Туристік мекемедегі Public relations технологиялары
Автор: khnazira • Июнь 1, 2019 • Курсовая работа • 9,068 Слов (37 Страниц) • 618 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 3 | |
1 1.1 | PUBLIC RELATIONS ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК Public Relations түсінігінің пайда болуы | 5 5 |
1.2 | Public Relations мамандары және консультанттары | 7 |
1.3 | Public Relations-ті ұйымдастыруда қолданылатын коммуникацияның құралдары және нысандары | 9 |
2 | ТУРИСТІК МЕКЕМЕДЕГІ PUBLIC RELATIONS | 20 |
2.1 | Туристік мекемелердің қызметіндегі Public relations-тің ұйымдастырылуы | 20 |
2.2 | Туристік қызметтің маркетингі мен менеджменті | 24 |
2.3 3 3.1 | Public Relations бұқаралық ақпараттар құралдарымен тиімді байланысы ҚАЗАҚСТАНДА PUBLIC RELATIONS ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ Tуристік мекемелер және кәсіпорындар Public Relations технологияларын қолдану | 26 30 30 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 33 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 35 |
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы жылдардағы еліміздегі жанданып келе жатқан салалардың бірі – туризм. Ресми мәліметтерге жүгінсек, сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы туризмнен келеді екен. Бұл саланың экономикамызға табыс әкелуде, қомақты қаржы түсіруге барлық мүмкіндігі бар. Ендігі міндет – туризмді ел экономикасына тұрақты үлес қосатын салаға айналдыру.
Қазақстанда туризмді дамыту үшін керекті ресурстар қоры жеткілікті. Дегенмен, Қазақстандағы туризм өз деңгейінде дами алмай отыр, туризм ошақтары жергілікті және халықаралық деңгейде танымал емес. Туризмнен түскен кіріс көзі өз деңгейінен төмен. Туризм жөніндегі жағымсыз қоғамдық пікір де жоқ емес, туризм, спорт т.б. салалардағы қоғамдық білімдердің төмендігі байқалады. Туризмге қатысты ақпараттар ағыны аз. Бұл еліміздегі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр.
Елімізде туризмнің дамуына ықпал ету үшін туризм ошақтарын Қазақстанға және шетелдерге кеңінен таныту имиджін көтеру керек. Туризм – бизнес. Осы бизнестің түрінің ойдағыдай дамып, тұтынушылардың көңілінен шығуы Public Relations-қа (PR) да байланысты. Public Relations – маркетинг, менеджмент және журналистиканы байланыстыратын күрделі мамандық. Паблик рилейшнз (publіc relatіons – коғаммен қарым-қатынас) – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа кәсіпкерлік саласы; қоғам мен ұйымдар арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Бастапқыда Public Relations ұғымы ұйым мен жұртшылықтың арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі, жұртшылықпен өзара пайдалы әрі тиімді қарым-қатынас орнату, халықтың, сондай-ақ, т.б. қоғамдық ұйымдар тарапынан өзіне жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйым жүзеге асыратын басқару түрі немесе функциясы ретінде қолданылды. Public Relations еркін баспасөз бен ақпарат еркіндігіне негізделетін инновациялық басқару жүйесі ретінде түрлі кең көлемді жобаларды ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Туристік фирма өзін көрсетуі, имиджін қалыптастыруы керек. Public Relations-тің міндеті соған көмектесу, фирманың жетекшілеріне ақыл-кеңес беру, қауіп-қатерді алдын-ала сезіп, уақытында ескерту, мәселелерді көріп, шешуге мүдделі болу, қызметкерлер арасындағы тиімді өзара байланысты қалыптастырып, қоғам мен туристік фирманың арасында үйлесімділікке негізделген жылы қарым-қатынас орнату. Паблик рилейшнз жаңа коммуникациялық технологиялардың дамуымен күрделене түседі.
...