Заттардың жануы және өртену қасиеттер
Автор: Aruna Amirtai • Июль 31, 2022 • Лекция • 1,605 Слов (7 Страниц) • 326 Просмотры
Заттардың жануы және өртену қасиеттері. Жану деп жылу мен жарық ағынының бөлінуіндегі химиялық реакцияны айтамыз. Жанудың пайда болуы мен жалғасуы химиялық реакцияны тудыратын жанғыш материалдарға, қышқылдар мен жылу импульсіне байланысты.
Жанудың келесідей түрлері айрықшаланады: жарқыл, тұтану, өздігінен тұтану, өздігінен жану.
Жарқыл деп ауа мен жанғыш булар немесе газдардың қоспаларының кенеттен жылу импульсінің әсерінен (от, ұшқын, қыздырылған дене) жануды айтады.
Ауа мен жанғыш сұйықтықтар буларының қоспасының жарқыл шығатын температураның ең кіші мәнін жарқыл температурасы деп аталады. Жанғыш сұйықтықтардың өрт қауіптілігінің дәрежесі олардың жарқыл температурасымен анықталады. Осыған сәйкес жанғыш сұйықтықтар келесі класстарға бөлінеді:
Алғашқы екі класстарға жататын сұйықтықтар оңай тұтанғыш (ОТС), ол басқа екеуін жанғыштар (ЖС) деп аталады. ОТС-ға: бензин, (44-тен 170С-қа дейін), бензол (-120С), метил спирті (80С), этил спирті (130С), тракторлық керосин (4-тен 80С-ға дейін) және басқалары жатады. ЖС-ға ағартқыш керосин (48-ден 580С-ға дейін), возелин майы (1350С), трансформатор майы (1600С), машина майы (1700С) және басқалары қатысты.
Класс | Жарқыл температурасы, 0С |
І.. | 28 төмен |
ІІ. | 28-45 |
ІІІ. | 46-120 |
ІҮ.. | 120 жоғары |
Жанғыш газдар қоршаған ортаның кез-келген температурасында жарылысқа қауіпті.
Тұтану деп жылулық импульстің әсерінен жанатын сұйықтықтардың булары мен газдарының, өздігінен тұтану деп ашық өртпен жанасусыз-ақ белгілі бір температураға дейін қыздырылған қатты, сұйық және газ тәріздес заттардың тұтану процесін айтамыз. Жанғыш заттардың өздігінен тұтануының ең кіші температурасын өздігінен тұтану температурасы деп атаймыз.
Өздігінен жану деп сыртқы көздердің жылуынсыз қатты және ұнтақты материалдардың тотығуының әсерінен шығатын өртену процесін айтамыз. Өздігінен жану қабілеті болатындар: тас көмір, сульфидті кендер, ағаш, торф, үйкелгіш заттар. Өздігінен тұтану алдын-ала жанғыш затқа тотықтыру үшін ауаның жеткілікті ағынынан және сол жағдайда жылудың кетуінің жеткіліксіздігінен болатын төмен температуралы тотығу мен өздігінен қызу нәтижесінен болады.
Әртүрлі өндірістегі өрт қаупінің деңгейі.
Құрылыс конструкциялары мен материалдардың өртке төзімділігі мен өртенгіштігі. Әр өндірісте қолданылатын материалдардың қасиеттері мен технологиялық процесстерінің сипатынан тәуелді белгілі бір өрт қауіптілігінің деңгейі болады. Өндірістің өрт қауіптілігін ескере отырып кәсіпорындық ғимараттың түрі таңдалады; әртүрлі кәсіпорындық конструкцияларды, электрлік және өртке қарсы құрылғылар қолданады, цехтардың өзара орналасуы, олардың қабаттылығын және ауданын, вентиляциялы қондырғыларын және басқаларын да жоспарлайды. Өрт қауіптілігінің деңгейі бойынша барлық өндірістер бес категорияға бөлінеді – А, Б, В, Г және Д.
Ғимарат пен құрылымның өртке төзімділігі деп олардың өрт жағдайындағы жоғарғы температураға төзімділігін сақтайтын қабілетін айтамыз. Өртке төзімділік ғимарат салынған материалдар мен құрылыс конструкциялардың жану топтарының қайсысына жататындығынан тәуелді: жанатын, аз жанатын немесе жанбайтын.
Жану топтары мен конструкциялық элементтердің өртке төзімділігінен тәуелді барлық ғимараттар мен құрамдар бес өртке төзімділік деңгейіне бөлінеді:
І, ІІ, ІІІ, ІҮ және Ү.
Геология-барлау жұмыстары кезінде өрт қауіпсціздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі шаралар. Өндірістік ғимараттар мен құрылымдардың өртке қарсы қорғанысы оларды жоспарлау кезінен бастап қарастырылады және өртке төзімді құрылыс конструкцияларды таңдау, өртке қарсы бөгеттер құру, эвакуация жолдары мен өртке қарсы сумен қамтамасыз етуді жоспарлауда, өрт сөндіру жұмысының жүйесін таңдау сияқты белгілі жоспарлаушы шешімдерден тұрады.
...