Ғарыштық туризм
Автор: Skkenova090 • Ноябрь 11, 2022 • Реферат • 7,483 Слов (30 Страниц) • 767 Просмотры
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Маркетинг кафедрасы
Реферат
Пәні: Туризмология негіздері.
Тақырыбы: Ғарыштық туризм
Орындаған:Тур-13 тобының студенті
Көкенова С.Қ.
Тексеруші Э.Ғ.М. Аға-оқытушы: Джумабаева Ш.Б.
Қарағанды 2021 жыл
Жоспар
Кіріспе
1 Ғарыштық туризм туралы түсінік.
1.2 Ғарыштық туризмді даму тарихы
2 Байқоңыр – ғарыш айлағы.
2.1 Ғарышты бағындарған туристтер.
3. Билеттер бағасы.
3.1 Қазақстан Республикасында ғарыштық туризмді дамытуға арналған шаралар.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Туризм соңғы жылдары әлемдік экономиканың ажырамас бір бөлігі болып отыр. Оның табысты әрі қарқынды дамып келе жатқан бір саласы – ғарыш туризмі. Ғарыштық туризм – туризмнің енді ғана дами бастаған мүлде жаңа саласы. Бұл экстремалды туризмнің ең қымбат және экзотикалық түрі. Туризм саласына жаңа технологиялардың енгізілуі туризмнің жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді. Жаңа технологиялардың жетістіктері заманауи туристерге бұрын қолы жетпейтін жерлерге баруға мүмкіндік береді. Ғарыштық туризм – соның жарқын мысалы. Ғарыштық туризм – бұл адамның не бір топтың белгілі бір қаражатқа ғарышқа саяхат жасап қайтуы. Көп ғасыр бойы адам ұшуды армандаған. Олар қаншалықты армандағанымен олар орындалмай немесе қайғылы аяқталған. Соңғы жүз жылда адамдар бұған қол жеткізді. Бұған дейін адамдар ғарышты тек теледидардан, фантастикалық кинолардан көріп келген. Ғарыш туралы түсінік мың жылдар бұрын қалыптасқан.Осы ғарыш және ғарышқа ұшу мүмкіндіктері туралы ұлы ойшылдар жазған. Олар тек өз шығармаларында жазбаларында ойша жазып кеткен. Ең бастысы, бізге оңай болғаны сол мүмкіндіктерді іске асыру ғана. Ғарыш туризмі –Бұл өте қызық көрінеді, сен адам баспаған жерде аспаннан барша жерге қарап тұра аласын. Бұл жерден алшақ ғарышқа және орбитаға ұшуды армандайтын әр ел азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер.Біздің галактиканың ұлан-ғайыр кеңістігін көздің қиығымен көруді армандайтын адамдар көп. Сондықтан жақын болашақта ғарыштық туризм халықтың кең ауқымы үшін ең танымал туризм саласының біріне айналуы керек.[1].
1)Ғарыштық туризм туралы түсінік
Ал ғарыштық туризм түсінігі тек 2001 жылы пайда болды. Әлем бойынша туризмнің болашақ жақын арада дамуына конструкторлар мен шаттлдарды жасап шығарушылардың еншісінде. Алдымен біз ұшақ деп аталатын аспанды көруге арналған ұшатын құрылғы шығардық. Жаңа ашулармен біз оларды қайтадан жөндеуден өткізіп, адам өзіне ғажап нәрселер ашады. Ол – ғарыштық ракета. Оның көмегімен ғарышты бағындыруға болады. Өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып адам тек жер айналасындағы ғарыштық аймақты ғана емес, басқа планеталарға да ұша бастады. Адамның құлшынысы оның айналасындағы барлық нәрселерді бағындыруға талпынатыны бізді қорқытады. Ғарыш алаңы, космодром — ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: техникалық позиция, старттық және командалық -өлшеу кешендері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңы жабдықтары арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтарға ажыратылады.
...