Температураны өлшеу каналының қосынды қателіген имитациялық модельдеу
Автор: eseke • Март 4, 2023 • Лабораторная работа • 1,374 Слов (6 Страниц) • 179 Просмотры
«Ғ.ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
№ 3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару
Мамандығы: 6В07108-«Автоматтандыру және басқару»
Тақырыбы: Температураны өлшеу каналының қосынды қателіген имитациялық модельдеу
Орындаған: Ниязбаев Лукпан
Тобы: АУк-21-6
Нұсқа: 10
Тексерген: аға оқытушы Тлеубаева Ж.С.
̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ « ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ » ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ 2021 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2023
3 Зертханалық жұмыс №3. Температураны өлшеу каналының қосынды қателіген имитациялық модельдеу
Жұмыс мақсаты: температураны өлшеу каналының әртүрлі сұлбаларын құрастыруды және өлшеу каналының (ӨК) қосынды қателігін бағалауды үйрену.
3.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма Келесідей тапсырмаларды орындаңыз:
- берілген тапсырма бойынша виртуалды зертханалық жұмыстың экранында температураны өлшеу каналының сұлбасын құру;
- осы өлшеу каналының көмегімен берілген кірістегі шаманы өлшеудің имитациялық тәжірибелерін өткізу:
- имитациялық тәжірибе нәтижелерін статистикалық өңдеуін орындау;
- температураны өлшеу каналының қосынды қателігін бағалау.
3.2 Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі
3.2.1 Оқытушыдан зертханалық жұмысты орындаудың нұсқасын алып, жүйеде тіркелу:
- зертханалық жұмыстың берілген нұсқасын енгізіңіз;
- «Далее» батырмасын басыңыз.
[pic 1]
1.1 – сурет. – Өз нұсқамды толтыру сәті.
3.2.2 Пайда болған зертханалық стендтің терезесінде тапсырманы ұқыпты оқыңыз (3.1 сурет).
Берілген температураны өлшеу үшін өлшеу каналының сұлбасын жинаңыз, ол үшін:
- бірінші ретті түрлендіргішті таңдау үшін «Первичный преобразователь» бетін ашыңыз;
- ұсынылған аспаптар тізімінен бірінші ретті түрлендіргіштің түрін – термопараны немесе термокедергіні таңдаңыз; таңдау барысында 3.3 т. келтірілген кепілдемелерді қолданыңыз;
- осы бірінші ретті түрлендіргіштің белгілі маркасын таңдау үшін бірінші ретті түрлендіргіштің таңдалынған типінің қасындағы «+» басыңыз. Датчик моделін таңдағанда «Первичный преобразователь» бетінде автоматты түрде пайда болатын осы аспаптың техникалық сипатамаларын нұсқау етіп қолданыңыз;
- датчик моделін таңдаған соң ол автоматты түрде зертханалық стендінің сұлбасына орнатылады (терезенің сол жағында);
- екінші ретті аспапты таңдау үшін «Вторичный прибор» бетін ашыңыз (3.2 сурет);
[pic 2]
[pic 3]
3.1 сурет – Бірінші ретті түрлендіргішті таңдау терезесі
- ұсынылған аспаптар тізімінен (милливольтметрлер, потенциометрлер, көпірлер және логометрлер) 3.3 т. кепілдемелерін қолданып екінші ретті аспаптың типін таңдаңыз;
- осы екінші ретті түрлендіргіштің белгілі моделін таңдау үшін екінші ретті түрлендіргіштің таңдалынған типінің қасындағы «+» басыңыз. Аспап моделін таңдағанда аспаптың беттік панелінде келтірілген осы аспаптың техникалық сипатамаларын (өлшеу диапазоны, дәлдік класы, шкаласын бөліктендіру) нұсқау етіп қолданыңыз;
- екінші ретті аспаптың моделін таңдап, зертханалық стендтің өлшеу каналының сұлбасына осы аспапты орнату үшін «Установить» батырмасын басыңыз;
- өлшеу каналының сұлбасын жинау аяқталды. Егер де сұлба дұрыс жиналған болса, «Схема собрана правильно» хабарламаның қасында жасыл лампа жанады; кері жағдайда «Схема собрана неправильно» хабарламаның қасында қызыл лампа жанады, бұл кезде сұлба дұрыс жиналғанша 3.2.2 т. қайталау керек;
3.2.3 Өлшеу каналдың сұлбасы дұрыс жиналғаннан кейін ғана имитациялық тәжірибелерді орындауын бастауға болады, ол үшін «Имитационный эксперимент» бетін ашу керек (3.3 сурет).
...