Отчет по практике в «Халық Банкі» АҚ
Автор: 87028814225 • Апрель 2, 2024 • Отчет по практике • 2,716 Слов (11 Страниц) • 82 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ЕСЕП ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ
5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
2 КУРС СТУДЕНТІНІҢ
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ
Бибаева Шахрезада Бериковна
ТӘЖІРИБЕ ӨТУ ОРНЫ: «ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ
ТӘЖІРИБЕ ӨТУ МЕРЗІМІ:
18.03.2024 ж. – 05.04.2024 ж.
КӨКШЕТАУ, 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................... | 3 | |
1 | НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................................ | 4 |
1.1 | «Халық Банкі» АҚ қызметімен танысу...................................... | 4 |
1.2 | «Халық Банк» АҚ бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі.......................................................................................................... | 5 |
2 | НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ................................................................ | 9 |
2.1 | Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті....................................................................................... | 9 |
2.2 | «Халық Банк» АҚ-ның қаржылық қызметіне талдау жасау..................... | 10 |
ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................. | 12 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. | 13 |
[pic 1]
КІРІСПЕ.
Мен «Есеп және аудит» мамандығының студенті Бибаева Шахрезада Бериковна өндірістік іс-тәжірибемді наурыз айының 18-і мен сәуір айының 4-і аралығында «Халық банк» АҚ мекемесінен бухгалтерия бөлімінде бухгалтердің көмекшісі ретінде іс-тәжірибеден өттім.
Бұл практикалық жұмысымды атқарғанда осы мекеменің барлық іс қағаздарымен,соның ішінде бухгалтерлік жазбаларымен сондай-ақ ұйымдық құрылымымен, жалпы қаржылық жағдайымен танысып өткіздім.
Танысу тәжірибесінің міндеттері;
- кәсіптік қызметпен танысу және таңдау алынған мамандық бойынша алғашқы тәжірибелік біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- таңдап алынған мамандыққа қызығушылықтарын тәрбиелеу және теориялық білімдерін саналы түрде игеруге талпындыру деп түсінемін.
Танысу тәжірибесінің өтуінің мақсаты: танысу тәжірибесі бойынша есеп берудің өзектілігі мысалы ретінде « Халық Банкі» АҚ-ын толық зерттеп, қаржылық жағдайына, есеп саясатына, ақша қаражаттарымен жүргізілген операцияларға және де бастапқы құжаттарымен таныстым.
Осыған қоса теориялық сабақтарда алған білімді танысу тәжірибесінде бекіту және тереңдету болып табылады.
Танысу тәжірибесінде « Халық Банкі» АҚ-ын зерттеу себебім компания бойынша барлық деректер мен ақпарат табылып, оған талдау жасау мен баға беруге жағдай жасалды. « Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі. Халық банкі (Halyk Bank) 2019 жылғы Қазақстан Республикасының ең жақсы корпоративтік және инвестициялық банкі атағын алған болатын.
...