Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Физика есептерін шешу әдістері

Автор:   •  Октябрь 18, 2023  •  Реферат  •  2,337 Слов (10 Страниц)  •  109 Просмотры

Страница 1 из 10

БАҒДАРЛАМА

элективті

гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары

мектеп және оқушы компоненттерінің курстары

 «Физика есептерін шешу әдістері» 

10-сынып оқушыларына арналған

аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

Дарменбекова Гулмира Исагалиевна

№173 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі

Пікір жазған: Тезекеев С.М., Абай атындағы Қазақ Ұлтттық Университетінің математика, физика және информатика институты физика кафедрасының аға оқытушысы 

Түсініктеме хат

                         

         «Физика есептерін шешу әдістері» атты таңдау пәні жаңартылған бағдарламаға сай құрастырылған. Физика пәнін оқытудың ерекшеліктерінен шыға отырып, оқу бағдарламасында қамтылатын тақырыптар мен заңдылықтарды толық қамтып, есептерді дұрыс шешудің оңтайлы әдістері таңдайды .

Осы ретте пәннің мақсаттары мен мазмұны толық сақталып, әдістемелік зерттеулер мен оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін басшылыққа ала отырып, элективті оқу бағдарламасы мазмұнында толыққанды пайдаланылған. Физиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушылардың физика негіздері туралы жүйелі білімдер беріп, оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Аталған элективті оқу бағдарламасы арқылы білім алу нәтижесінде оқушылардың білімдері дамып, алынған білімдерін күнделікті тәжірибеде терең қолдана алады. Сонымен қатар «Физика есептерін шешу әдістері» оқушының логикалық ойлауын, сапалы әрі бәсекеге қабілетті білім негіздерін, өз ойын дәл және анық тұжырымдай білу мәселелері де маңызды міндеттер болып табылады. Оқу материалының түсінікті әрі сыныптағы жоспар бойынша жүретін жаңа мәліметтерді толық игеруге септігін тигізеді. Физика бойынша білімдерін арттырып, физикаға деген қызығушылығын оятады.

Бағдарлама 34 сағат, аптасына 1 сағат көлемінде жасалды. Бағдарлама оқушыларға ғылыми жұмыстар жүргізуге, пәнді толық меңгеруге, олардың кәсіби мамандық даярлауға бағытталып ұсынылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты алған білімін өмірде қолдана алу.

Курстың мақсаты:

  • Физикалық есептерді шешуде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, олардың өзін-өзі жетілдірудегі шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру болып табылады;
  • Жоспар бойынша физика сабақтарында алынған білімдерін жетілдіру және физика есептерін шешуге тиімді әдістерді үйрету;
  • Оқушылардың физикалық есептерді шешуде әдістер мен тәсілдер, шешу жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • ҰБТ-дағы берілген тапсырмаларды орындауда оқушыларға қиындықты жеңу үшін көмектесу, математикадан білімін тереңдету;
  • Физика бойынша электитві оқу бағдарламасы арқылы табиғи құбылыстар, заттардың қасиеті, есептерді шешу жолдары, физикаға қатысты тың мәліметтерді өздігінше іздеу, өзін-өзі жетілдіру құзіреттіліктерін қалыптастыру;

Курстың міндеті: 

  • Оқушының білім деңгейін арттыра отырып, білімін тереңдету мен жүйелеу;
  • Физикалық есептерді шешудің жалпы алгоритмін меңгеру;
  • Оқушылардың физикалық есептерді шешудің негізгі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
  • Оқушыны олимпиадаға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасау;

Бағдарламаның өзектілігі,  күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар есептерді шешу стратегиясын құра алады;
  • Берілген есептерді жіктей алады;
  • Есептерде берілген тапсырмаларды терең ұғына алады;
  •  Физикалық есептерге берілген барлық тапсырмаларды ұғынады;
  • Есепті шешудің ең дұрыс әрі тиімді жолдарын біледі;
  • Есепті шешуге саналы түрде батыл бара алады;

Курстың практикалық маңыздылығы: 

 «Физика есептерін шешу әдістері» атты таңдау бағдарламасы арқылы алынған теориялық және тәжірибелік білімін, дағдыларын оқушылар өмірде белсенді қолдана білу.

...

Скачать:   txt (37.6 Kb)   pdf (159.2 Kb)   docx (220.5 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club