Электронды тахеометр
Автор: sanzharkynuly • Февраль 20, 2024 • Реферат • 1,586 Слов (7 Страниц) • 185 Просмотры
Жоспар:
- Кіріспе
- Электронды тахеометр
- Электронды тахеометрдің құрылысы
- Тахеомтермен жұмыс істеу
- Тахеометр қателерін анықтау
- Қорытынды
Кіріспе
Ұзындықты құралдардың көмегімен өлшеуді «жанама өлшеу» - деп айтады. Қазір геодезиялық жұмыстарды орындауға арналған электронды аспаптар мен құралдар шықты. Ұзындықты лазерлік қашықтық өлшеуіштермен өлшейді. Мұндай құралдардың көмегімен геодезиялық жұмыстар өте жылдам, дәл орындалады, жұмыс саласы да өте жоғары.
Ұзындықты электронды аспаптардың көмегімен өлшеу физикадан белгілі D = vt / 2 формулаға негізделген:
мұндағы: v - электромагнитті толқынның тарау жылдамдығы;
t - толқынның өлшенетін аралыққа барып және қайтқан уақыты;
D - өлшенетін аралық.
Лазерлік қашықтық өлшеуіш «CONDTROL X1 Plus». Дүние жүзіндегі ең кішкентай қашықтық өлшеуіш. Кішкентайлығына қарамастан атқаратын арифметикалық міндеттері өте көп (Пифагордың міндеттері де бар). Ұзындықты өте дәл және жылдам өлшейді. Ауданды, көлемді есептейді. Нәтижелерді қосады, және алады. Дисплейі бар, түнде жарықтанады. Құрылыс алаңының шаңынан, лайынан, суынан қорықпайды. Атмосфералық кедергілерден қорғануы IP54 классты.[pic 1]
Негізгі сипаттамалары:
- өлшейтін ұзындығы - 5 см -40 м;
- өлшейтін дәлдігі - +- 3 мм;
- күш қоры - «ААА» типті екі батарейка
- жеке өлшеу уақыты - 5000 өлшеу;
- размерлері - 110×43×26 мм, салмағы 70 г.
Лазерлік қашықтық өлшеуіш «Leica Disto DS» мамандарға арналған. Көп міндет атқарады, ұзын қашықтықты өлшейді. Лазерлік сәулені кездеуге арналған цифрлы кездеуіші бар. 4 есе үлкейтетін камерасынан бейне сұйық кристалды 2,4* дисплейге шығады. Атқаратын арифметикалық міндеттері өте көп («Пифагордың», «трапецияның» міндеттері де бар). Ұзындықты өте дәл және жылдам өлшейді. Ауданды, көлемді есептейді. Еңіс бұрышты өлшейді. Нәтижелерді қосады, және алады. Дисплейі бар, түнде жарықтанады. Құрылыс алаңының шаңынан, лайынан, суынан қорықпайды. Атмосфералық кедергілерден қорғануы IP54 классты.[pic 2]
Негізгі сипаттамалары:
- өлшейтін ұзындығы - 5 см - 200 м;
- өлшейтін еңіс бұрышы - + 45°
- өлшейтін дәлдігі - + 1 мм;
- есіне сактайды - 20 өлшеуді;
- күш қоры - «ААА» типті екі батарейка
- жеке өлшеу уақыты - 5000 өлшеу;
размерлері - 143,5×55×30 мм, салмағы 195 г.
Электронды тахеометр
Даладағы геодезиялық жұмыстарды электрондық тахеометрлермен, нивелирлермен, GPS өлшеулерге арналған аспаптармен орындайды. ТМД елдерінде (Россия, Белоруссия, Украина) тахеометрдің төрт түрі шығарылады: электронды тахеометр , қос бейнелі тахеометр, номограммды тахеометр және ішкі базалы.
[pic 3]
Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап.Электронды тахеометр геодезиялық негіз тұрақтарын құру және тахеометриялық түсірістер жүргізуге арналған. Бұл электронды тахеометрлердің баска тахеометрлерден айырмашылығы мұнда кодтық теодолитпен жарық жылдамдығын пайдаланып, арақашықтық өлшегішті біріктіру негізіне құрылған. Тахеометрлер бұрышты код арқылы өлшейтін теодолиттен, арақашықтықты жарықтың көмегімен өлшейтін аспаптан және ЭВМ-нен жиналған. Кодпен жұмыс істейтін теодолит горизонталь жазықтықтағы, тік жазықтықтағы бұрыштарды өлшейді, арақашықтықты жарықтың көмегімен өлшейтін құрал арақашықтықты өлшейді, ал ЭВМ мәліметтерді есептейді - өңдейді, қателерді түзетеді, есептерді шешеді, аспаптың жұмысын басқарады, мәліметтерді жадында сақтайды. Осындай құралдың қатарына 3TasPM. Leica TS02 plus маркалы электрондық тахеометрлер, GPS 1200 және GPS System 500 және т. с. с. құралдар жатады.
...