Апатит тобы
Автор: zhan000 • Март 17, 2019 • Реферат • 1,770 Слов (8 Страниц) • 573 Просмотры
Апатит тобы
Апатит тобы A2 [XO4 ]3 Z типті қосылыстардан тұрады, мұнда катиондар рөлін Ca2+, Pb2+ жəне бірқатар изоморфтық қоспаларында кейде TR3+, Y3+, Mn2+ жəне Sr2+ атқарады, ал қосымша аниондар ретінде F1-, Cl1-, [OH]1-, O2- [CO3 ]2- болады. Бұл топтың тамаша ерекшелігіне комплексті [PO4 ]3- анионы жартылай əлсіздеу [SiO4 ]4- анионымен, бірақ күштілеу [SO4 ] 2- анионымен комбинацияда (егер мұнда катиондардағы валенттілік өзгеріске түспейтін болса) жартылай алмаса алуы жатады.
ФТОР- жəне ХЛОРАПАТИТ – Ca5 [PO4 ]3 F жəне Ca5 [PO4 ]3 Cl. Грекше апатио – алдаймын деген сөзден шыққан. Бұрынғы кезде оны призмалық немесе сырықша келбетті басқа минералдар (берилл, диопсид, турмалин жəне басқа) ретінде жиі шатасып қабылдаған.
Химиялық құрамы. Фторапатит үшін: CaO-55,5%; P2 O5 -42,3%; F-3,8%. Хлорапатит үшін: CaO-53,8%; P2 O5 -41%; Cl-6,8%. Көбірек таралғаны - фторапатит. Көбінесе, F-мен қатар əдетте, шамалы мөлшерде Cl, OH жəне CO3 (карбонат-апатит) болады. CaO-ға изоморфтық қоспаларға кейде Na2 O, сирекжерлер, негізінен Ce2 O3 (5%-ке дейін), MgO (бірнеше %) болады; мардымсыз мөлшерде Fe2 O3 , Al2 O3 жəне басқалар кездеседі.
Сингониясы гексагондық; симметрия түрі дипирамидалық L6 PC. Кеңістіктік тобы P63 /m(C2 6h). Фторапатит үшін: a0 =9,36 c0 =6,88. Хлорапатит үшін: a0 =9,52; c0 =6,85.
Кристалдық құрылымы. Элементар ұяшық (0001) жазықтығындағы проекциясында ромб түрінде болады (256-сурет), оның төбелерінде фтор иондары орналасады. Кальций иондары Н. В. Белов бойынша, тригондық призма ішінде отырып, с осі бойында бағана жасайды (257-сурет). Бұл бағаналар екі сортты: 1) құрылысы бойынша күрделілеу жəне берілген қабатта үш призмадан тұрып, олардың бағдарлануын əр қабатта алтылық осі төңірегінде өзгертеді, осыған байланысты құрылымдық мотив тұтастай гексагондық келбетке ие болады (256-суреттің оң жағында); 2) қарапайым жəне жекелеген үш жақты призмалардан тұрады (257-суретте). Осы бағаналардың барлығы өзара PO4 тетраэдрлерімен байланысып, тік бағытта бос октаэдрлермен кезектеседі. Фтор аниондары тригондық призмалардың екі қабатының центрінде орналасады. Карбонат-апатитке қатысты айтсақ, Н.В. Беловтың түсінігі бойынша, мұнда [PO4 ] радикалының [CO3 F] радикалына жартылай алмасуы орын алады. Апатиттің бұл түрлесінде фтордың мөлшері жоғары болатыны осымен түсіндіріледі.
Агрегаттары. Түйірлі, тығыз, майда кристалды, кейде көлденең желішікті жəне жер тəрізді массаларда кең таралған. Шөгінді таужыныстарда апатиттің түрлі конкреция пішінді шоғырлары кең таралған, əдетте, олардың құрамында бөтен минералдар (кварц, глауконит, кальцит жəне басқа) түйіршіктері көптеп кездеседі. Бұл шоғырлар фосфорит деген жалпы атауға ие. Сондай-ақ жануарлар сүйегі жəне ағаш сынықтары бойынша псевдоморфозалары кездеседі. Оларда құрылысының микроскоп астында анықталатын барлық детальдары көбінесе, сақталады.
Түсі. Апатит түссіз (мөлдір), ақ, көбінесе, солғын-жасылдан изумруд (зүмрат) жасылға дейін, көгілдір, сары, қошқыл, күлгін, қызғылттан қоңыр-қызылға дейін болады.
Жылтырлығы шыныша, омырылымының бетінде майша. Таза фторапатит үшін: Nm=1,633; Np=1,629.
Қаттылығы 5. Морт. Омырылымы бейтегіс, кейде ұлуша. Жіктілігі {0001} бойынша жетілмеген.
Меншікті салмағы 3,18-3,21. Д
иагноздаушы белгілері. Апатит кристалдарына алты қырлы призмалық келбет тəн. Өзіне ұқсас берилл жəне аквамарин кристалдарынан төмендеу қаттылығымен ажыратылады. HNO3 , HCl жəне H2 SO4 қышқылдарында ериді. Азотқышқылды ерітінді молибден қышқылды аммониймен фосфорға реакция береді.
Жаралуы жəне кенорындары. Ең соңғы магмалық минералдардың бірі ретінде микроскоптық түйірлер түрінде көптеген интрузиялық сілтілі таужыныстар арасында (нефелинді сиенитте) болады. Апатит оларды кейде тұтас түйірлі массалар пішінінде силикаттармен (нефелин, титанит, эгирин, кейде циркон жəне басқа) бірлестікте кездеседі. Мысалы, Кола түбегіндегі қоры бойынша бірегей Хибиногорск кенорны сондай.
Апатит Ковдар массиві карбонатиттерінде болады, ол мұнда форстеритпен, диопсидпен, магнетитпен жəне флогопитпен бірлеседі.
...