Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Метрология

Автор:   •  Октябрь 5, 2021  •  Лекция  •  1,391 Слов (6 Страниц)  •  307 Просмотры

Страница 1 из 6
  1. Дәріс.  

    Метрология –өлшеу туралы,өлшем бірлігін және дәлдігін қамтамасыз етеудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым.  Метрология деген сөз гректің “метрон”- өлшем,  «логос»- ілім дейтін екі сөзінен құралған. Адам баласы өлшеу үшін бірінші кезекте  қол астында бар заттарды қолданды. Шынтақ (локать)- Вавилонда қолданылатын (аршин, арш- фарсы тілінде – шынтақ) дюйм(голлондия тілінде бас бармақ)- 2,54см . бас бармақтың буыны; фут- «табан»-30,48см;  «карат»-(фр)- «бұршақ дәні»-200 мг; гран- лат.дән-62,2мг; Сажень- 3 шынтақ-152 см; косая сажень- 248см.  

    Метрологияның негізгі мақсаттары-өлшем бірлігін және дәлділігін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолдары:

  • Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін және  мемлекеттік эталондарды орнату;
  • Өлшеудің теориясымен  әдістерін және өлшем құралдарды өңдеу;
  • Өлшем қателіктерін бағалау әдістерін өңдеу;
  • Өлшем бірліктерінің шамасын эталондардан жұмысшы өлшем құралдарға  беру әдістерін өңдеу.  

Метрологияның үш бөлімнен тұрады:

  • Теориялық метрология. Жалпы теориялық мәселелерді қарастырады;
  • Қолданбалы метрология теориялық метрологияның жетістіктерін іс-тәжрибеде қолдану мәселелерді қарастырады.  Бұған метрологияның қамтамасыздандырудың мәселелеріне жатады;
  • Заңдық метрология – метрологияның уәкілетті  мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын  және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі.

Теориялық және қолданбалы метрологияның негізгі ұғымдарын қарастырайық:

Өлшеу деп арнайы техникалық құралдардың көмегімен тәжрибелік жолмен физикалық шаманың сандық мәнін анықтауды айтады.

Физикалық шама деп сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, сан жағынан әр объект үшін әр түрлі мәні бар қасиетті айтады. Демек, физикалық шама- физикалық объектілерді немесе үдерістерді зерттеуге көмектесетін олардың өлшенген қасиеттері.

Өлшем бірегейлігі(бірлігі) – нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай күйі . Өлшем бірегейлігі әр жерде әр түрлі уақытта түрлі өлшеу құралдары көмегімен орындалған өлшемдерді салыстыруға мумкіндік береді.

Физикалық шаманың (өлшем бірлігі) – 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген белгіленген мөлшердің физикалық шамасы . Сонымен, өлшем жасағанда физикалық шаманың размерін физикалық шаманың бірлігімен салыстырады.

Өлшемнің дәлдігі – деп өлшенетін шаманың мәні оның шын мәніне немесе қателігі нөлге жуық болуын айтады. Өлшемнің дәлдігімен қатар өлшем сапасының тағыда бірнеше сипаттамалары бар:

Өлшемнің дұрыстығы – деп өлшем нәтижесінің жуйелі қателігінің нөлге жуық болуын айтады;

Өлшемнің сенімділігі(анықтығы) – өлшем нәтижелерінің шын мәні белгілі аралықта жататындығын көрсететін ықтималдылықпен сипатталады;  

Өлшемнің үйлесімділігі (ұқсастығы, бірдейлігі) – деп бірдей әдістемемен және өлшеу құралдарымен бірдей жағдайда орындалған өлшем нәтижелерінің бір-біріне жақындығын айтады;

Өлшем қайталанымдылығы – белгілі бір шаманы әр уақытта , әртүрлі әдіспен және құралмен , бірақ бірдей жағдайға келтіріп өлшенген нәтижелерінің бір-біріне жақындығын сипаттайды.  

                            2- Дәріс.  

           Шама бірліктер жуйесі.  

Физикалық шаманың размері және размерлігі . Егер ФШ белгілі бір объектідегі сандық мөлшерін көрсету қажет болатын болса, онда «размер» дейтін термин қолданылады . Ф.Ш мәні деп  осы ФШ размерін қабылданған бірліктермен көрсетуін айтады. ФШ-размері – шаманың нақты ,объективті мөлшері ,ал шаманың сандық мәні шама бірлігінің түріне байланысты өзгеріп отыратын дерексіз сан.

...

Скачать:   txt (16.2 Kb)   pdf (119.4 Kb)   docx (557.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club