Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Механикалық күштер, олардың түрлері, теңдеулері және оларды техникада қолдану

Автор:   •  Ноябрь 10, 2023  •  Контрольная работа  •  2,200 Слов (9 Страниц)  •  278 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазакстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Коммерциялык емес акционерлік коғамы

«ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Физика және электротехника кафедрасы

СӨЖ №1

Пәннің атауы: «Физика»

Білім беру бағдарламасы: 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер»

Тобы: ИСк-22-4

Орындаған: Қали Дінмұхаммед

Қабылдаған: Чныбаева Д.М.

Алматы, 2023

Жоспар:

  1. Кіріспе

  1. Негізгі бөлім
  1. Механикалық күштер, олардың түрлері, теңдеулері және оларды техникада қолдану.
  2. Идеал және нақты газ теңдеуі. Идеал газ теңдеуін изопроцестерге қолдану. Изопроцестер теңдеуі және сызбалары.
  3. Электр сыйымдылығы. Конденсаторлар. Сфералық, цилиндрлік және жазық конденсаторлар сыйымдылықтары.

  1. Қорытынды
  1. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Механика – материя қозғалыстың ең қарапайым формасын, яғни денелердің немесе олардың жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын зерттейтін ғылым. Динамикада Ньютонның үш заңы негізгі заңдар болып алынады. Динамиканың негізіне ағылшынның ұлы физигі Иссак Ньютон 1687 жылы жарық көрген «Натурал философияның математикалық бастамалары» деген еңбегінде тұжырымдаған денелер қозғалысының заңдары жатады. Механикадағы күштерге ауырлық, үйкеліс, серпімділік, тіректің реакция күші және тағы басқа күштер жатады.

Идеал газ - молекулалар арасындағы өзара әсерлесу ескерілмейтін газдың физикалық моделі. Идеал газдың жайын МКТ  тұрғысынан үш макроскопиялық шамалардың (P,V,T) арасындағы байланысты қарастыратын теңдеу - идеал газ күйінің теңдеуі деп аталады.

Диэлектриктердің сыртқы өрістерін кемітетін қасиетін конденсаторларды қолданады. Электр зарядын жинақтайтын аспаптарды конденсаторлар деп атайды. Қарапайым конденсатор диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш пластинадан құралады. Конденсаторлар сфералық, цилиндрлік және жазық конденсаторлар болып үшке бөлінеді.

Негізгі бөлім

  1. Механикалық күштер, олардың түрлері, теңдеулері және оларды техникада қолдану

Механика – материя қозғалысының ең қарапайым формасын, яғни денелердің немесе олардың жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын зерттейтін ғылым.  Ал механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі динамика деп аталды. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары. 

Күш – бір дененің екінші бір денеге әсері және өлшем бірлігі Ньютон (Н). Күштің шамасын динамометр деп аталатын құралдың көмегімен өлшейді. 
Ньютон ( 3 заңы) және бүкіләлемдік тартылыс заңдарын тұжырымдамалары мен өрнектері.
Ньютонның бірінші заңы(инерция заңы)
«Егер денеге басқа денелер әсер етпесе немесе олардың әсерлері бір-бірімен теңестірілісе, онда дене тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалыс күйін сақтайды». Сыртқы әсер болмағанда дененің жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. Біздің дәуірімізге дейін 4-ғасырдан бастап, жиырма ғасырға созылған уақыт бойы гректің ұлы ойшылы Аристотельдің және оның жолын қуушылардың идеясы үстемдік етті. Олардың көзқарасы бойынша дене тұрақты жылдамдықпен қозғалу үшін, оған үнемі басқа дене әрекет ету керек деп есептеді: дененің табиғи күйі тыныштық деп саналды. Алғаш рет итальян ғалымы Галилео Галилей (1564-1642) ғасырлар бойы қалыптасқан бұл қағидадан бас тартты. Ол өзінің жүргізген тәжірибелері негізінде Аристотельмен оның жолын қуушылар ілімінің жалған екендігін дәлелдей білді. Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, немесе түзу сызықты және бір қалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл қарапайым инерция заңы. И. Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.
Ньютонның екінші заңы
Ньтонның екінші заңының тұжырымдамасы: Денеде үдеуі оған әрекет ететін күшке тура пропорционал және дененің  массасына кері пропорционал. Ньютонның екінші заңының формуласы:

...

Скачать:   txt (31.5 Kb)   pdf (316.3 Kb)   docx (210.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club