Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

CRM жүйелерінде ұсынылатын негізгі функциялар

Автор:   •  Август 16, 2022  •  Доклад  •  578 Слов (3 Страниц)  •  263 Просмотры

Страница 1 из 3

CRM жүйесін таңдау күрделі процесс болып табылады. Қазіргі заманауи бағдарламалық өнімдер нарығы әртүрлі және кең. Турагенттікті автоматтандыру үшін қолайлы IT-шешімді таңдаудың тиімділігі қажеттіліктер мен қазіргі жүйелерді анықтаумен жүзеге асады. Жылдан жылға өсіп келе жатқан клиенттік базалар мен нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі туристік агенттіктерден жылдам және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа шешімдерді талап етеді. Бүгінгі таңда туристік агенттікті CRM жүйесіз елестету мүмкін емес. Агенттіктердің автоматтандырылған басқару қызметі үшін туристік бизнеске арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру нарығында көптеген CRM жүйелері бар. Мұндай жүйелер- пайдаланушылардың жеке компьютерлеріне орнатылып немесе бұлтты веб-қосымшалар түрінде жалға беріліп, туризм менеджерлерінің бірыңғай дерекқорымен қолданылатын  компьютерлік бағдарламалар болып табылады.

CRM жүйелерінде ұсынылатын негізгі функциялар:

  • клиенттерді басқару;
  • сатуды басқару;
  • бухгалтерияны басқару;
  • құжат айналымын басқару;
  • аналитика мен есептерді басқару.

Бүгінгі күні бұлтты CRM туристік агенттікті басқару үшін  қолданыстағы кең тараған жүйе. Интернет желісі бар әлемнің кез - келген нүктесінен компьютерлік және мобильді құрылғыларды пайдалана отырып, деректердің веб-серверлерде қашықтықтан қауіпсіз сақталуына байланысты  бұлтты технологиялар туризм саласындағы IT-шешімдердің өте тартымды моделіне айналды.

Бағдарламалық қамтамасыздандыру нарығында туризм саласындағы ең танымал бұлтты CRM жүйелері: «Селена», «Columbis», «CRM Tour», «CRM Travels», «ERP.travel», «ITERIOS Travel Agent» (ITA), «MAG.Travel», «TourControl», «U-ON.Travel», «МоиДокументы-Туризм», «МоиТуристы», «САМО-турагент», «ТурОфис». Күнделікті тапсырмаларды орындау уақытын қысқартуға және компанияны басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік беретін мамандандырылған «МоиДокумент-Туризм» онлайн-сервисін қарастырайық.

«МоиДокумент-Туризм» бұл туристік компаниясына арналған бизнес - процестерді автоматтандыру, туристермен сәтті жұмысты ұйымдастыру және туризм саласындағы сатылымдарды арттыру үшін жасалған бағдарлама. Бағдарламаның функционалдық мүмкіндіктері клиенттермен қарым - қатынас жасауға, есептер мен құжат айналымын қалыптастыруға, міндеттер мен сатылымдарды бақылауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның негізгі функциялары:

- Құжат айналымын автоматтандыру. Бағдарлама келісімшарттарды, өтінімдер мен қосымшаларды толтыру кезінде уақыт шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді;

- Бірыңғай клиенттік базаны жүргізу. Бағдарламаның функциялары туристік карталарды құруды қамтиды. Жүйе клиенттің бүкіл саяхат тарихын көрсетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар сіз белгілеген критерийлерге байланысты туристерді топтарға жинақтайды;

-     Жолдамалардың төленуін бақылау. Бағдарламаны пайдалана отырып, клиенттермен және туроператорлармен жүргізілетін барлық өзара есеп айырысуларды толық қадағалауға, визаға құжаттарды тапсыру мерзімдерін бақылауға, туристерге құжаттарды беру туралы мәліметтерді енгізуге болады;

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (57.7 Kb)   docx (352.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club