Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғимараттар мен үймереттерді эксперттік зерттеу

Автор:   •  Март 27, 2021  •  Реферат  •  3,386 Слов (14 Страниц)  •  517 Просмотры

Страница 1 из 14

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Техникалық факультеті

«Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасы

Мәнжазба

Тақырыбы: Ғимараттар мен үймереттерді эксперттік зерттеу

                                                                                 Дайындаған: Ізғайыров Т

                                                                                   Тексерген: Жекеев С

Ақтөбе 2020

Ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуге ғимаратты немесе объектіні түгелдей және оның элементтері мен жүйелерін техникалық жағдайына бақылау жасау, ғимараттың немесе объектінің жұмыс істеуін қадағалау немесе түзету, жөндеу және реттеу, маусымдық пайдалануға дайындау, сондай-ақ бөлмелермен шектесетін аумақтарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары кіргізілуі керек.

Ғимараттар мен объектілердің техникалық жағдайына бақылау жасау техникалық диагностиканың қазіргі заманғы құралдарын пайдалану арқылы жоспарлы және жоспардан тыс жүйелі тексерулер жүргізу негізінде жүзеге асырылады.

Жоспарлы тексеру жалпы және ішінара болып бөлінеді.

Жалпы тексерулер кезінде ғимараттың немесе объектінің тұтастай алғандағы, оның жүйелері мен сыртқы көркейту, жабдықтау жұмыстарының техникалық жағдайына бақылау жасау керек.

Жоспардан тыс тексерулер жер сілкіністерінен, сел тасқындарынан, нөсерден, дауылдан, қалың болып түскен қардан, су тасуынан кейін және ғимараттар мен объектілердің жекелеген элементтерінің бұзылуына алып келетін жер сілкіну сипаттағы басқа да құбылыстардан кейін, сондай-ақ жылумен, газбен, сумен, энергиямен жабдықтау жүйелеріндегі апаттардан кейін және ғимарат құрылымдарының деформациясы анықталған жағдайда жүргізіледі.

Жалпы тексерулер жылына екі рет: көктемде және күзде жүргізілуі тиіс. Көктемгі тексеру кезінде ғимараттың немесе объектінің көктемгі жазғы кезеңде пайдалануға дайындығын тексеру, күзгі-қысқа уақытта пайдалануға дайындау жұмыстарының көлемдерін белгілеу тексеру жүргізілетін жылы ағымдағы жөндеу жоспарына енгізілген ғимараттар мен объектілер бойынша жөндеу жұмыстарының көлемдерін нақтылау керек.

Күзгі тексеру кезінде ғимараттың немесе объектінің күзгі-қысқы уақытта пайдалануға дайындығы тексерілуі және келесі жылғы ағымдағы жөндеу жоспарына енгізілгенғимараттар мен объектілер бойынша жөндеу жұмыстарының көлемі нақтылануы керек.

Ішінара тексеру жүргізу кезінде байқауға берілген уақыт аралығында жөнделетін ақаулар жойылуы тиіс.

Тұрғын үйлерге жалпы тексеру меншік иелерінің сенім білдірген тұрғындарының, сондай-ақ тұрғын үйге қызмет көрсететін мемлекеттік немесе жеке қызмет өкілдерінің қатысуы арқылы бірлесіп басқару органы өкілінің басшылығымен жүзеге асырылады.

Қандай да бір бірлесіп басқару нысандарына біріктірілмеген тұрғын үйлер бойынша комиссия құрамын осы үйлердің меншік иелері белгілейді. Коммуналдық және әлеуметтік-мәден мақсаттағы объектілерді мекеменің немесе кәсіпорынның бас инженерінің (пайдалану жөніндегі инженердің) басшылығымен комиссия қарап шығады.

Қажетті жағдайларда комиссия құрамына маман-сарапшылар мен жөндеу-құрылыс ұйымдарының өкілдері кіргізіледі.

Бірлесіп басқару органдарының қызметкерлері, сондай-ақ мүмкіндігінше тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері немесе жеке тұлғалар тұрғын үйдің ғимараттарын ішінара қарап шығуы тиіс. Коммуналдық және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерге тексеруді іске қосу қызметінің қызметкерлері жүргізіледі.

Қарап шығу нәтижелері ғимараттардың немесе объектілердің техникалқ жағдайын есепке алу жөніндегі құжаттарда (техникалық жағдайын есепке алу журналында және т.б.) көрсетілуі керек. Мұндай құжаттарда: тұрғын үйдің немесе коммуналдық объектінің мекен-жайы, олардың табылған орындары, осындай ақауларды тұрғызған себептер, сондай-ақ орындалған жөндеу жұмыстары жөнінде мәліметтер болуы тиіс.  Ғимараттардың немесе объектінің жағдайы туралы жалпыланған мәліметтер оның техникалық төлқұжаттарында жыл сайын көрсетілуі тиіс.

...

Скачать:   txt (51.7 Kb)   pdf (142 Kb)   docx (21.6 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club