Деформация и напряжения при сварочных работах
Автор: kuldariyab • Май 18, 2020 • Курсовая работа • 4,861 Слов (20 Страниц) • 437 Просмотры
МАЗМҰНЫ
БЕТ
КІРІСПЕ...............................................................................................
І. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ...............................................................
- ГАЗБЕН ПІСІРУДІ ҚОЛДАНАТЫН ЖЕРЛЕР.........................
- ПІСІРЕТІН ЖАЛЫННЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ.............................
- ПІСІРУ ЖАЛЫНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ......................................
ІІ. ГАЗ ЖАЛЫНЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ПАЙДА
БОЛАТЫН КЕРНЕУ МЕН ДЕФОРМАЦИЯ.......................................
2.1. ДОҒАЛЫ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ КЕРНЕУ
МЕН ДЕФОРМАЦИЯ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ.........................................
2.2. ӘРЕКЕТ ЕТУШІ КҮШТЕР, ДЕФОРМАЦИЯЛАР,
КЕРНЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС........
2.3. ПІСІРУ КЕЗІНДЕГІ КЕРНЕУ МЕН ДЕФОРМАЦИЯЛАР.............
2.4. ПІСІРУ КЕЗІНДЕГІ КЕРНЕУДІ АЗАЙТУ
МЕН ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ДЕФОРМАЦИЯЛАР....................................
2.5. ПІСІРУ БҰЙЫМДАРЫН ТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ...........................
ІІІ. ГАЗ ЖАЛЫНЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР
МЕН АППАРАТТАР.................................................................................
ІV. ПІСІРУ КЕЗІНДЕГІ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ...........................................
V.НҰСҚАУЛЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА..........................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................
КІРІСПЕ
Дәнекерлеу техникасы және технологиясы қазіргі өндірісте негізгі бағыттаушы орын атқарады. Қазіргі кезде ауқымды танктердің корпустары және адамның көзінің қабыршығы, жартылай өткізгіш приборлардың кішкентай бөлшектері мен хирургиялық ота кезіндегі адамның сүйектері дәнекерлеу арқылы жүргізіледі. Машиналар мен үймәрәттардың көтерген корпустары, мысалы ретінде, ғарыштық зымыран, суасты қайықтары, газ және мұнай құбырларын дәнекерлеу көмегінсіз дайындау мүмкін емес. Техниканың дамуы өндіріс әдісіне және де дәнекерлеу технологиясынада жаңа талаптар қоюда. Бүгінгі таңда әр түрлі материалдарды дәнекерлеуде. Бұлар титанды, ниобилі, бериллий қорытпалары, молибден, вольфрам, жоғарыберікті материалдар, керамика, сонымен қатар, әртекті материалдардың өзара біріктіріліп пісірілуі. Электрониканың микрондық бөлшектері және ауыр жабдықтардың бірнеше метрлік қалыңдықтағы бөлшектері дәнекерленеді. Үнемі дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың жағдайы өзгеріп отырады: суастында, жоғары температурада, терең вакуумда, радиациясы жоғары кезде, қалыптаған биіктікте дәнекерлеуге тура келеді.
Осының барлығы дәнекерлеу аймағында жұмыс істейтін мамандардың үнемі біліктілігін жоғарылатып отыруды талап етеді. Әсіресе, жұмысшы-дәнекерлеушіге дәнекерлеудің әдіс-тәсілдері мен дәнекерлеу машиналарының жаңа түрлерін меңгере білуі тиіс. Бүгінгі күнде жұмысшы-дәнекершіге қарапайым дәнекерлеу жұмыстарын біліп қоймай, сонымен қатар, негізгі процестің физикалық мәнділігін, әр түрлі конструкциялық материалдардың пісіру ерекшелектерін, технологиялық мүмкіндіктерін, пісіру әдістерінің дамушылық жақтарын түсінуі керек. Дәнекерлеу кезінде әр түрлі процестер жүреді, оның ішіндегі деформация мен кернеу металдарды балқыту мен суыту кезінде пайда болады. Оларды жою жолдары осы дипломдық жұмыста қарастырылған.
І. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
- ГАЗБЕН ПІСІРУДІ ҚОЛДАНАТЫН ЖЕРЛЕР
Газбен пісіру балқытып пісіру тəсілінің тобына жатады. Газбен пісірудің доғалы пісіруден маңызды технологиялық айырмашылығы— металды көбірек балқытып, азырақ қыздыруда. Пісіргіш газды алаудың доғалы алаудан маңызды технологиялық айырмашылығы – металды барынша баяу əрі ақырын қыздыру болып табылады. Бұл пісірілетін газды алаудан доғалы алаудан айырмашылығы – кейбір жағдайларда жетіспеушілік болып табылады, ал кейбір жағдайларда газ алауының қҧндылығы болып, оны қолданудың негізгі облыстарын анықтайды: төмен көмірсутекті, арнайы жəне аспапты болатты, түсті металды, шойынды пісіру ҥшін, сонымен қатар еріту жұмыстарын атқару үшін. Қажетті жабдықтың əмбебап, салыстырмалы қарапайымдылығы жəне қолайлығының арқасында газбен пісіруді жөндеу жұмыстарының көптеген түрлеріне қолданады. Металды газ алауымен салыстырмалы баяу қыздыру металл қалыңдығын арттыра отырып газбен пісірудің өнімділігін тез төмендетеді, ал 810 мм асқан қалыңдықта бұл əдетте экономикалық пайдасы жоқ. Ақырын қыздырған кезде пісіру ваннасына жапсарлас негізгі металдың үлкен көлемі қыздырылады, бұл өз кезегінде пісірілетін бұйымдардың өзгеруін тудырады. Бұл маңызды жағдай құрылыстық металл конструкциясы, көпірлер, вагондар, ірі ауқымды машиналардың тұғырығы жəне т.с.с. нысандарды газбен пісіруді техникалық мақсатқа сəйкессіздендендіреді. Ақырын қыздыру сол сияқты, жоғарғы температура аймағында металдың ұзақ болуына əкеледі, ал қатты қыздыру дəндердің іріленуіне жəне металдардың механикалық қасиеттерін жоғалтуға əкеледі. Сол уақытта газ алауымен шойын бөлшектерін жөндеу кезінде металды баяу қыздыру температураның түсіп кетуін төмендетеді, бөлшектердің металдарынан газдарды жоюға əрекет етеді жəне жарықтың пайда болуының алдын алады.
...