Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұялы байланыстың аналогтық және цифрлік жүйелеріндегі стандарттар

Автор:   •  Февраль 19, 2019  •  Реферат  •  4,562 Слов (19 Страниц)  •  1,831 Просмотры

Страница 1 из 19

3 Ұялы байланыстың аналогтық және цифрлік жүйелеріндегі стандарттар. GSM стандартындағы жылжымалы байланыстың ұялы жүйелері

GSM – Мобильдік байланыстың жаҺандық жүйесі

3.1 Цифрлік ұялы жылжымалы радио-желілер

Мобильдік радио-желісінде қызмет көрсететін ең кішкентай зоналар – соталар немесе ұяшықтар деп аталады. Ал ұяшықтардың толық құрастырылған жиынтығы ұялы мобильді радио-желіні құрайды (Сурет 24).

Базалық станциялар (BS) Мобильдік қызметтердің Коммутациялық Орталығына (MSC) қосылыс «жұлдыз конфигурациясын» құрайды (Сурет 25). Ал MSC бір-бірімен тығыз байланысқан және тұрақты желілерге шлюз ретінде қызмет жасап, желілерге жол ашады (мысалы, PSTN).

[pic 1]

Сурет 24 – Әрбір ұяшыққа Базалық Станция (BS) қызмет көрсетеді

Егер алғашқыда жалпы қолданыстағы телефондық желі пайдаланса және оның халықаралық белгіленуі PSTN (орыс тілінде – ТФОП) болса, онда Жаппай қолданыстағы ұялы радио-желінің атауы –– Жалпы Қолданыстағы Әлемдік Мобильді Желі пайдаланып, оның халықаралық белгіленуі PLMN қолданысқа енді.

GSM стандарты – Мобильді байланыстың жаһандық жүйесінің стандарты болып табылады. Бұл стандартты Телекоммуникациялық Стандарттардың Еуропалық Институтымен (ETSI) аралық келісім арқылы жасап, аяқталған соң ол қолданысқа кірді (Сурет 26).

ETSI ішінде арнайы жұмыс атқарушы топтары – Арнайы Мобильдік Топтар (SMG) – GSM стандартының қызметтеріне жауапты.

[pic 2]

Сурет 25 – Базалық станциялар (BS) және Мобильді қызметтердің Коммутациялық Орталығы (MSC)

[pic 3]

Сурет 26 – Мобильді байланыстың жаһандық жүйесінің GSM стандартын Телекоммуникациялық Стандарттардың Еуропалық Институты жасап, бекітті

[pic 4]

SMG қызметтерінің нәтижесінде мынадай 2 стандарт пайда болды:

[pic 5]

– Мобильдік байланыс 900 МГц жиіліктік жолағы үшін Мобильдік Байланыстың Жаһандық Жүйесі – GSM 900 және 1800 МГц жиіліктік жолағы үшін Цифрлік Ұялы Жүйесі – DCS 1800.

GSM 900 – цифрлік ұялы мобильдік радио желілерге стандарт (PLMN) цифрлік радио ауыстырумен жолақта 900 МГц, кең радио қамтуға арналған, тіпті ауылдық аумақтарды қамти алады, ең максималды ұяшық радиусы бар 35км.[pic 6]

DCS 1800 – радио-интерфейс үшін 1800 МГц жиіліктік жолағын пайдаланатын GSM стандартының бір нұсқасы болып табылады. Абоненттердің тығыздығы жоғары аумақтарды радиолық-қамту үшін DCS 1800 жобаланған.

DCS 1800 ішінде бір ұяшықтың радиусы 8 км дейін жетеді. Таратудың онша үлкен емес жылдамдығына лайықты, габариттері үлкен емес ыңғайлы қондырғыны қолдануға болады.

Бірдей стандарттардың негізінде жобаланған, бірнеше PLMN бір-біріне сәйкестендірілген. Сондықтан, мобильді абонент арнайы GSM/DCS жабдықтарын қолдана алады және басқа да сәйкестендірілген желілердегі қызметтерді қолдана алады. Мысалы: швейцариялық компания-операторының мобильді абоненті француз мобильді радио-желісін қолдана алады. Бұл Халықаралық роуминг деп аталады.

3.2 GSM/DCS-PLMN және PSTN арасындағы негізгі айырмашылықтар

Төменде GSM/DCS-PLMN және PSTN арасындағы негізгі айырмашылықтарын талдап, салыстыру мақсатымен, GSM/DCS мобильді радио-желісі мен телефон желісінің арасындағы негізгі айырмашылықтары келтірілген:

PSTN

GSM/DCS-PLMN

Терминалдың жабдықтары  белгіленген жолы арқылы коммутаторға жалғанған.

[pic 7]

Мобильді байланыстың абоненті желіге цифрлік радио-интерфейс арқылы қолжетімділік алады және, орналасуына қарай, оған әртүрлі базалық станциялар (BS) қызмет көрсетеді.

[pic 8]

Абонентті тек қана мынадай желі арқылы табуға болады.

[pic 9]

Мобильді абонент жеке чип-картасының көмегімен сәйкестенеді. Қоңырау шалу (шақырту) үшін абонент өз картасын GSM кез-келген жабдығына енгізілуі керек. Әрбір жеке шақырту алдымен тіркеледі, содан кейін, шақыртудың төлем-ақысы құрастырылғаннан кейін, абоненттің атына жазылады.

[pic 10]

...

Скачать:   txt (63.2 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (689.5 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club