Отчет по практике в "ZHANDAR Company"
Автор: Ainurai • Апрель 6, 2019 • Отчет по практике • 4,121 Слов (17 Страниц) • 426 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................................3
1. Кәсіпорын қызметінің шаруашылық қызметімен танысу...............................4
2. Бухгалтерлік есепті құрудың негіздері..............................................................6
3. Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі.....................................................7
4. Негізгі қорлар есебі мен материалдық емес активтердің есебі.......................9
5. Қорлар есебі..........................................................................................................9
6.Ақша қаражаттарының есебі.............................................................................11
7.Дебиторлық берешектердің есебі......................................................................13
8. Міндеттемелердің есебі.....................................................................................15
9. Еңбек пен еңбек ақының есебі..........................................................................17
10. Кірістер мен шығыстар есебі..........................................................................19
11. Қаржылық есеп: толтыру әдістемесі..............................................................21
Қорытынды.............................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................25
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорыннан өндіріс тиімділігін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
ҚР Президентінің өзінің халқына "Қазақстан-2030" жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік ертең және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады. Сауда экономикасының негізгі принциптері - ірі шаруашылық субъектіден талап ететін өзін-өзі қаржыландыру, өздерінің қызметінің нәтижесінде өздері жауап беруі үшін және шешім қабылдау үшін өзінің өнімін қандай көлемде сапада және қалай шығару керек, қаржылық ресурстарды тарту үшін әрде қайда пайдалану нұсқаны таңдау.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдық азайтуға, шығындарды жоюға, бәсекеге жағымды өнімдерін өндіруге оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынсыз материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға, талауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімдерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтер қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек. Нарықтық экономика және бәсеке жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін толық әрі нақты ақпаратсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Және осындай жағдайларда кәсіпорын қызметі көптеген факторларға тәуелді, яғни оның ішіндегі ең бастысы өзінің бәсекелік күресіндегі стратегиясы мен ресурстарды пайдаланудың тиімділігі.
Бухгалтерлік есепті жүргізуде ең алдымен бухгалтерлік
...