Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өлшегіш ыдыстарды калибрлеу

Автор:   •  Июнь 16, 2022  •  Контрольная работа  •  949 Слов (4 Страниц)  •  415 Просмотры

Страница 1 из 4

Зертханалық жұмыс№ 6

Өлшегіш ыдыстарды калибрлеу (тексеру)

Өлшегіш ыдыстарды калибрлеу деп көлемді өлшеу процесін және белгілі бір көлемге қатаң сәйкес келуі тиіс жаңа өлшегіш ыдысқа белгі салу процесін айтады.

Өлшегіш ыдысты тексеру дегеніміз ыдыста көрсетілген зауыттық белгінің дұрыстығын анықтау. Әдетте, өлшегіш ыдыстарды калибрлеу осы құралдарды шығаратын зауыттарда жүргізіледі. Дегенмен де, МемСТ-та көзделген немесе техникалық жағдайларға байланысты қателіктер болуы мүмкін. Өлшегіш колбалар үшін рұқсат етілген нормадан ауытқулар мынадай формула бойынша есептеледі:

[pic 1]

мұндағы, dнақты - нақты қателік, V – өлшегіш колбаның сыйымдылығы.

Тамшуырлар үшін рұқсат етілген нормадан ауытқулар мынадай формула бойынша есептеледі:

[pic 2]

Мысалы, сыйымдылығы 25 мл тамшуыр үшін .[pic 3]

Демек, 25 мл тамшуыр үшін нақты көлем 24,90-25,10 мл болуы мүмкін.Сондықтан зертханаларда ғылыми - зерттеу жұмыстарын жасау үшін өлшегіш ыдыстардың сыйымдылығын тексеру жүргізіледі.

Өлшегіш колбаның көлемінің нақтылығын тексеру үшін таза, құрғақ колба технохимиялық таразыда 0,02 г дейінгі дәлдікпен өлшенеді, соданкейін колбаны белгіге дейін дистильденген сумен толтырып, тығынмен жабады және қайтадан өлшейді.

Мысалы, су құйылғып, қақпақпен жабылған колбаның массасы–285,32 г

                бос колбаның қақпағымен бірге массасы – 35,24 г

                колба көлеміндегі су массасы – 250,08 г

                Сонда [pic 4]

Мұндағы, d – 220С дағы судың тығыздығы, ол 0,99669-ға тең. Демек, . Өлшегіш колбаны калибрлеу мынадай тәсілмен жүргізіледі: колба 0,02 г дәлдікпен техникалық таразыда өлшенеді.Содан кейін 220С-тағы 250 мл судың массасы есептеледі:[pic 5]

.[pic 6]

І. Анықтау жолы:

  1. Көлемі 100,0 мл таза және құрғақ өлшегіш колба дәлділігі 0,02 г техникалық таразыда өлшенеді.
  2. Колба белгіге дейін дистильденген сумен толтырылады.
  3. Су құйылған колба дәлділігі 0,02 г техникалық таразыда өлшенеді.

ІІ. Тәжірибе көрсеткіштерін жазу реті:

  1. Бос өлшегіш колбаның массасы, г ______
  2. Сумен толтырылған колбаның массасы, г_______
  3. Судың массасы, г______

ІІІ. Есептеулер:

[pic 7][pic 8][pic 9];

25°(H2O) = 0,99669 г/см3

Кесте  - 1 .Әр түрлі температурадағы судың тығыздығы

to

20о

21о

22о

23о

24о

25о

pН2О

0,99717

0,99699

0,99679

0,99658

0,99636

0,99614

[pic 10]

[pic 11]

Кесте -2. Өлшегіш колбалардың номиналды сыйымдылығының рұқсат етілетін қателіктері

Өлшегіш колба сыйымдылығы,см3

Рұқсат етілетін кателіктер, см3

25

± 0,08

50

± 0,12

100

± 0,20

        

        2.Тамшуыр (пипетка) бөліктерінің көлемінің нақтылығын тексеру:

І. Анықтау жолы:

  1. Таза, құрғақ бюксті дәлдігі 0,02 г техникалық таразыда өлшеу.
  2. Таза, құрғақ бюксті дәлдігі 0,0001 г аналитикалық таразыда өлшеу.
  3. Жуылған, дистильденген сумен шайылған, бөліктерге бөлінген цилиндрлік тамшуыр белгіге (0,00 мл) дейін дистильденген сумен толтырылады.
  4. Тамшуырдан 1,0 мл -ден дистильденген су бюкске құйылады.
  5. Әрбір 1,0 мл су құйғаннан кейін бюкс аналитикалық таразыда өлшенеді.

ІІ.Тәжірибе көрсеткіштерін жазу реті:

  1. Бос бюкстің техникалық таразыдағы массасы, г _______
  2. Бос бюкстің аналитикалық таразыдағы массасы, г _______
  3. 1,0 мл дистильденген су құйылған бюкстің массасы, г ________
  4. 1,0 млдистилденгенсудың массасы, г _______
  5. 2,0 млдистилденген су құйылған бюкстің массасы, г ________
  6. 2,0 млдистилденген судың массасы, г _______
  7. 4,0 млдистилденген су құйылған бюкстің массасы, г_______
  8. 4,0мл дистилденген судың массасы, г_______
  9. 5,0 мл дистилденген су құйылған бюкстің массасы, г________
  10. 5,0 мл дистилденген судың массасы, г _______

ІІІ. Тамшуырдың әр бөлігінің сыйымдылығын есептеу:

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (278 Kb)   docx (711.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club