Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Туризму"

Автор:   •  Февраль 17, 2022  •  Шпаргалка  •  6,733 Слов (27 Страниц)  •  232 Просмотры

Страница 1 из 27
  1. Менеджменттің теориялық концепцияларын сипаттаңыз?

Ғылыми басқару мектебі

Менеджментті ғылым ретінде қарастыруда алгаш ірі қадам жасаған Ф.Тейлор болды, кейіннен ол гылыми басқару қозғалысын басқарды. Ол тек адам тиімділігіне гана емес, сонымен қатар ұйым қызметінің тиімділігіне қызыгушылық танытты, бұл гылыми басқару мектебінің кұрылуына негіз болган еді. Тейлор шәкірттерінің бірі - Г. Гант өндірісті түйық цикл ретінде қарастырды.

Менеджменттің әкімшілік классикалық мектебі

Әкімшілік мектеп басқарудың классикалық мектебінің бір түрі больш табылады. Ол менеджердің функңияларын жэне рөлін зерттеумен айналысып, басқарушы жұмысының мәнісі анықталғаннан соң, басқарудың тиімді әдістерін табуға болады деп есептеді. Бұл идеяны ең алғаш ұсынушылардың бірі Анри Файоль болды. Ол басқару үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, кадрларды тандау және жіктеу, ынталандыру, бақылау тәрізді негізгі бес функцияға бөлді.

Адами қатынастар мектебі

Адами қатынастар мектебі негізіне психология жэне әлеуметтану жетістіктері жатқызылды. Адам - ең басты нысан Адами қатынастар мектебінің қалыптасуы неміс психологы Г. Мюстенберг есімімен  тығыз байланысты Адами қатынастар тэжірибесі мен теориясының дамуына өз үлесін Э. Мэйо (1880-1949) де қосты, оның түжырымдауынша, жұмысшылар тобы белгілі бір әлеуметгік жүйе болып табылады жэне осы жүйеге әсер ете отырып, оны жақсартуға болады. Мэйо адами фактордың рөлін ерекше атап көрсетгі. Ол менеджменттің элеуметтік философиясын қалыптастырды

Басқарудың сандық мектебі

Бұл мектеп математика мен компьютерді пайдаланудың салдарынан пайда болды. Оның өкілдері басқаруды математикапық түрде сипатталуы мүмкін логикалық үрдіс ретінде қарастырады.

  1. Ұйымдық құрылымы мен функционалдық салаларын түсіндіріңіз?

Туризм саласын басқару тәжірибесінде желілік, функциялық жэне желілік-функңиялық ұйымдастырушылық құрылымдар көбірек шоғырланған.

Басқарудың желілік ұйымдастыру құрылымы. ¥йымдағы желілік байланыстар басқару шешімінің және сызықтық менеджердің ақпаратын, яғни шағын ұйымның немесе оның күрылымдық бөлімдерінің жауапты тұлғасының іс-қимылын көрсетеді. Бұл — басқарудың ең қарапайым ұйымдық құрылымының бірі

Басқарудың желілік-функциялъщ қүрылымы. Желілік-функциялық құрылымды ұйымдастырудьщ мәні - ортақ басқарманың желісі бойынша әр жұмысшы тек бір басшыға бағынады.

3.Туристік бизнесті ұйымдастыруды анықтаңыз?

 Туристік бизнес – шаруашылық салалардың ішінде ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Туристік бизнес əлемнің ең ірі саласының бірі болып есептеле отырып, экономиканың дамуына, əлеуметтік прогреске, қосымша жұмыс орындар санының көбеюіне үлесін қосты, туристерге қызмет көрсететін қосымша салаларды қалыптастырды. Туристік ұйымдар жұмыстарының нəтижесінде миллиондаған адамдар демалуға, білім алуға, емделуге, мəселелерді шешуге халықаралық деңгейде мүмкіншілікке ие болады.

Кез келген туристік кəсіпорының мақсаттары: – жорыққа шығу; – саяхат жасау; – экскурсия өткізу; – көп адамдарды қатыстыру; – адам күту сапасын жақсарту; – қаражат шаруашылық жұмыстарын бұзбау.

4.Менеджер тұрғысынан қазіргі проблемаларды бағалаңыз?

 Менеджер жұмысының өзіндік ерекшелігі бар. Оның ең маңызды ерекшелігі-үлкен көлем.   Басталған іс жиі тоқтатылады, өйткені тез арада шешуді қажет ететін басқа да істер үнемі пайда болады. Ауызша байланыс бетпе-бет сөйлесуді, телефонмен сөйлесуді, брифингті және т.б. Көбінесе олар бейресми, әсіресе басқарудың төменгі деңгейінде болады. Жоғары деңгейде ресми шешім қабылдау рәсімдері бар, олар ауызша қарым-қатынасты ғана емес, сонымен қатар мәтіндермен жұмыс істеуді де талап етеді. Алайда, мәтіндермен жұмыс, әсіресе ұзақ, басшыларда жағымсыз реакция тудыратынын мойындау керек. Олар үшін қысқа түйіндеме жақсырақ.

...

Скачать:   txt (106.1 Kb)   pdf (415.2 Kb)   docx (191.5 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club