Символдар. Жолдармен жұмыс
Автор: 5351000 • Октябрь 26, 2023 • Лекция • 751 Слов (4 Страниц) • 179 Просмотры
Символдар. Жолдармен жұмыс.
Символдар
System.Char класының негізгі әдістері
Жолдар
Жолдармен жұмыс жасауға арналған әдістер
C#-та мәтіндік ақпаратты өңдеу есептерін шешуге арналған бірнеше құралдар бар. Олар: жеке символдар, символдар массиві және жолдар.
Char символдық типі символдарды Unicode кодында сақтауға арналған. Символдық тип C# мәліметтер типінің кірістірілген (стандартты) типіне жатады және System атаулар кеңістігіндегі .Net кітапханасының Char стандартты класына сәйкес келеді. Бұл класта символдардың түрін және категориясын беретін, сонымен бірге символдарды жоғарғы немесе төменгі регистрге, санға түрледіретін статикалық әдістер анықталған. Негізгі әдістер 7.1-ші кестеде берілген.
7.1-кесте
System.Char класының негізгі әдістері
Әдіс | Сипаттамасы |
GetNumericValue | Символдың сандық мағынасын қайтарады, егер де ол сан болса және қарама-қарсы жағдайда -1 |
GetUnicodeCategory | Unicode-символының категориясын қайтарады |
IsControl | егер де символ басқарушы болса, trueқайтарады |
IsDigit | егер де символ ондық сан болса,trueқайтарады |
IsLetter | егер де символ әріп болса, trueқайтарады |
IsLetterOrDigit | егер де символ әріп немесе сан болса, trueқайтарады |
IsLower | егер де символ төменгі регистрде берілген болса,trueқайтарады |
IsNumber | егер де символ сан болса (ондық немесе он алтылық), trueқайтарады |
IsPunctuation | егер де символ тыныс белгісі болса, trueқайтарады |
IsSeparator | егер де символ бөлгіш болса, trueқайтарады |
IsUpper | егер де символ жоғары регистрде жазылған болса, trueқайтарады |
IsWhiteSpace | егер де символ бос орынды болса (бос орын, жолды ауыстыру және каретканы қайтару), trueқайтарады |
Parse | Жолды символға түрлендіреді (жол кем дегенде 1 символ тұруы қажет) |
ToLower | Символды төменгі регистрге түрлендіреді |
ToUpper | Символды жоғарғы регистрге түрлендіреді |
MaxValue,MinValue | Символды максималды және минималды кодтармен қайтарады |
Жолдар деп мәндері мәтін болып табылатын String класының объектісін айтады. Бұл класта жолдармен жұмыс жасауға арналған әдістер жиынтығы анықталған. Осы әдістерді қарастырайық.
Жолды пайдалану үшін, оны алдымен құру - қандай да бір мән меншіктеу керек.
Қарапайым жолды жариялап, оны экранға шығару мысалы:
static void Main(string[] args)
{
string s = "Сәлем, білімгер!";
Console.WriteLine(s);
}
static void Main(string[] args)
{
string s;
Console.WriteLine(s); // қате, себебі жол құрылмады
}
Жолдарды біріктіру (конкатенация) үшін "+" операторы қолданылады.
string s = "Сәлем," + " білімгер!";
"[ ]" операторы индекс бойынша жол символына қатынау үшін қолданылады:
string s = "Сәлем, білімгер!";
char c = s[2]; // 'л'
Lengthқасиеті жолдың ұзындығын береді.
Арнайы символдар:
Табуляция символы – "\t"
Жолды ауыстыру символы – "\r\n"
Қос тырнақша – "\""
IsNullOrEmpty() әдісі – жолдың бос/бос еместігін тексереді. Егер жолдың мәні бос болса (null), True мәнін, әйтпесе False мәнін қайтарады
IsNullOrWhiteSpace() әдісі - IsNullOrEmpty() әдісі сияқты жұмыс атқарады, сонымен қатар жол бос орындар және табуляциялар ("\t") жиынтығынан тұрса True мәнін қайтарады
...