Шпаргалка по "Технологии"
Автор: 8776015 • Май 14, 2021 • Шпаргалка • 6,997 Слов (28 Страниц) • 381 Просмотры
Билет №1
1.Құбыр басының қызметі және арналасуы
2.Фонтанды шырща қызметі және оның шектері
3.Фонтанды әдісті қай кезде қолданады
1 Құбыыр басы фонтанды құбырларды іліп орнату және сақиналы кеңістікті саңылаусыздандыру үшін орналған.
Құбыр басы құбыраралық кеңістікте сұйықтықтың және газдың өтуін қамтамасыз етіп ондағы қысымды бақылауға мүмкіндік береді.Фонтанды арматураның бір бөлігі және ол фонтанды шыршаның астында орналасады.
2 Фонтанды шырша-бұл ұңғыма құбырындағы ұңғыма сұйықтығының ағынын бақылау және реттеуге оны өндірістік құбырға бағыттауға арналған құбырларға орнатылған шыршаның бөлігі.Фонтанды ұңғыма жұмысын реттейді,бақылайды
Бөлшектері:ысырмалар
3 Фонтанды әдісті қабаттық энергия өнімді жер бетіне көтеруге жеткілікті болған жағдайда ғана пайдаланылады.Бұл кезде ұңғыма сағасы фонтанды арматурамен жабдықталады.Фонтанды арматура жұмысты көрсеткіштерді (қысым,шығын) реттеуді және қабаттық флюидтің(мұнай,газ,су,механикалық қоспалар) өндіріс жемісі не бағыттауды қамтамасыз етеді.
Фонтанды арматура сағаны саңылаусыздандыру,ұңғыманы пайдалану тәртібін бақылау мен реттеу үшін арналған.Фонтанды арматура құбырлық бас пен фонтанды шыршадан тұрады.
Жұмысшы қысымдар:7,14,21,35,70,105 МПа.
Билет 2
4)Ұңғыманы пайдалану жабдықтары?
Газ және мұнай ұңғымасын газлифтілі, фонтандық әдістері мен пайдалану кезінде, жер үстінде және жер астына-ұңғыма оқпанына тұсірілетін құрал-жабдықтар қолданылады. Бұл жабдықтардың мақсаты: бекітілген режимде, керекті шығынды өндіру; ұңғымада өткізілетін технологиялық үрдістерді, қоршаған аймақтың ластануын және ашық фонтандауын болдырмауын, қамтамасыз етуі қажет.
5)Сорапты-компрессорлы құбырлар?
Басқада тәсілдерде сияқты, пайдаланудың фонтанды әдіс кезінде де сүйық пен гады жер бетіне көтеру үрдісі диаметрі үлкен емес құбыр бойымен жүреді, олар ұңғымаға пайдаланудың алдында түсіріліп орнатылады. Бұл құбырларды сорапты-компрессорлы (СКҚ) деп атаймыз.
Стандарт бойынша сорапты-компрессорлық құбырлар (СКҚ) келесі сыртқы диаметрімен: 33, 42, 48, 60, 73, 89, 102 және 114 мм болып жасалынады, қабырғасының қалыңдығы 3,5-тен 8 мм дейін өзгереді. Бір түйір құбырдың ұзындығы орташа 8 м. болады.
Құбырлар тігіссіз (бесшовный) түрде, яғни біркелкі мықты маркалы болаттан созылып жасалады. Фонтанды әдістерде жиі қолданылатын (СКҚ) құбырлардың диаметрі 60, 73 және 89мм, ал шығымы үлкен ұңғымаларда - диаметрлері 102 және 114мм. Құбыр диаметрін ұңғыманың тереңдігіне, қабат қысымына, пайдалану шартына және қажетті шығымға байланысты тәжірибе арқылы тауып тағайындайды. Құбырлар пайдалану тізбегінің фильтріне дейін түсіріледі.
6)Үш жақты шырша туралы мәлімет беріңіз?
Құм болатын ұңғымаларда үш жақты (тройниковый) шырша қолданылады. Бұл шыршаның тік орналасқан оқпанының құрылысаны тройник кіреді. Оған желістерді қосып жалғайды – үстіңгісі бойымен ұңғыма жұмыс істейді, астыңғысы қосымша сақталған (резевный) болады (2.7 а- сурет).
[pic 1]
Cурет 2.7. Ұңғыма сағасының жабдықтары: а — тройник пішінді арматура: 1, 11 — фланецтер, 2, 9 — буферлер, 3 — вентиль, 4 — манометр,
5 – ысырма (задвижка), 6–крестовина, 7, 10–катушки, 8–тройник, 12–штуцер;
7. 4 жақты шырша туралы мәлімет беріңіз
Төртжақты арматура ұшжақтыға қарағанда төмен, бұл оның қызмет көрсетуін жеңілдетеді. Төртжақты арматураның кемшілігі болып, шығар жердегі бөлімі жұмыстан шықса, онда оқпанды тиек құрылғысын табамыз, осының артынша ұңғыманы жабамыз. Ұңғыманы зерттеу кезінде фонтанды елка басына лубрикатор (қысым теңгергіш құрылғы) орнатылады, ол бізге аспапті түсіруге қажет.Осыған байланысты төртжақты және үшжақты арматурада жоғарғы оқпан тиегі қарастырылған.
...