Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Полиэтиленді пакет

Автор:   •  Ноябрь 8, 2021  •  Реферат  •  839 Слов (4 Страниц)  •  304 Просмотры

Страница 1 из 4

Полиэтиленді пакет

 

Полиэтиленді пакет- заттарды және материалдарды сақтауға және тасуға арналған полиэтиленнен жасалған қап.

Полиэтиленді пакет – «Қауіпті тегін шикізат».

Қазіргі таңда шикізат барлық жерде кездеседі: дүкен сөрелерінде, жол канавтарында, саябақтардың көлшіктерінде, өзіміздің үйде, сонымен қатар қоқыстардың арасында да кездеседі.

Статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық жағдайда тасталатын қоқыстың 7-9 % - полиэтиленді пакет болып табылады. Басқа да пластикалық бөтелке, қаптайтын пленкалармен қоса есептегенде ол шамамен 40 %-ы құрайды.

Сіз дүкеннен полиэтиленді пакет сатып алған кезде, сырт көзге Сіз өзіңіздің қоршаған ортаға, табиғатқа қандай зиян келтіріп жатқаныңызды ойламайсыз да!Ал оның зияны өте көп.

Кейбір дүкендер полиэтиленді пакеттердің құнын төлеуін сұрап жатқанда таңдануымыз да ғажап емес!

Ақысыз полиэтиленді пакеттерге үйреніп қалғандықтан, олар үшін аз деген сомманы да төлеу бізге жат нәрсе болып табылады. Біз үшін өзіміз үйреніп қалған полиэтиленді пакеттер қандай да бір затты тасымалдауда ең қолайлысы болып келеді. Қысқаша айтқанда, пайдаландың да, қоқысқа тастай салдың, немесе ЖЕРГЕ!

Біз барлығымыз да теңіз жағасында демалғанды жақсы көреміз. Алайда, ең ластанған, яғни полиэтиленді пакетпен ластанған жер екендігін көрсетіп отыр. Олар теңіз жағасында, топырақ астында, ұшып та жүргенін көріп жатамыз. Осы полиэтиленді пакеттер желдің әсерінен суға түсіп, су түбіне тұнып та жатады. Біз басымызға қандай да бір жағдай түспейінше, қоршаған ортаға қаншалықты дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды ойланбаймыз да!

Полиэтиленді пакеттің шығу тарихы

Қалыпты қап пакет ең бірінші рет АҚШ-та 1957 жылы жасалды және олар сэндвич,нан,көкөніс және жемістерді қаптауға арналды.АҚШ-та 1996 жылы осы пакеттерге 30% жуық наубайхана өнімдері қапталды.1973жылы Батыс Еуропада пакетті жасап шығару көлемі 11,5 млн данаға дейін жетті.1982 жылы үлкен сауда орталықтарында сатылымда тұтқалары бар полиэтиленді пакеттерпайда болды. 2002 жылы суммалы бүкілдүнижүзілік полиэтиленді пакетті жылына шығару көлемі 4-5 триллион диапазонында есептелді.

Полиэтилен — [—CH2——CH2—]n, ақ түсті термопластикалық полимер. Полиэтиленді алғаш AlBr3 катализаторын қолданып, Г.Г.Густавсон алған (1884). 1933 — 36 ж 100 мПа қысым мен 200С температурада. Англия мен КСРО-да, кейінірек Германия мен АҚШ-та өндіріле бастады. Өнеркәсіп жағдайында жоғары қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,913 — 0,934 г/см3, балқу t 102 — 105С) және төмен немесе орташа қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,919 — 0,973 г/см3, балқу t 125 — 137С) этиленнің полимерленуі нәтижесінде алады. Полиэтиленнің физ.-химиялық қасиеттері температураға өте тәуелді. Температура өзгергенде кристалдану дәрежесі, тығыздығы, т.б. көрсеткіштері өзгереді. Тығыздығы төмен Полиэтилен 20С-та айына 0,04% су сіңіреді, ал тығыздығы жоғары Полиэтилен үшін бұл көрсеткіш 0,01 — 0,04%. Бөлме температурасында органикалық еріткіштер әсер етпейді, тек ғана HNO3-те, хлорланған және ароматты көмірсутектерде ериді. Полиэтилен — халық шаруашылығында өте кең қолданылатын полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. бұйымдар, т.б. дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс пен жеміс өсіру ісінде қолданылады. Қазақстанда Атырау қаласындағы химиялық зауыт түйіршікті Полиэтилен өндіріп, еліміздің 200-дей кәсіпорнын шикізатпен қамтамасыз етуде. Полиэтилен радиотехника мен телеқондырғылар да электроқшаулағыш, химиялық өндірістерде антикоррозиялық жабындар ретінде, сондай-ақ орама кабыршақтар мен ыдыстар жасауда, мата, қағаз, ағаш өнімдеріне сіңіруге қолданылады. Полиэтиленнен химиялық өнеркәсіпте корпустар, футеровкалар, сонымен қатар химиялық белсенді және күйдіргіш заттар әсер ететін жағдайларда жұмыс істейтін қондырғылардың әр түрлі бөлшектері жасалады.

...

Скачать:   txt (12.1 Kb)   pdf (171.8 Kb)   docx (480.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club