Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электролиз теориясы

Автор:   •  Апрель 23, 2019  •  Реферат  •  445 Слов (2 Страниц)  •  804 Просмотры

Страница 1 из 2

Кіріспе

XIX ғасырдың басында электролиттердің сулы ерітінділері мен балқымалары арқылы тұрақты электр тогын өткізгенде, жаңа заттардың түзілетіні анықталды. Ағылшын ғалымы Г.Дэви әртүрлі заттардың балқымаларын электролиздеп, 1807-1808 жылдары белгісіз 6 химиялық элементтерді ашты. Олар: Na, K, Ca, Ba, Mg, Sr. Электролиз заңын белгілі ағылшын ғалымы М.Фарадей ашқан.

Электролиз-электр тогының әсерінен болатын химиялық өзгеру процесін айтады. Электролиз кезіндегі химиялық процестер электролит түріне орай, еріткішке байланысты, электрод әзірленген заттың табиғатына сәйкес және басқа да қосымша қосылыстар сияқтыларға қарай сан алуан болуы мүмкін. Электролит арқылы тұрақты ток өткенде катодта электролиттік катионы нейтралды атомға айналып, электродтың беткі қабатында қалады. Электролиз кезінде жүретін барлық реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциясының айқын сипатын көрсетеді: катодта тотықсыздану, анодта тотығу процесі жүреді.

Негізгі бөлім

2.1. Электролиз теориясы

Электролиз тұрақты токтың жүргізу энергиясы және электродтардағы химиялық айналымдардан бөлінетін энергия арқасында жүзеге асады. Сондықтан да, электролиз тек электр тогы жүретін орталарда өтеді.

Электр тогының өткізгіштеріне назар аударсақ, электролит деп ерітіндісі арқылы өтетін токтың нәтижесінде болатын химиялық процесті айтамыз. Электр тогының өткізгіштеріне: тұздардың сулы ерітінділері, қышқылдардың сулы ерітінділері және негіздердің сулы ерітінділері жатады.

Электролиз кезіндегі энергия мақсатты өнімдердің қалыптасу процесі жүйесінің гиббстік энергиясын арттыруға жұмсалады. Электролиз кезінде электродтарда жүретін электрохимиялық процестер ең біріншіден электрохимиялық жүйелерге сәйкес келетін электродтық потенциалдар қатынасына тәуелді.

2.2. Электролиздің мақсатты қолданылуы

Электролиз арқылы таза элементтің массалық үлесі 100 %-ға ұмтылатын металдарды алуға болады. Мысалы, Na, Ni және т.б элементтер осы метод арқылы алынады. Сондай- ақ медь және алюминийді көп жағдайда осы әдіс арқылы алады. Электролиз зергерлік бұйымдарға алтын немесе күміс пленккасымен

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (39.7 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club