Қоректік заттардың сіңірілуі және метаболизмі (норма)
Автор: Beksultan0440 • Февраль 14, 2022 • Доклад • 989 Слов (4 Страниц) • 349 Просмотры
КЕЙС
Гистология
Орындаған:Бакір Ерсұлтан Нурманұлы
Қабылдаған:Оразакиева Талшын Тургановна
Топ:ЖМ-20-18-2K
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВАТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
«Қоректік заттардың сіңірілуі және метаболизмі (норма)» -модулі бойынша кейс
Биохимия, қалыпты физиология, анатомия, гистология, қоғамдық денсаулық сақтау кафедралары
Кейс: Менде қатерлі ісік бар деп ойладым!
[pic 1]
1942 жылы туған, отбасында үшінші бала, ерекшеліктерсіз өсіп, құрдастарынан артта қалмады. Білімі жоғары (инженер). Ол 24 жасынан бастап Мәскеуде ғылыми-зерттеу институтында зертханашы болып жұмыс істей бастады. 26 жасында институтты бітіріп, зейнет жасына дейін инженер болып жұмыс істеді. Еңбек жағдайлары мен режимі қанағаттанарлық. Кәсіби зияндылықтың белгілері жоқ.
Экологиялық апат аймақтарында болғанын жоққа шығарады. Тамақтану тәртібін сақтамайды, жоғары калориялы майлы тағамдарды тұтынуы тұрақты емес. Темекі шегуді, есірткіні, алкогольді тұтынуды жоққа шығарады. Балалық шақта қызылша, қызамық, скарлатин, дифтерия, жедел респираторлық инфекциялар, тұмаумен ауырған.
Венерологиялық аурулар, туберкулез, гепатит ауруларын жоққа шығарды. Қан бұрын құйылмаған. Анасы 71 жасында жедел бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Әкесі 1942 жылы майданда қайтыс болды. Тұқым қуалаушылық ауырулары жоқ.
Ол 2 қазаннан бастап өзін нашар сезінген соң науқаспын деп санайды. Әлсіздік, жүрек айну, ауызы құрғайды. Келесі күні емханаға қаралған соң, іш қуысын тексеру барысында өт қабында тастар анықталды.
2000 жылдың ақпан айында науқас алғаш рет оң жақ қабырға астында өткір, қарқынды ауырсыну пайда болып, белге дейін таралғанын байқап өзінде қатерлі ісік бар деп ойлады. Ауырсыну ұзақтығы 20-25 минутқа созылды және өздігінен тоқтайды. Жүрек айну, құсу, дене қызуының жоғарлауы байқалмады. Науқас 2 күн үйде болды, өздігінен емделмей, келесі күні емханаға барды. Іш қуысы мүшелерін зерттеу кезінде патология анықталған жоқ. Дәрігер өт жолдарының патологиясы туралы болжам жасап, науқасқа антибиотик, эссенцеале фортемен емдеу тағайындады. Науқас бір ай бойы емделді, содан кейін жағдайы тұрақтанды.
5 қазан күні кешке тамақтанғаннан кейін кенеттен оң жақ қабырға астында өткір, қатты қарқынды ауырсыну пайда болып, белге дейін таралды. Жүрек айнуы, құсу, дене қызуы 37,5°С дейін жоғарылауы, ауыз қуысының құрғауы байқалды. 6 қазанда науқас оң жақ қабырға астында қатты ауырсынудың салдарынан ауруханаға түсті.
Тексеру кезінде терінің, тырнақтың, көрінетін шырышты цианозыбайқалды.Пигментация және депигментация жоқ. Бөртпелер, қан кетулер, трофикалық жаралар, көрінетін ісіктер жоқ.
Стационарға түскен сәтте жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
Санасы айқын,дене бітімі - гиперстеникалық тип(бойы 164 см, салмағы 95 кг). Тамақтанғаннан кейін 2 сағат өткен соң оң жақ қабырға астында қарқынды, ұзаққа созылған ауырсыну байқалып,белге дейін таралып, өздігінен тоқтайды.
Жүрек айну, ауыз қуысының құрғақтығына шағымданды.Қан аралас«кофе тәрізді» құсатынынайтты, нәжістің қара түсті болуына шағым жоқ. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған, қызғылт, ауыз қуысының шырышты қабаты сақталған, жаралар мен сызаттар жоқ.Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты, іш қабырғасының бұлшық еттерінің ауырсынуы байқалмайды. Іштің тікелей бұлшықеттерінде ажырауы жоқ.Пальпацияланған ісік тәрізді түзілімдер анықталған жоқ. Пальпация кезінде өт қабы күрт ауырады, сәл үлкейген, біршама тығыздалған. Тәбеті сақталған, нәжісі тұрақты емес, қоңыр түсті.
Диагноз қойылды..................................
Жалпы қан талдауы:
эритроциттер- 4,0 * 10 /л
гемоглобин- 140 г/л
түс көрсеткіші- 0,9
лейкоциттер- 9000/мкл
таяқша ядролы - 3 % (гранулоциттер)
сегменттіядролы- 55 %
эозинофилдер- 2 %
базофилдер- 0
лимфоциттер- 37 %
моноциттер- 5%
ЭТЖ (СОЭ)- 16 мм/ч
Жалпы зәр талдауы:
түсі — сабан сары
мөлдірлігі — бұлыңғыр
салыстырмалы тығыздығы- 1016
реакция — қышқыл
нәруыз — жоқ
эпителий — көру аймағында аз мөлшерде
глюкоза — жоқ
билирубин — жоқ
уробилин — жоқ
...