бизнестегі бәсекеге қабілеттілігін, кәсіпорынның және оның серіктестерінің экономикалық мүдделеріне кепілдік дәрежесін бағалайды. Компанияның құнын басқару кез келген жұмыстын дамуында өте маңызды құрал болып табылады. Компаниялардың құны ақша ағындарының жинақталуына байланысты және оның жаңа құны инвестициялардан алынған капитал мөлшерімен анықталады, бұл инвестициялық ағындарды тарту шығындарынан асып түсуі керек. Шығындарды басқаруда ірі стратегиялар құрылады және жедел шешімдер қабылданады. Бұл компанияларға мақсатқа жетуге көмектеседі. Яғни, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау арқылы өз құнын барынша арттыруға көмектеседі.
Компанияның құнын басқару-бұл ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған және компания үшін стратегиялық маңызы бар процесс болып табылады.
Кәсіпорынның нарықтық құнын бағалай отырып, оның өз қызметінде қаншалықты сәтті екенін жоғары дәлдікпен анықтауға болады. Мысалы кәсіпорынның нарықтық құнының өсуі кәсіпорынның өсу сатысында тұрғанын білдіреді. Және өндірісі дамып, сату желісі кеңейіп, кәсіпорын жаңа сату нарықтарын игеріп жатқанын көрсетеді. Ал кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуі, керісінше компанияның қолайсыз жағдайда тұрғаның, дағдарысқа немесе банкроттық жағдайға жетіп қалуын білдіреді. Осыған байланысты компанияның құны туралы ақпарат оның болашақта қызметінің қаншалықты сәтті болатыны жайлы көрсете алады.
Компания иелері келесі жағдайларда компанияның құнын көтеруге мүдделі болуы мүмкін:
1. Егер мақсат компанияны сату болса;
2. Компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін;
3. Компанияны қайта құру үшін;
4. Кәсіпорынның бағалы қағаздарын қор нарығына шығару үшін.
Кәсіпорынның құнын арттырудың алғашқы қадамы осыған бағытталған нарықтық стратегияны әзірлеу болуы керек. Екінші қадам-компанияның негізгі құралдарын қайта бағалау, бұл оның активтерінің құнын арттыруға мүмкіндік береді.
Әрі қарай, компанияның құнына әсер ететін негізгі факторларды анықтау қажет. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: ішкі және сыртқы факторлар. Біріншісіне, яғни ішкі факторға кәсіпорын қызметінің көрсеткіштері кіреді: кіріс, пайда, рентабельділік, өнімнің сапасы, өндірістің техникалық жабдықталуы және т.б. Ал сыртқы факторларға мыналар жатады: бәсекелестік орта, компанияның нарықтағы әлеуеті, заңнамалық база, елдегі және аймақтағы макроэкономикалық және саяси жағдайлар. Осыдан кейін ғана компанияның құнын арттыру үшін нақты шаралар қабылдауға болады.
...