Electronics Workbench программасымен танысу
Автор: Aruzhannnb • Март 16, 2021 • Контрольная работа • 1,171 Слов (5 Страниц) • 720 Просмотры
№1. зертханалық жұмыс
Electronics Workbench программасымен танысу.
Резисторларды тізбектей, параллель және кернеу көздерін тізбектей жалғаған кездегі схемаларды зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Electronics Workbench мәзір құрамын оқып, танысу. Резисторларды тізбектей, параллель және кернеу көздерін тізбектей жалғаған кездегі схемаларды зерттеу.
Қысқаша теориялық мағлұмат
«Электротехника» пәнінен зертханалық жұмысты жүргізу кезінде Electronics Workbench (EWB) программасы қолданылады. Electronics Workbench (EWB) – ЭЕМ қолданатын электрлік электронды схемада эксперименттік зерттеуді жүргізуге мүмкіндік беретін қажетті құралдары бар қарапайым виртуалды жұмыс.
EWB программасы Windows ортасында жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Electronics Workbench программасында барлық элементтер қатаң бекітілген параметрлермен сипатталады, сондықтан әрбір эксперименттің қайталануы кезінде есептеу алгоритмі мен элемент параметрлерімен анықталатын нәтиже қайталанып отырады.
Electronics Workbench программасы бір уақытта схеманың барлық элементтері көрініп тұратындай етіп, электрлік схеманы жинауға мүмкіндік береді.
Өткізгіштер түсін өзгерту мүмкіншілігі схеманы қарапайым үлгіде қабылдауға мүмкіндік береді. Оған қоса графиктерді де әртүрлі түспен көрсетуге болады, ал бұл бір уақытта бірнеше тәуелділікті алуға мүмкіндік береді.
Жұмыстың орындалу реті
- Electronics Workbench бағдарламасының мүмкіндігімен танысу.
- EWB бағдарламасын қосу (іске қосу – программалар - Electronics Workbench).
- Негізгі мәзірді қарап шығу.
EWB программасының терезесінде мәзір, библиотека компоненттерінің сызығы мен бақылау-өлшегіш құрылғылар сызығынан тұрады. Әрбір қажеттілік кезінде нәтижелерді бақылау және оның жұмысын бақылау үшін әрбір құралдың орнын ауыстыруға болады. Схеманы жинағаннан кейін оны ток көзіне қосу қарапайым қосқышты басу арқылы жүзеге асады.
«Electronics Workbench» бағдарламасының мәзірі
«Electronics Workbench» бағдарламасының негізгі мәзірін қарастырайық. File мәзірі Windows ортасының бағдарламаларына сәйкес келеді:
[pic 1] | New –жаңа схеманы құру Open –схеманы ашу Save –схеманы сақтау Save as... – қалай сақтау... Revert to Saved - сақталған файлға қайтып келу Import и Export - импорт және экспорт Print –баспаға шығару Print setup - принтерді баптау Exit – EWB бағдарламасынан шығу |
[pic 2] | Командалардың бір бөлігі құралдар тақтасында қайталанады: (жасау, ашу, сақтау, басып шығару). |
[pic 3] | Edit Мәзірі. Командалардың бөлігі (кесіп алу, көшіру, қою) құрал-саймандар панелінде панелінде көрсетілген. |
[pic 4] | Cut –кесіп алу Сору –көшіру Paste –қою Delete -жою Select ALL –барлығын белгілеп алу Copy as Bitmap - буферге көшіру (бұл команда схеманы сурет ретінде кез келген редакторға, мәселен Wordқа сурет ретінде көшіруге мүмкіндік береді). |
Circuit мәзірі. Circuit (схема) келесі командалар дан тұрады:
Circuit Мәзірі [pic 5] | Circuit мәзірі командалардан тұрады: Rotate- 900 сағат тіліне қарсы бұру Flip Horizontal-көлденең айналы сурет Flip vertical-тігінен айналы сурет. |
Бұл командалар құралдар тақтасында қайталанады | |
[pic 6] | Component Properties – элемент параметрлерін баптау Create Subcircuit -ішкі жүйені жасау Zoom In – масштабты үлкейту Zoom Out – масштабты кішірейту |
...