Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Машина компрессорлық

Автор:   •  Апрель 1, 2019  •  Реферат  •  1,796 Слов (8 Страниц)  •  945 Просмотры

Страница 1 из 8

Газды сығу немесе айдау үшін қолданылатын машина компрессорлық машина деп аталады.

Компрессорлық машинада құрылған соңғы қысымның р2 газ сорылған кездегі бастапқы қысымға р1 қатынасы сығылу дәрежесі деп аталады.

Компрессорлық машиналарды сығу дәрежесіне қарай мынадай типтерге бөледі:

  1. Желдеткіш () – ауқымды газ көлемін айдау үшін;[pic 1]
  2. Газ үрлегіш 1,1() – газ өткізгіш жүйенің кедергісі салыстырмалы түрде жоғары  болғандағы газды айдау үшін;[pic 2][pic 3]
  3. Комперссорлар () – жоғары қысым туындату үшін; [pic 4]
  4. Вакуум-сорғылар – қысым атмосфералықтан төмен болғанда газды сору үшін.

Жұмыс істеу принциптеріне қарай компрессорлық машиналар поршеньді, ротациялы, центрден тепкіш және осьтік деп бөлінеді.

Поршеньді машиналарда газды сығу – поршеньнің қайтымды-ілгерілемелі қозғалысы кезінде ұсталып тұрған газ көлемінің кемуі есебінен іске асады.

Ротациялық машиналардағы газдың сығылуы – эксцентрлі орналасқан ротордың қозғалысы кезінде ұсталып тұрған газ көлемінің кемуі есебінен жүзеге асады.

Центрден тепкіш машиналарда газ ағынына жұмыстық дөңгелектің қалақшасына күшпен энергия беріледі де, нәтижесінде газдың кинетикалық энергиясының артуы немесе сығылуы орын алады. Бұл энергия машинаның қозғалмайтын бөліктерінде қысымға айналады.

Осьтік машинада газ өзі бағытталған аппарат пен жұмыстық дөңгелектің осі бойымен қозғалысы барысында сығылады.

Вакуум-сорғыш ретінде кез-келген компрессорлық машина  қолданыла алады. Олардың басқа типтегі компрессорлық машинадан негізгі  айырмашылығы – мұнда атмосфералықтан біршама төмен қысымда сору, ал атмосфералықтан біраз артық қысымда айдау жүзеге асады.

Поршеньді компрессорлар

Жұмыс істеу принципі. Поршеньді компрессорда газды сығу – поршеньнің қайтымды-ілгерілемелі қозғалысы  есебінен іске асады. Ол –сақиналы  нығыздағышы 3 бар  поршень 2 қозғалатын   цилиндрдан 1 (1-сурет) тұрады. Поршень қосиінді-шатунды механизмімен қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс жасайды. Цилиндр әрқайсысында екі клапан қорабы бар қақпақтармен герметикалық жабылған. Поршень оңнан солға қарай қозғалғанда оның артындағы кеңістікте газ сиреп, оның әсерінен сорғыш клапан 4 ашылады да, газ компрессордың цилиндріне труба 5 арқылы  сорылады; бұл мезетте айдағыш клапан 6 жабық болады.

[pic 5]

1-сурет. Поршеньді компрессор

1-цилиндр; 2-поршень; 3-поршеньді сақина; 4,9- соратын клапандар ;

5-соратын труба; 6,7-

Осы кезде цилиндрде поршеньнің алдыңғы жағындағы газ барынша сығылып, оның қысымы сорғыш клапанның 7 кедергісін жеңетіндей дәрежеге жетеді. Содан 7 клапан ашылып, поршеньнің  әрі қарайғы қозғалысында сығылған газ сорғыш трубаға 8 енгізіледі; бұл уақытта оның қысымы шамамен тұрақты болып қалады.

Поршеньнің солдан оңға қарай кері қайтуы кезінде 4 және 7 клапандар жабылып, ал  9 клапан газдың сиреуі әсерінен ашылады; бұдан кейін 6 клапан жабылады. Әрі қарай процесс дәл осылай, поршеньнің оңнан солға қарай қозғалысы тәрізді қайталана береді.

Поршеньді комперссорлардың конструкциясы (құрылымы)

Машинадағы жұмыстық процессті сипаттайтын сатысы бойынша бірсатылы (сығу дәрежесі р21=2÷8), екісатылы (р21=8÷50) және көпсатылы (р21=50÷1000) деп бөледі.

Бірсатылы комрпессорлар. Бұлар салыстырмалы түрде төмен қысымда (5-7 ат) үлкен көлемдегі ауа не газды бұру үшін пайдаланылады. Құрылымына қарай олар цилиндрі тік не көлденең орналасқан,  қос не дара қозғалысты компрессорлар болады.

10-нан 60 м3/мин дейін айналым беру үшін дара қозғалысты көлденең компрессор, ал 60-100 м3/мин қосақталған көлденең компрессорлар қолданылады.

...

Скачать:   txt (25.3 Kb)   pdf (182.2 Kb)   docx (586.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club