Сілтілік жер металдары. Стронций, Барий, Радий элементтері, алу жолдары, қасиеттері, қосылыстары
Автор: aqi.yemes1 • Ноябрь 2, 2021 • Реферат • 2,178 Слов (9 Страниц) • 587 Просмотры
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ[pic 1]
МӘНЖАЗБА ТАҚЫРЫБЫ- Сілтілік жер металдары. Стронций, Барий, Радий элементтері, алу жолдары, қасиеттері, қосылыстары (СӨЖ)
ОРЫНДАҒАН-ТҰРҒАНБАЕВ ӘБДІСАМАТ
ТЕКСЕРГЕН-КӨГІСОВ СЕЙІТ
ЖОСПАР
1-СІЛТІЛІК ЖЕР МЕТАЛДАРЫ
2-СТРОНЦИЙ ЭЛЕМЕНТІ АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАСИЕТТЕРІ ҚОЛДАНЫЛУЫ
3-БАРИЙ ЭЛЕМЕНТІ АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАСИЕТТЕРІ ҚОЛДАНЫЛУЫ
4-РАДИЙ ЭЛЕМЕНТІ АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАСИЕТТЕРІ ҚОЛДАНЫЛУЫ
СІЛТІЛІК ЖЕР МЕТАЛДАРЫ
Периодтық жүйенің екінші тобындағы элементтердің барлығының, оқып өткен басқа топтардағы элементтермен салыстырғанда, кей бір ерекшелігі бар; біріншісі- бұлардың барлығының сыртқы электрондық құрылымы бірдей екі электронан тұрады-екіншісі-сырттан екінші қабаты да электрондары толық тобының элементтері қасиет жағынан бірінен-бірі алыс емес.
Екінші топтың элементтерінің сыртқы қабатында екі электрон болғандықта, ол элементтер енді электрон қосып ала алиайды, қайта екі электронды оңай беріп жіберіп, оң екі зарядты ионға айналғыш екенін көрсетеді.
Бұл екінші топтың типтік элементтері берилий мен магний. Электрондық құрылымы жағынан ұқсас (сырттан екінші қабаты 8 электронды, соңғы қонатын электронды s және p электрондар ) болғандықтан үлкен периодтардың жұп қатарларының элементтері-кальций, стронций, барий және радий осыларға жатады. Осы алты элемент екінші негізгі топтың элементтері болып табылады.
Үлкен периодтардың тақ қатарларында орналасқан, сырттан екінші қабаты 18 электронды d электронды элементтер-мырыш, кадмий және сынап қосымша топқа жатады. Негізгі топтың элементтерінің барлығы (Be басқасы) металдар.
Екінші негізгі топ элементтерінің жалпы сипаттамасы төмендегі кестеде келтірілді. Бұл элементтер химиялық жағынан актив металдар қатарына жатады, сыртқы электрондарын оңай береді, сондықтан қалыпты температурада-ақ ауада оңай тотығып, судан сутекті ығыстырып шығарады.
Химиялық қасиеті жағынан алдыңғы екі элемент-берилий алюминийге, магний мырышқа ұқсайды. Бұлар сумен реакцияласқанда да баяу реакцияласады, өйткені реакцияда түзілетін гидроксид нашар еритін зат, ол металдың бетін қаптап сумен әрекеттесуге кедергі жасайды.
Кесте . Екінші негізгі топ элементтеріне жалпы сипаттама.
Элемент | Берилий | Магний | Кальций | Стронций | Барий | Радий |
Белгісі | Be | Mg | Ca | Sr | Ba | Ra |
Атомдық массасы | 9,0122 | 24,035 | 40,08 | 87,08 | 137,34 | 226 |
Изотоптары | 9 | 24,25, 26 | 40,42- 44,46,48 | 84,86-88 | 130,132, 134-138 | |
Рет нөмері | 4 | 12 | 20 | 38 | 56 | 88 |
Валеттік электрондар | 4 s2 | 3s2 | 4s2 | 5s2 | 6s2 | 7s2 |
Атом радиусы,нм | 0,133 | 0,160 | 0,197 | 0,215 | 0,221 | 0,235 |
Иондану энергиясы Э0-Э+, эВ | 9,32 | 7,64 | 6,11 | 5,69 | 5,69 | 5,28 |
Ашылу жылы | 1829 Велер | 1808 Дэви | 1808 Дэви | 1808 Дэви | 1808 Дэви | 1898 Кюри |
Жер қырт. мөлшері (мас %) | 4 10-4 | 2,35 | 3,25 | 0,035 | 0,05 | 2 10-10 |
Тығыздығы,г/см3 | 1,82 | 1,74 | 1,54 | 2,6 | 3,5 | 5,0 |
t б С | 1287 | 651 | 842 | 768 | 727 | 960 |
t б С | 250 | 1095 | 1495 | 1390 | 1640 | 1500 |
Ионд.радиусы нм | 0,034 | 0,074 | 0,104 | 0,120 | 0,138 | 0,144 |
...