Глоссарий по "Туризму"
Автор: ZhalgasBratan • Сентябрь 12, 2021 • Лекция • 2,803 Слов (12 Страниц) • 2,341 Просмотры
1) әлеуметтік туризм – жұмыс берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын, туристік көрсетілетін қызметтердің мүгедектерге, халықтың күнкөрісі төмен топтарына қолжетімді болуын қамтамасыз ететін туризм түрі;
1-1) балалар-жасөспірімдер туризмі – серуендер, экспедициялар, сапарлар, экскурсиялар түрінде балалар мен жасөспірімдер тобына арналып жүзеге асырылатын туризм түрі;
2) гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;
2-1) діни туризм – уақытша болатын елде (жерде) мінажат ету мен салт-жоралар орындауды көздейтін туризм түрі;
2-2) медициналық туризм – тұратын жерiнiң шегiнен тыс жерде мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді алумен демалысты бiрiктiру көзделетiн туризм түрi;
2-3) оқиғалы туризм – спорттық және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға бару көзделетін туризм түрі;
3) өз бетінше туризм - туристер өз бетінше ұйымдастыратын, жүріп-тұрудың белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхаттар;
3-1) сақтандыру сертификаты – сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, сақтандырушы жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін ресімдеген құжат;
4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
5) туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;
6) туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;
7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
9) туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі - турагент) туроператор қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;
11) туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат;
12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
13) туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) көрсететін қызметтері) және сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер);
14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;
...