Иммунологияның даму тарихы
Автор: zhanerkes16 • Февраль 23, 2022 • Лекция • 777 Слов (4 Страниц) • 282 Просмотры
Сұрақтар:
1. Иммунологияның даму тарихы.
Иммунология ғылым ретінде ХІХ-ХХғ шегінде қалыптасты. 1881ж француз ғалымы Луи Пастер тауықтардағы холера ауруын зерттей отырып ауру қоздырғыштардың ескі дақылдарымен тауықтарды байқамай жұқтырып алғанда, олардың ауырмай кейіннен жаңа штаммдарды жұқтырғанда олардың өлмей қалғандығын байқайды.Бірақ иммунологияның атасы ретінде Луи Пастерді емес Эдуард Дженнерді санайды ,себебі ол 1796ж әмпирикалық жолмен адамдарды шешек ауруынан сақтаудың алдын алу жолын ашты ол сауыншылардың сиыр шешегі ауруымен ауырғандардың кәдімгі шешекпен ауырмайтындығын анықтап вакцинация әдісін жетілдірді( бұл сөз вакка-сиыр деген сөзден шыққан)
1890ж неміс зерттеушісі Э. Беринг организмге енген микробтар мен олардың токсиндеріне қарсы қанда кейініректе антидене деп аталатын қорғаныштық заттар түзілетіндігін ашып,осы ғылыми жаңалықтардың негізінде Паулъ Эрлих деген ғалым иммунитеттің гуморалmдық теориясын қалыптастырды.
1882ж орыс ғалымы Илья Ильич Мечников теңіз жұлдыздарымен тәжірибе жасап фагоцитоз феноменін , оның негізінде иммунитеттің фагоцитарлық теориясын қалыптастырды,1899ж Н.Я. Чистович микроорганизмдерден басқа ұлпаларды бөгде эритроцит, қан плазмасы)парентеалды енгізгенде антидене бөлетінін анықтап инфекциялық емес иммунитеттің негізін қалады.
1900ж Карл Ландштейнер адамдағы қан топтарын ашып ,ұлпалық антигендер ғылымына негіз салды. II дүниежүзілік соғыста терінің күйюіне қарсы трансплантация мәселесі туындады
2. MHC -ГЕНДЕРДІҢ ПОЛИМОРФИЗМІ ЖӘНЕ ПОПУЛЯЦИЯДА ТАРАЛУЫ
MHC - Негізгі гистосәйкестік кешенді табу және зерттеу XX ғасырда медицина мен биологияның маңызды жетістіктері болып табылады. МНС-кешенмен кодталатын өнімдерді гистосәйкестік антигендері немесе МНС-антигендері деп атайды. «Өзінікін» тануда негізгі рөл атқаратын МНС-ң өнімдері барлык сүткоректілерде және кұстарда табылған. Тышкандарда бұл кешенге Н-2-антигендер, адамдарда НLА-жүйесі немесе НLАдеп аталатын кешен кіреді. НLA-кешен аталуы барлык жасушалардың арасында лейкоциттерде өте жаксы берілгеніне байланысты. 1958 ж. шеткері канның лейкоциттерінде осы антигендерді бірінші ашкан француз ғалымы Ж. Доссе болды.
Медициналык теориялык және практикалык мәселелерін, сонымен катар «НLА және аурулар» мәселесін шешуде ен маңызды сұрак — ол НLА -антигендерінің популяцияда таралуы. НLА -жүйесінің гистосәйкестік антигендерінің таралуы айкын зандылыкка сүйенеді, бұл зандылыктар статистикалык талдау әдістерін колдану кезінде анықталады. Антигендер сәйкесті гендермен детерминацияланады және олардың берілуі тұкымкуалау ережелерімен аныкталып, НLА антигендердің әр нәсілге, ұлтка және баска топтарына, мысалы әр аймак тұргындарына сай таралуының ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл тұкымкуалау белгілердің ерекшеліктері болуы популяциялык талдауда көрінеді.
Популяциялық талдау белгілі бір популяцияда геннің таралу жиілігін айқындауға, гаплотиптердің, фенотиптердің локус ішіндегі жиілігін және бір хромосомада орналасқан әр түрлі локустардың гендері арасындағы генетикалық ассоциациясының (байланысу) жиілігін есептеуге мүмкіндік береді. Адамдарда НLА -аллельдердін түрлілігі көптеген (200 миллионнан асады) варианттарын береді. Мысалы, европоидтарға НLA-АІ, НLA -В8, НLA -Сw5, негроидтарға — НLA -А23, НLA -А28, НLA -АЗО, НLA -А34, НLA -Вw58, НLA -Вw42, монголоидтарға — НLA -А9, НLA -АП, НLA А24, НLA -АwЗІ, НLA -Вw52, НLA -Вw61, НLA -DR4, НLA -DR9тән. Сонымен катар. НLA –А3О антигені 17% зерттелген негроидтерде, 1% еуропоидтарда кездеседі, ал жапондарда мүлдем аныкталмаған. НLA -АІ, АЗ антигендерін европоидтардың, ал НLA -А9, А11 антигендерін монголоидтардың «маркерлері» деп атауға болады. Аталған зерттеу популядиялардың көпшілігінде НLA -А2, НLA -В7, НLA -В12, НLA -В35, НLA -СwЗ, НLA -DR2 антигендердін жиілігі өте жоғары кездеседі, ал НLA -АЗб, НLA -Аw43, НLA -Вw41, НLA -Вw46, НLA -Вw47, НLA -Вw48, НLA -Вw63, НLA -DRw10 антигендері барлығында төмен жиілікпен кездеседі екен. Еуропа тұрғындарында кездесетін гаплотиптеріне НLA -А1В8 — 7%, НLA -АЗВ7 — 5,2%, НLA -А2В7 — 4,1% жиілігімен кездеседі. Кейбір аллельдік комбинациялар гаплотиптерде өте жиі кездеседі екен, бүл біркелкі емес, таралуы табиғи сұрыпталумен, әр үрпақтанұрпакка биологиялык ен пайдалы комбинациялары берілуіне байланыскан болу керек.
...