Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Технологии"

Автор:   •  Март 2, 2018  •  Шпаргалка  •  6,693 Слов (27 Страниц)  •  1,111 Просмотры

Страница 1 из 27

Күрделі деңгейлі емтихан сұрақтар

Көздің сәуле сындырғыш орталарынан сәуле қалай өтеді? Рефракция, аккомодация  құбылыстары,  олардың кемістіктері.

Аккомодация –– көздің әртүрлі қашықтықта орналастырылған заттарды көруге бейімделуі. Аккомодация кезiнде көз бұршағының қисықтығы өзгередi.Жақвн тұрған нәрселердi көргенде көз бұршағы дөңестенедi де, нүктеден шыққан сәулелер көз iшiнде көбiрек сынады. Сөйтiп торлы қабықта түйiседi.Аккомодация көз бұошағының дөңестiгiн өзгертетiн кiрпiкшелi бұлшықеттiң жиырылуымен байланысты. Кiрпiкшелi дене бiрiңғай салалы ет талшықтарынан тұрады.Ол жиырылғанда серпiмдi талшықтарды тарту үшiн босаңсиды . Сөйтип көз бұршағына қысым азаяды. Ол өзiнiң созылғыштық қасиетiнен дөңестеу пiшiндi қабылдайды. Жас ұлғайғанда көз бұршағының икедiлi жоғалады. Соның салдарынан серпiмдi сiңiрдiң созылуы босаңсығанда , дөңестiгi өзгермейдi.      Рефраксия- Көздің жарық сәулесін сындыруы.  Көз рефраксиясының кемістігі. Көздің жарық сәулесін сындыруының 2 түрлі кемістсгі бар: 1.Жақын жітілік- миопия.2.Алысжітілік –гиперметропия. 1.Егер көздiң бойлау бiлiгi аса ұзын болса,заттардың бейнесi торлы қабықтың алдында , молдiр шыны тәрiздес денеде пайда болады. Бұл жағдайда қосарланған сәулелер торлы қабыққа жетпей түседi. Алыстағы нәрселердi дұрыс көру үшiн ,екi жағы ойыс әйнек орналастыру керек. Сонда көз бұршағының сәуле күшiн сындыруы азаяды .2.Алыстан көргiш көздiң бойлау бiлiгi қысқа болғандықтан алыстағы заттардан шыққан қосарлас сәлелер торлы қабықтың артына жиналады да. Оның бетiне заттардың бейнелерi көмескi . Бұлдыр болып келедi. Алыстан көргiш адамдардың айқын көретiн нүктесi көзден қашықтау орналасады. Сондықтан жақындағы заттарды көру үшiн аккомодациялық күш салу жеткiлiксiз болады. Екi жағы дөңес шынысы бар көзiлдiрiк киюуi қажет .

 Жарықты, түсті қабылдаудың механизмін сипаттаңыз, олардың қарапайым бұзылыстары.

Көздiң торлы қабығында жарық түскенде оңып кететiн ,жарық сезгiш пигмент болады. Торлы қабықтағы таяқшаларда родопсин қызыл көру пигментi түзiледi. Сауытшаларда иодопсин түзiледi. Басқа сауытшаларда хлоролаб және эритролаб деген бояғыштар бар . Оның бiрiншiсi жасыл түске сәйкес . Екiшiсi қызыл түстi спектрдiң сәулелерiн сiңiредi . Родопсин А витаминiнiң альдегидi -ретинал ж/е опсин деген белоктардан тұрады. Көздi қараңғылағанда қанқызыл пигмент қалпына келедi яғни родопсин құрастырылады. Егер организмде А витаминi жетiспесе родопсин құрылуы бұзылады. Бұл ақшам соқыр ауруын туғызады. Яғни адам ымырт тускенде мулдем соқыр болып қалады. Көздiң торлы қабығындағы фотохимиялық әсерленiстер аса үнемдi түрде өтедi. Сауытшаларда қызыл басқаларында жасыл ,үшiншiсiнде -күлгiн түстi сезгiш заттар болады. Әрбiр түс осы сезгiш бөлшектердiң үшеуiменде . Бiрақ әртүрлi дәрежеде әрекеттеседi. Бұл қозулар көру нейрондарында жинақталады ж/е ми қыртысында жетiп ,алуан түстi түйсiк туғызады. Оппоненттiк теория бойынша ,торлы қабықтағы сауытшаларда жорамалданған үш жарық ,сезгiш заттары болады: ақ-қара қызыл-жасыл сары-көк. Жарық әсерiнен осы заттардың ыдырауы ақ,қызыл, сары түстердi түйсiндiредi. Басқа жарық сәулелерi осы жорамалданған заттарды түзедi.Соның салдарынан қара, жасыл,көк түстердi сезу туады. Кейбiр түстi айыра алмау кемiстiгiн -дальтонизм д.а.Протонопиямен зардап шегетiн адамдар қызыл түстi танымайды көк ,көкшiл түстi сәулелер оларға түссiз болып көрiнедi. Дейтеранопия -көк ,қошқфл қызыл жасыл түстердi айыра алмайды. Тританопия- көк күлгiн түстi танымайды. Ахромазия-түстi толық танымайды.

23. Фоторецепция механизмы (торлы қабаттадағы фотохимиялық процестер).

Көздің торлы қабығында, жарық түскенде оңып кететін, жарық сезгіш пигмент болады. Адамдар мен көптеген жануарлардың торлы қабығындағы таяқшаларда родопсин немесе қанқызыл  көру пигменті түзіледі. Оның қүрамы, қасиеті және химиялық өзгерістері толық зер-ттелген. Сауытшаларда йодопсин деген пигмент табылған. Одан ба-сқа сауытшаларда тағы хлоролаб және эритролаб деген бояғыштар бар. Оның біріншісі жасыл түске сәйкес, ал екіншісі қызыл түсті спектрдің сәулелерін сіңіреді. Басқа да пигменттер болуы ықтимал.

...

Скачать:   txt (101.7 Kb)   pdf (234.8 Kb)   docx (41.7 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club