Мыс сульфаты кристаллогидратындаfы кристалдык судын мөлшерiн гравиметриялык әдiспен аныктау
Автор: Oryngulllllll • Февраль 14, 2023 • Лабораторная работа • 16,576 Слов (67 Страниц) • 296 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Алматы технологиялық университеті
Тағам өндірісі факультеті
Химия, химиялық технология және экология кафедрасы
Зертханалық жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
AH 1211 – «Аналитикалық химия» пәні
5В070700-Тағам өндірістерінің технологиясының
5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы
Алматы, 2023 ж.
14.3. Зертханалық жұмыс
Зертханада орындалатын тәжірибелік жұмыстар
№1 Лабораториялық жұмыс
МЫС СУЛЬФАТЫ КРИСТАЛЛОГИДРАТЫНДАҒЫ КРИСТАЛДЫҚ
СУДЫҢ МӨЛШЕРІН ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ
(айдау әдісі)
Тәжірибелік бөлімі
Алдын-ала дайындық. Талдау жұмысын жүргізу үшін тұрақты массаға дейін жеткізілген фарфор тигелі керек. Ол үшін фарфор тигелін температурасы 700-800°С дейін қыздырылған муфель пешінде 1 сағат қақтайды, оны эксикаторда салқындатып массасын таразыда өлшейді. Оны тағы да қақтайды, салқындатады және өлшейді. Осы процессті соңғы екі өлшемнің мәні бір-бірінен 0,0002г айырмасы болғанша жүргізеді. Оқу лабораторияларында тигелдерді жұмысқа алдын ала лаборанттар дайындайды. Осылайша дайын-далған тигель массасы алғашқыда техникалық таразыда 0,01 г дейінгі дәлдікпен, сонан соң аналитикалық таразыда 0,0011 г дейінгі дәлдікпен өлшенеді. Мәні жүмыс кітапшасына жазылады. Бұл бос тигельдің массасы болып саналады - (бос тигель).
Массаны таразыға тарту.Талданатын заттың СuSО4 • 5Н2О 0,5-1,5г массасы алдын-ала дайындалған бос тигельге салынып бірінші техникалық, сонан соң аналитикалық таразыда өлшенеді, мәні жүмыс кітапшасына жазылады. Бұл, тигельдің затпен қосқандағы массасы – m(зат + тигель).
Кептіру.Талданатын зат салынған тигель алдын-ала 220°С-қа дейін қыздырылған кептіргіш шкафына салынады да 1 сағат бойы кептіріледі. Шкафтағы температура термореттегіштің көмегімен ұсталып тұрады. Кебу процессінің аяқталғанын, мыс купоросының көкшіл түстен ақ түске ауысуымен анықтайды. Бір сағат ішінде мыс купоросының түсі өзгере қоймаса кептіруді тағы да 20 минут жалғастырады. Егер ақ түсті болса тигельді эксикаторда салқындатып, оның массасы техникалық, одан кейін аналитикалық таразыда өлшенеді, нәтижесі жұмыс кітапшасына жазылады. Бұл, бірінші кептіргеннен кейінгі заттың тигельмен қосқандағы массасы -m1. Бірінші өлшенгеннен кейін тигельді шкафқа салып затты тағы 20 минут кептіреді, оны салқындатады, массасын жоғарыдағыдай өлшеп мәнін кітапшаға жазады. Бұл, екінші өлшенгеннен кейінгі тигельдің затпен қосқандағы массасы -m2. Егер бірінші өлшенгеннен кейінгі масса -m1 мен екінші өлшенгеннен кейінгі массалардың айырымы 0,0002 г аз болса, онда кептіру процессін аяқтайды. Ал айырымы 0,0002 г көп болатын болса онда кептіру, салқындату, таразыға тарту операцияларын зат массасы тұрақты болғанша жалғастыра береді, яғни су толық ұшқанша және соңғы өлшенген мәнінің шамасы оның алдындағы өлшенген мәннен айырмасы 0,0002 г болғанша жүргізіледі (-m3…mn).
Талдау нәтижелерін есептеу.Кристалды судың массалық үлесі мына өрнекпен анықталады:
[pic 1]мұндағы
m(талд.зат) = m - талданатын зат массасы СuSО4 • 5Н20, ол тигельдің затпен қосқандағы массасынан, бос тигельдің массасын алғанға тең.
m (Н2О) = m - мыс сульфаты кристаллогидратындағы су массасы, ол кептіргенге дейінгі заттың тигельмен қосқандағы массасынан, кептіргеннен кейінгі тигельдің затпен қосқандағы массасын mп алғанға тең.
Абсолютті жөне салыстырмалы қателіктерді төмендегі келтірілген формуламен есептейді.
...