Қозғалтқыштың негізгі механизмдері бөлшектерінің есебі
Автор: nurlan_2303 • Декабрь 6, 2022 • Контрольная работа • 487 Слов (2 Страниц) • 192 Просмотры
1. Қозғалтқыш – отынның жану салдарынан пайда болған жылулық энергияны механикалық жұмысқа айналдыратын құрылғы болып табылады.
Іштен жану қозғалтқышының негізгі бөлшектері:
♦ цилиндр басы;
♦ цилиндрлер;
♦ поршеньдер;
♦ поршеньдік сақиналар;
♦ поршень саусағы;
♦ шатундар;
♦ иінді білік;
♦ маховик;
♦ жұдырықшалары бар таратқыш білік;
♦ клапандар;
Қозғалтқыш - автомобильдегі ең маңызды және күрделі блоктардың бірі. Заманауи қозғалтқыштар өте сенімді және тиімді, алайда механикалық және термиялық жүктемелердің әсерінен, сондай-ақ басқа себептердің салдарынан әртүрлі ақаулар болуы мүмкін.
2.Жөндеуді бастамас бұрын, ақаудың қай жерде және неге пайда болғанын анықтаған жөн. Цилиндрлер блогының ең көп кездесетін ақауларының:
· Беттік тозуы. Бұл ақау иінді біліктің мойынтіректерінің осьтік саңылауының тым көп болуына байланысты болуы мүмкін. Бірақ көбінесе бұл тозу қозғалтқыштың қалыпты ұзақ мерзімді жұмысының табиғи салдары болып табылады. Ақау цилиндрді әдеттегі бұрғылау және қыздыру арқылы түзетіледі. Бұл беттердегі сызаттар мен шытынаулар, сондай-ақ поршеньдік жұмыс нәтижесінде пайда болатын эллипсті жоюға мүмкіндік береді.
· Клапанның майысуы немесе оның отырғышының бұзылуы. Бұл ақау цилиндрдің үстіңгі бөлігін зақымдайды.
· Шатунның бұзылуы. Мойынтіректің нашар майлануының нәтижесінде ол қызып кетеді және бұзылады. Цилиндрдің төменгі жағындағы саңылаулар мен ұрылымдар шатунның дұырыс жұмыс істемеуінің айқын белгісі болып табылады.
· Гильзадағы сызат. Цилиндр головкасы болттарын тым артық немесе дұрыс бұрамау нәтижесінде пайда болатын ақау. Цилиндрге судың немесе салқындатқыштың сұйықтығының пайда болуы жарықтар мен шытынауларды тудыруы мүмкін.
· Қозғалтқыштың қызып кетуі - бұл көбінесе цилиндр бетінде сызаттардың пайда болуына әкеледі.
Жиі кездесетін ақаулардан басқа, қозғалтқыштың істен шығуына әкелетін жасырын мәселелер бар:
· Блоктың деформациясы. Бұл әртүрлі себептердің салдарынан туындауы мүмкін. Олардың бірі жұмыс кезінде біркелкі емес қыздыру. Екінші себеп - ішкі кернеулер жойылмаған өндіріс технологиясының бұзылуы (көбінесе шойыннан жасалған бөлшектерге қатысты).
· Иінді біліктің мойынтірек қабатының деформациясы. Бұл табиғи себептермен де, негізгі мойынтіректерді майлаудың жеткіліксіздігінен немесе олардың қызып кетуінен де пайда болады.
...