Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орналастыру құралдарының жіктемесі

Автор:   •  Март 28, 2021  •  Реферат  •  957 Слов (4 Страниц)  •  865 Просмотры

Страница 1 из 4

                   [pic 1]

       Тақырыбы: Орналастыру құралдарының жіктемесі

Кафедра: туризм

Факультет: география және табиғатты пайдалану

 

                                                                        Курс: 3

                                                                        Орындаған: Айтмаханбет А.

                                                                         Қабылдаған: Кошкимбаева У.

                                     2020-2021

Орналастыру құралдары - бұл əр түрлі құқықтық -ұйымдастырушылық формадағы мекемелер жəне кем дегенде 5 нөмірге ие туристерді орналастырумен уақытша айналысатын        жеке кəсіпкерлер. Орналастыру құралдарына қонақүйлер, мотелдер, жастар қонақүйлері (хостелдер), демалыс үйлері, пансионаттар, емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсететін қонақүйлер жатады.

Орналастыру құралдарын жіктеу орналастыру құралдарының жіктеу жүйесінде белгіленген талаптарға сəйкес бағалануын жəне оған сəйкес келетін санаттың аттестациясын қамтитын, еркін негізде өткізілетін шара болып табылады.

Қонақүйлік кешендер келесі санаттарға бөлінеді: «жұлдызсыз», «бір жұлдызды», «екі жұлдызды», «үш жұлдызды», «төрт жұлдызды», «бес жұлдызды».

Қонақүйлерді бұлай жіктеу кез-келген қонақүйдің қонақүй қызметін көрсету нарығындағы орнын анықтайды, клиенттер мен кəсіби мамандардың белгілі бір класстағы қонақүй көрсетуі мүмкін кепілдендірілген қызметтер жиынтығы туралы түсінік алу мүмкіндігін жеңілдетеді. Қонақүйлер өзінің аттестациялануы негізінде жіктеледі, ал ол өз кезегінде ұлттық, сондай-ақ халықаралық деңгей тұрғысынан өткізіледі.

Əлемде қонақүйлерді жіктеудің 30-дан аса жүйесі бар. Қонақүйлерді жіктеудің мейлінше кең таралған жүйесі – қонақүйлерді бес санатқа бөлуді көздейтін жұлдыздар жүйесі болып табылады.        Бұлай жіктеу Еуропаның көптеген елдерінде – Франция, Германия, Италия, Австрия, Венгрия, Ресей ( сонымен бірге Франция мен Монакода «бес жұлдыздылар» 4* de Luxe немесе Palace деп белгіленеді) сондай-ақ Қытай жəне көптеген басқа да елдерге тəн. Грецияда қонақүйлер санаттарын ажырататын A,B,C,D əріптер жүйесі қолданылады. Ұлыбританияда қонақүйлердің        алты санатын көрсетуді көздейтін        мемлекеттік корона     жүйесі (бірден     алтыға дейін), сондай-ақ жіктеудің жеке жүйесі - раушангүлдер жүйесі пайдаланылады. АҚШ –та қонақүйлер        атаулар бойынша жіктеледі: ең қымбат, эксклюзивтік қонақүйлер Superior Deluxe; «бес жұлдыздылар» - Deluxe жəне Moderate Deluxe; «төрт жұлдыздылар» -     Superior First Class, «үш» жəне «төрт жұлдыздылар» First Class деп аталады.

«Үш жұлдыздылар» санатына Limited-Service First Class, Moderate First Class, кейде Superior Torurist Class,        класындағы қонақүйлер жатады, дегенмен Torurist Class түріндегі қонақүйлер көбінесе «екі жұлдызды» деңгейіне жақын болып табылады. Мұнымен қоса,        америкалық қонақүйлерге «жұлдыздар» атағы беріледі,        бұл іспен Американың автомобиль ассоциациясы айналысады.

Орналастыру құралдарының категорияға сəйкестігіне сараптамалық баға беру        орналастыру құралын        тұтас бағалау мен орналастыру құралдарының жалпы нөмірлер саны – оның нөмірлік қорынан тұрады.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (117.5 Kb)   docx (56.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club