Шаш үлгісінің даму тарихы
Автор: temir.service • Май 18, 2018 • Курсовая работа • 5,059 Слов (21 Страниц) • 5,998 Просмотры
1.Кіріспе
Шаштараздық шеберліктің даму тарихы өз бастауын ежелгі кезеңдерден алады. Шаштараздық өнер сияқты шаштың күтімі адамның өз сыртқы келбе- тін сәндеудегі қажеттілігінің артуы нәтижесінде қалыптасты.
Әдемілік ұғымы әртүрлі қоғамда және тарихтың әртүрлі кезеңінде үнемі өзгеріп отырды.
Шаш үлгісі алғашқы қоғамда киімнен айтарлықтай бұрын пайда болды және адамзат қоғамының эволюциясымен бірге өзгеріп отырды. Археологиялық қазбалар б.д.д. V—VI ғғ. өзінде-ақ шаш күтіміне үлкен көңіл бөлінгенін растайды.
Шаш үлгілері климаттық жағдайларға, тарихи оқиғаларға, діни сенімдерге, эстетикалық көзқарастарға және халықтардың мәдени мұрасына қарай жиі өзгеріп отырды.
Шаш үлгісі қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан, бұл адам еңбегімен жасалған және белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын материалдық құндылық, екінші жағынан - бұл адам келбетін эстетикалық тұрғыдан түрлендіретін өнер туындысы.
Шаш үлгісі - бұл шашқа тарау, бұйралау, қию, жатқызу және басқа да технологиялық тәсілдер арқылы берілетін пішін. Шаш үлгісі табиғи немесе жасанды шаштардан жасалуы мүмкін. Көбінесе оның құрамдауыштары бас киімдер, постижерлік бұйымдар (париктер, шиньондар, бұрымдар және т.б.),әртүрлі әшекейлер, ленталар, қауырсындар.
Шаш үлгісінің түрі мен пішіндеріобъективті және субъективті себептерге байланысты. Шаш үлгісі костюм сияқты, өнер туындысы болып табылады. Ол әрдайым мәдениеттің дамуының белгілі бір кезеңін көрсетті. Өнердегі көркем стильдер, бағыттар ауысқан кезде шаш үлгілерінің түрі мен пішіні өзгеріп отырды, бұл ретте заманауи әдістердің ықпалы қадағаланды, шашта- разөнері жетілдірілді, шаш күтімінің жаңа аспаптары мен құрылғылары, құралдары пайда болды. Шаш үлгісі адамның өзіндік төлқұжатына айналды.
Өткен жүзжылдықтардағы шаш үлгілері туралы біз майлы бояумен салынған суреттер, мүсіндеме, өрнек, фреска, сәндік жазбалар, қолданбалы өнер заттары сияқты көптеген өнер туындылары бойынша, сондай-ақ көркем әдебиет, драматургия, поэзия туындылары бойынша сөз ете аламыз. Алғаш -қы адамдардың шаш үлгілері барынша қарапайым және шартты болды. Ұзын шаштарды босатып жіберетін немесе ат құйрығындай етіп түйіп қоятын. Шашта сиқырлы күш бар деп саналатын. Беттегі және денедегі шаштар жұл- ынуы тиіс болатын, бірақ бастағы шаш қиылмайтын. Бұйраланып тұратын шашты күн мен суықтан қорғайтын, ол тұмар рөлін атқарды оның сиқырлы күші бар деп есептелетін.Кейбіртайпалардың әскерлері маңдайдан қарақұсқа дейін шаш қалдырып, самайларындағы шашты қиятын.
Кейде тақыр болып алынған баста жекелеген шаш жолдары қалдырылатын ол жауға деген сес болатын. Шаш үлгісі Американың байырғы тұрғындарының сыдыру дәстүрімен тікелей байланысты болды: сыдырумен жеңімпаз жауының шашына шоғырланған өмірлік күшін алып қоятын.
Африка халқының шаш үлгілері тайпаның өмір салтына байланысты болды және әртүрлі әрі ерекше болатын. Ер адамдар әйелдерге қарағанда, шаш сәндеу процесіне көп уақыт кетіретін, бірақ әйелдер де, еркектер де кейде шаштарынтүгел алып тастайтын. Шаш үлгілерінің пішіні адамның жеке қасиеттеріне, жынысына, қоғамдағы орнына қарай да түрленіп отырды. Айталық, балалардың шашы төбесінде шағын қызықты айдарлар ғана қалдыры- лып, тақыр болып алынатын.Бойжеткендер мен бозбалалар шаштарын сау- сақтың жуандығындай етіп ұсақ өрімдерге өретін де оларды бір-біріне қатар-қатартығыз жатқызып қоятын. Шашты өсімдік бояуларымен бояған. Дайын шаш үлгісін қауырсындармен, жемістермен және бақалшықтармен әшекейлейтін. Көптеген әшекейлер ауқаттылықтың, бейбітшіліктің белгісін білдірді. Қоғамның әртүрлі таптарында әдемілік ұғымы әртүрлі болды және уақыт өте бірнеше рет өзгерді. Таптық қоғамның дамуымен, әсіресе абсолю- тизмніңнығаюы кезеңінде шаш үлгісі сословиелік тиесіліліктің символына айналды. Шаш үлгісі таптық және ұлттық қасиеттерді ғана көрсетіп қой- майды, сонымен қатар адамның талғамын да көрсетеді.Әрбір кезең шаштараз өнерін дамытуға өз жаңалығын қосты.
...