Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мобильді құрылғыларда үлестірілген есептеулерді ұйымдастыру

Автор:   •  Декабрь 2, 2020  •  Курсовая работа  •  21,352 Слов (86 Страниц)  •  464 Просмотры

Страница 1 из 86

Мазмұны

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР        3

АНЫҚТАМАЛАР        4

КІРІСПЕ        5

1        ҮЛЕСТІРІЛГЕН ЕСЕПТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ        7

1.1        Дербес компьютерде үлестірілген есептеулер        7

1.2        Мобильді құрылғыларда үлестірілген есептеулерді ұйымдастыру идеясы        10

2        ҮЛЕСТІРІЛГЕН ЕСЕПТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ        13

2.1        Android операциондық жүйесі        13

2.2        Thread (Орындалу ағыны)        19

2.3        Socket бағдарламалық интерфейс        22

2.4        Android RenderScript жұмыс бастау        24

3        МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДА ҮЛЕСТІРІЛГЕН ЕСЕПТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ        27

3.1        Сервер мобильді қосымшасы        27

3.2        Клиент мобильді қосымшасы        38

ҚОРЫТЫНДЫ        45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ        46

А ҚОСЫМШАСЫ

Б ҚОСЫМШАСЫ


ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

СБС - сервиске бағдарланған сәулет;

ҮЭҚ- үздіксіз электрмен қоректендіру;

ЖӨЕ- жоғары өнімді есептеулер;

ҒЗЖТКЖ -Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

ОЖ- Операциялық жүйе;

ХЭО- Халықаралық Электр одағының;

AТ – aқпaрaттық технологиялaр;

БҚ – бaғдaрлaмaлық қaмтaмa;

AЖ – aқпaрaттық жүйе;

IP (Intеrnеt Protocol) – желiaрaлық протокол; 


АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жобада кeлeсідeй тeрминдeргe сәйкeстік анықтамалары қолданылған:

HTTP — Интернетте HTML беттерін алмасу үшін арналған хаттама.

Wi-Fi — стандарттың базасында сымсыз желiлерi үшiн Wi-Fi Allianceнiң саудалық маркасы IEEE 802.11.

Смартфон — өзіне ұялы телефонның сөйлесу мүмкіндіктері мен қалта компьютерінің Интернетке шығу, файлдармен жұмыс істеу, пошта тәрізді мүмкіндіктерімен біріктірілген гибрид болып табылады.

Android Studio – құрамына біріктірілгeн өңдeу ортасы бағдарламалық жасақтамасы жәнe басқа да аспаптық (инструмeнталды) құралдар кірeтін программалық орта.

Java тіліндe жазылған программа – мәтіндік файл, тіл опeраторларынан, түсініктeмeлeрдeн тұрады. Java тілі объeкті бағдарланған бағдарламалау тілдeрінің тобына жатады.






КІРІСПЕ

Үлестірілген есептеулер-көп есептеуді қажет ететін есептеуіш есептерді бірнеше есептеуіш құрылғы пайдалана отырып шешу тәсілі, көбінесе параллельді есептеуіш жүйеге біріктірілген. Үлестірілген есептеулер таратылған басқару жүйелерінде де қолданылады.

Үлестірілген жүйелердегі тізбекті есептеулер көптеген есептерді бір мезгілде шешуді ескере отырып орындалады. Жергілікті суперкомпьютерлерге қарағанда, таратылған көппроцессорлық есептеу жүйелерінің ерекшелігі, масштабтау есебінен өнімділіктің шектелмеген өсуіне мүмкіндік болып табылады. Жүйедегі есептеу құралғылары ортақ мақсатқа жету үшін бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Үлестірілген жүйенің үш маңызды сипаттамасы: есептеу құралғылардың параллельді жұмысы, уақытқа тәуелсіз үйлестіру және есептеу құралғылардың істен шығуына тәуелсіз болуы қажет.

Қазіргі уақытта жоғары өнімді процессорлар талап етілетін күрделі есептеуді қажет ететін есептер саны ұлғаюда. Сол есептерді шешу үшін, компьютерде үлестірілген есептеу жүйелерінің көптеген қосымшалары мен бағдарламалары бар. Ал мобильді жүйеде үлестірілген есептеулер қосымшалары сирек кездеседі. Қазіргі мобильді құрылғылардын көбі смартфон. Мобильді құрылғылар стационарлық компьютерге қарағанда ықшамдылығымен қоса тағы бірнеше артықшылықтары бар. Смартфонның үлестірілген есептеу жүйесін құру үшін қажетті барлық компоненттері бар, атап айтқанда коммуникацияға қажетті компоненттер, жоғары өнімді есептеу процессоры және электр аккумуляторы. Бұл компонентер үлестірілген есептеу жүйесін жаңа денгейге көтереді. Мобильді құрылғыларда үлестірілген есептеулер жүйесін құрудың тағы бір себебі, ол мобильді құрылғылардың саны болып келеді. Себебі жоғарыда айтылғандай үлестірілген жүйе тиімділігі ол есептеуіш құрылғылар санына байланысты, ал мобильді құрылғылар саны әлем бойынша жылдам өсуде.

...

Скачать:   txt (171.8 Kb)   pdf (818.4 Kb)   docx (637.8 Kb)  
Продолжить читать еще 85 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club