Windows операциялық жүйелерін қолдану
Автор: Saya_Bokebaeva • Сентябрь 26, 2019 • Реферат • 880 Слов (4 Страниц) • 1,119 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институты
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер кафедрасы
№1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Бойынша
ЕСЕП БЕРУ
Пәннің атауы: оқу зертханасы
Тақырыбы: Windows операциялық жүйелерін қолдану
Мамандығы:5B100200-Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Орындаған: Бокебаева Сая Қуанышқызы Тобы: СИБк-19-6
Қабылдаған: аға оқытушы : Каден Кенжехан
Алматы 2019ж
№1 лабораториялық жұмыс
Windows операциялық жүйелерін қолдану
Жұмыстың мақсаты: Windows операциялық жүйе туралы түсінік қалыптастыру және өз компьютерімізге жүктей білу.
Қажет құралдар мен қойылатын талаптар: 4 Гбайттан тан жоғары 2 дана флешка, образ (Windows10, Windows7 )
Тапсырмалар:
а) Windows операциялық жүйе туралы анықтама;
ә) Windows операциялық жүйенің басқа операциялық жүйелерден айырмашылығы;
б) Windows операциялық жүйені кез келген компьютерге қоя білу;
в) Bios туралы қысқаша жазу.
Тапсырманың орындалуы:
1) Windows операциялық жүйе туралы анықтама:
Windows-Графикалық интерфейстің көмегімен басқаруға бағытталған Microsoft корпорациясының коммерциялық операциялық жүйелерінің (OC) жанұясы. Бастапқыда Windows тек қана графикалық бағдарлама болды-1980 және 1990 жылдары MS-DOS операциялық жүйесіне арналған қондырма. Net Applications ресурсының деректеріне сәйкес, 2014 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Windows тобының операциялық жүйелерінің басқаруында жеке компьютерлердің 88% - ға жуығы жұмыс істейді. Windows x86, x86-64, IA-64 және ARM платформаларында жұмыс істейді. DEC Alpha, MIPS, PowerPC және SPARC нұсқалары да болды.
2) Windows операциялық жүйенің басқа операциялық жүйелерден айырмашылығы:
• компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
• қолданбалы программаларды іске қосу; бұған қоса Windows жүйесі;
• бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
• әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
• масштабталатын қаріптерді қолдануды;
• мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
• бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолданудықамтамасыз ете алады.
3) Windows операциялық жүйені кез келген компьютерге қоя білу:
1) Бағдарлама орнатылған флешканы дайындау
Windows операциялық жүйесін флешкаға жүктеу үшін ресми сайттан UltraISO және Windows 10 бағдарламаларын компьютерге жүктейміз.
[pic 1]
Бағдарламалар жүктелген соң оларды іске қосып, барлық лицензия шарттарын қабылдаймыз.
Кейін өзімізге керекті функцияны , яғни «создать установочный носитель для другого компьютера» командасын таңдап, «далее» командасын басамыз.
Кейін орнатылатын операциялық жүйенің тілін,архитектурасын және түрін таңдаймыз. Бұл функция керек емес деп тапқан жағдайда «использовать рекоменуемые параметры для этого компьютера » функциясындағы галочканы алып тастаймыз.
...