Туризм индустриясы
Автор: aruzhan0107 • Апрель 26, 2023 • Реферат • 539 Слов (3 Страниц) • 178 Просмотры
Туризм индустриясы әлемдегі экономиканың ең пайдалы секторларының бірі болып саналады және жыл сайын оның ел экономикасына әсері артып келеді. Соңғы уақытта туристік бизнестің дамуына Ғаламтор-технологиялар қатты әсер етті және Дүниежүзілік Ғаламтор арқылы туристік индустрияны дамытуға арналған әртүрлі веб-сайттарды (веб-беттерді), туристік агенттіктерді,сондай-ақ курорттарды, пансионаттарды, қонақ үйлерді таба аласыз.
Кез-келген клиент үшін дұрыс турды табуды жеңілдететін саяхат іздеу жүйелері. Іздеуге қажетті критерийлерді белгілей отырып, сіз тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін ондаған оператордан ұсыныстар ала аласыз, олар турдың егжей-тегжейлі сипаттамасын, бағасына не қосылатындығын және қосымша ақы төленетінін тізімдейді, әуе сапарлары туралы ақпарат береді.Сонымен, туризмде ғаламторды пайдалану жан-жақты және алуан түрлі. Ғаламтор желісі мамандарға туристік өнімді минималды шығындармен жылжытатын компанияның қызметтері туралы миллиондаған долларлық мақсатты аудиторияны хабардар етуге мүмкіндік береді; брондау және брондау жүйелерін пайдалану; өз бетінше турлар құрады; қонақүйлер, мейрамханалар және тасымалдаушылар үшін тарифтер мен бағалар туралы жаңа ақпараттар ала алады.
Туризм қазіргі таңда кез-келген адамның өмірінің бір бөлігі болып келеді десек қателеспейміз. XXI ғасырда әр адамның мақсат, армандарының ішінде жағажайларда демалу, әлемдік деңгейдегі қонақ үйлерде тұру, елдердің тарихымен танысу, әр-түрлі мәдениетті көру секілді пункттердің міндетті түрде біреуі болады. Осы мақсаттарды орындау барысында, кез-келген турист өзінің қызығушылығына және қаражат көзіне байланысты өзіндік саяхат түрімен айналысады.
Жаһанданған дауірде саяхаттаушылардың бірнеше субкультуралары пайда бола бастады. Соның бірі, бэкпэкерлер болып келеді. Бұл субкультура сонау XVII ғасырда пайда болғанымен, қазіргі таңда туристік іздеу сайттарының көмегімен жаңдана бастады. Яғни, бұл саяхаттаушылар іздеу сайттарының көмегіен өздеріне тиімді суммада көліктерге, жатын орындарға, тамақтану орындарына брон жасай алады.
Диплмодық жұмыстың өзектілігі:Қазіргі таңда, еркін саяхаттауды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер бар. Соның бірі іздеу сайттары. Бұл сайттар арқылы саяхаттаушылар өздеріне қолайлы суммадағы көліктерді және жатын орындарын таңдай алады. Сонымен қатар, бұл сайттарда әр түрлі жеңілдіктер жүргізіледі. Бұл туристтердің басты принципі қаражатты үнемдеу болғандықтан, ізеу сайттары оларға үлкен мүмкіндіктер береді. Осы дипломдық жұмыстың зерттеу
...