Химиялық реактор элементтерінің есебі
Автор: ilyasovadilnaz • Октябрь 13, 2021 • Реферат • 1,810 Слов (8 Страниц) • 433 Просмотры
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Университеті
Жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технология кафедрасы
Тақырыбы: Химиялық реактор элементтерінің есебі.
Мамандық: Химиялық инжиниринг
Курс: 3
Орындаған: Ильясова Дильназ ХИ-301 Тексерген: Махамбетова Ж.К
Ақтөбе-2021жыл
Жоспар
Кіріспе
1.1.Өнеркәсіптегі химиялық реакторлар...
Олардың өз элементтерімен құрылған технологиялық схемасы.
Негізгі бөлім
2.1Химиялық реакторлар олардың жіктелуі мен жұмыс жасау принциптері.
2.2 Химиялық өзара байланысқан реакторды элементтерімен қоса есептеу.
Қорытынды
3.1Химиялық реакторды идеализацияланған модельдер көмегімен есептеу.
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
1.1.Өнеркәсіптегі химиялық реакторлар... Олардың өз элементтерімен құрылған технологиялық схемасы.
Конструкция типіне қарай химиялық реакторлар резервуарвты, колонды, құбырлы болып жіктеледі.
Резервуарвты реакторлар – ол қуыс құрылғылар, көбінесе араластырғыш құрылғысы бар реакторлар. Газ – cұйықты жүйелер газды реагенттердің барботирлер арқылы жүзеге асады. Көп қабатты реакторларда жылуалмасу реагенттердің ағындары араласқанда немесе аппараттың жылуалмастырғыш элементі арқылы жүзеге асады. Резервуарвты реакторда үздіксіз, периодты
жəне жартылай периодты процесстерді жүзеге асыруға болады.
Ұстынды химиялық реакторлар бос, саптауы бар немесе катализатормен толтырылған болады. Фазааралықты массаалмасуды жақсарту үшін бүріккіш, барботер, механикалық əсерлер (саптаманың сілкінуі, фазалық ағынның пульсациясы) қолданады. Осындай типті реакторлар көбінесе үздіксіз процесстердің екі – үш фазалы жүйелерінде қолданылады.
Құбырлы реакторлар көбінесе каталиттік Реакциялар жəне газофикациядағы жоғарғы температура кезіндегі процесстер кезінде қолданады. Бір уақытта, бірнеше фазалардың жылдамдығы, осындай реакторларда ең интенсивті фаза – аралық масса алмасу болады. Құбырлы
реакторлардың түтіктері арқылы реакция, газтəріздес жəне сұйық тəріздес реагенттер жүріп отырады. Көбінесе, сол түтіктерге катализаторларды орналастырады. Температуралық режим жылутасығыштағы құбыр арасында болатын циркуляция арқылы жүзеге асады. Құбырлы реакторды көбінесе жоғарғы температурадағы гомогенді процесстер үшін қолданады, сонымен
қатар тұтқыр сұйықтықтарға колданада. Кейде осындай реакторларды пеш деп атайды.
[pic 1]
2.1Химиялық реакторлар олардың жіктелуі мен жұмыс жасау принциптері.
Өнеркəсіпті химиялық процесс – ол экономикалық жəне экологиялық тұрғыдан, керекті өнімді бастапқы шикізаттан алу үрдісі. Химиялық – технологиялық процесс, тізбектей тұрған сатылардан тұрады: физикалық операциялар, химикалық реакцияға керек бастапқы заттар ( мысалы, ұсақтау,қыздыру жəне т.б.); нақтырақ айтқанда химиялық өзгеру; одан кейін реакция
өнімдерін жəне реагенттерді қайта өңдейді. Керекті өңімді бөліп тастау үшін əртүрлі тəсілдерді қолданады, тазарту процессі жəне т.б., 1.5 суретте көрсетілген. Көптеген жағдайда химиялық саты, үрдістің ең маңызды бөлігі болып келеді. Сондықтан процесстің маңызды бөлігі немесе құрылғысы ол химиялық реактор болып табылады.
[pic 2]
Өңдірісте қолданылатын химиялық реакторлар өзінің құрылғысы бойынша бірнеше типті болуы мүмкін: резервуар немесе бұлғаушы бар резервуар, бос немесе саптамасы бар колонна, домендік пеш немесе катализаторы бар күрделі құрылғы, атомдық реактор жəне тағы басқалары.
...