Ауыл шаруашылыfы кәсiпорындары мyлкiн мiндеттi сактандыру есебiн жyргiзу
Автор: miras_orynbassar • Май 4, 2022 • Реферат • 1,809 Слов (8 Страниц) • 201 Просмотры
9 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫ МҮЛКІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ
9.1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МҮЛІКТІ САҚТАНДЫРУ ЕСЕБІ
Сақтандыру - бұл арнайы қордың құралдарын құрайтын және мүліктердегі ақауды толықтыру үшін пайдаланатын, азаматтардың өміріне әртүрлі қолайсыз жағдай туғанда көмек көрсететін экономикалық қатынастар жүйесі. Міндетті түрде сақтандырудың 2 жағы болады: сақтандырушы- қаржылық қорды құрайтын және пайдаланатын арнайы мекеме, сақтанушы - айтылған қорға нақты төлемдер төлейтін заңды және жеке тұлғалар. Сақтандыруға тән сипаттамасы - бұл құрылған қордың тікелей қолданылуы, қарым- қатынастық мүмкіндік мінездемесі және құралдардың қайтымдылығы. Сақтандыру кезінде қатынасушылар арасында арнайы әлеуметтік қордың қаржысын бөлу жүзеге асырылады және бірнеше сақтандырушының ақауын өтеу міндетін басқа қатынасушылар өтейді. Төлем төлейтін сақтанушылардың саны, төлем алатын сақтанушылардан көп. Сақтандырудың мәні оның қызметтерінде құралады. Бұл қызметтер сақтандырудың айрықша қасиеттерін қаржылық жүйенің бір бөлігі ретінде көрсетеді.
Сақтандырудың мәні мен мазмұны оның бөлу қызметінде қарастырылады. Ал бөлу қызметінің өзіне тән спецификалық қызметте айрықша байқалады. Сақтандырудың функциялары мыналар: тәуекелді, ескертуші және жинақтаушы. Сақтандыру объектісіне байланысты барлық сақтандыру қарым- қатынас жинақтарын мынадай екі түрге бөлуге болады: мүліктік жәнк жеке басты. Жеке басты сақтандыруға мыналар жатады: өмірді, денсаулықты, еңбекқорды сақтандыру және басқа да азаматтаң жеке басымен байланысты жағдайлары. Ал мүліктік сақтандыруға мүлікті және онымен байланысты жағдайлармен бірге кәсіптік тәуекелді және азаматтық заңды міндеттемені сақтандыруды жатқызады.
Кәсіптік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіптік іс- қимылдан күтілген табыстарды ала алмау жағдайлары сақтандырылады. Бұған себеп, кәсіпкер контрагенттерінің өз міндеттемесін орындамау немесе келісім шарт жағдайларының кәсіпкерге байланысты емес өзгеруі.
Азаматтық заңды міндеттемесі кезінде, міндетті орындау жауапкершілігі, басқа тұлғалардың өміріне,денсаулығына және мүліктік зиянды жағдайлар жасалған кезде қолданылатын міндеттемелер сақтандырылады.
Сақтандыру міндетті түрде және еркін түрде жүргізілуі мүмкін. Міндетті түрде сақтандыру- бұл заңның талабына сай жүзеге асады. Міндетті түрдегі сақтандыру келесі сақтандыру объектілеріне таралады: әлеуметтік сақтандыру, ауылшаруашылық мкәсіпорынның мүліктерін сақтандыру, тасымалдаушылардың жолаушылар алдында азаматтық жауапкершілігін сақтандыру, көлік иелерінің ұйымдық- құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. Міндетті және еркін түрде сақтандыру түрлері сақтандыру жүйесін құрайды.
Ауылшаруашылық кәсіпорнын міндетті түрде сақтандыру объектісі- әртүрлі қолайсыз табиғи- климаттық жағдайлардан- эпизодтардан және және басқа қатерлі жағдайлардан пайда болған ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүліктері мен өнімдері: астық, көпжылдық шөп, ауыл шауашылық жануарлар, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады.
Ауыл шаруашылық кәсіпорнының міндетті сақтандырумен жұмыс жүргізетін сақтандыру ұйымдары резервін құрайды, бұл мақсатта олар сақтандыру төлемінің 85% кем емес көлемін бөледі.
Сақтандыруда төмендегі арнайы ұғымдар қолданылады: сақтандыруды қроғау, сақтандыру мүддесі, сақтандырушы, қайта сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылғаг объектілер, сақтандыру объектісі мен заттары, сақтандыру куәлігі, сақтандыру сомасы, сақтандыру өтемі, сақтандыру тарифі, сақтандыру жарнасы, сақтандыру мерзімі, сақтандыру жағдайы, сақтандыру актісі, сақтандыру ақауы.
Сақтандыруды қорғау - нақтылы объектіге төндірілген ақауды толықтыру. Мысалы: ауыл шаруашылық дақылдары мен мүліктерін қорғау.
Сақтандыру мүддесі - бұл сақтандыру сомасын көрсетеді, онда мүмкін болатын апаттар немесе мүліктерді құрту және басқа да материалдық жағдайлардың ақауы бағаланады.
...