Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в Комбинатский

Автор:   •  Февраль 14, 2020  •  Отчет по практике  •  3,641 Слов (15 Страниц)  •  335 Просмотры

Страница 1 из 15

МАЗМҰНЫ

1.КІРІСПЕ

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.ДОҢҒАЛАҚ ЖҰПТАРЫ

2.2. КОМБИНАТСКИЙ СТАНСАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ СИПАТТАМАСЫ.

2.3.ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

3.ҚОРЫТЫНДЫ

1

      1. Теміржол көлігі - күрделі көп салалы шаруашылық. Оның құрамына теміржол мен кәсіпорындар, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық, мәдениет-тұрмыс, медициналық мекемелер, ғылыми және оқу институттары, техникумдар, мектептер кіреді.

      Тасымалдау процестерін орындау үшін жылжымалы құрамнан және құрылыстар мен құрылғылардан тұратын теміржолдың техникалық құралдары бар Олар: бөлім бекеттеріндегі жол тарамдары. Олар пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге, қарсы қабылдауға, басып озуға, вагондарды таратуға,және сұрыптауға, т.с.с. операцияларды орындауға арналған; жолаушыларды мінгізуге, түсіруге және т.б. қызмет көрсетуге арналған құрылыстар; жүктерді түсіруге, тиеуге, сақтауға арналған құралдар; пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өндіріс процестерін жеделдетуге арналған автоматика, телемеханика, байланыс және есептеу техникасының құрылғылары; локомо-тивтер мен вагондарды жабдықтау мен жөндету құрылыстары; электрмен қамтамасыз ету құрылғылары ( бұған қосалқы жетек стансалары және электрлендірілген жолдардағы түйіспе жүйелері кіреді); сумен қамтамасыз ету құрылғылары; материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету құрылғылары.

     Теміржол қарамағындағы өнеркәсіп орындарына қызмет көрсететін ( вагондарды беру, қайтару және тиеп-түсіру операциялары және басқалары орындалады) аймақтық көлік салаларының аралық қатынасының (шаруашылық есепті) бірлестіктері мен өнеркәсіп орындары кіреді.

     Теміржолдардың барлық аймақтарда орналасуына, пойыздардың барлық жағдайда жүйелі түрде жүруін және теміржол конвейерінің барлық бөлімдерінің нақты түрде өзара бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету керектігіне байланысты, олардың жұмыс ерекшеліктеріне лайықты басқару құрылымы да өзіне тән ерекше болады. Бұл құрылымның теміржол көлігін басқаруда негізгі принциптері бар:

а) бір орталықтан басшылық етуді (төменгі органдар жоғарыға бағынады), жол бойындағы бөлімшелерге үлкен құқықтар мен дербестік беруді үйлестіру ;

б) дара басшылықты сақтау;

в) өндірістік-территориялық принциппен басқаруды ұйымдастыру.

     Ол барлық теміржол жүйесінде нақты басқаруды қамтамасыз етуге және бірыңғай техникалық саясатты жүргізуге мүмкіншілік туғызады.

2

Теміржолдағы техникалық технологияның ұйымдастыруы мен басқарудың негізгі элементтері туралы түсінік.

     Техника. Теміржол көлігінің техникасының немесе техникалық құрамдалуының негізін жасанды құрылыстары бар жолдар, стансалар және жолаушылық-жүктік және қамтамасыз ету құрылғылары бар басқа да бөлек пункттер жылжымалы құрам, депо, энергиямен қамтамасыз ету құрылғылары, эксплуатациялық жұмысты басқару және қозғалысты реттеуге арналған арнайы құралдар, байланыс құралдары.

     Теміржол - бұл, әдетте үйінді немесе ойынды үстіне қиыршықтан, гравиден немесе құмнан жасалған балласты призма орнатылған нақты өлшемдері болатын жер құрылысы. Балласты призманың үстіне белгіленген эпюр бойынша темір бетон, ағаш немесе металл шпалдары орнатылады, ал оларға ерекше қыстырғыштар арқылы болат рельстері бекітіледі. Бұндай конструкцияны классикалық деп атайды. Трассаны жобалау және құрылыс кезінде теміржолын түзу және көлденең етуге тырысады, ал оған жеткізуге мүмкін болмағанда профиліндегі қатты еңістікті және планының домалануын болдырмауға тырысады. Еңістік қатты болған сайын және қисықтықтардың радиустары аз болған сайын қозғалысқа қарсы кедергі көп болады, әрі басқа да бірдей жағдайларда пойыздың массасы және оның қозғалыс жылдамдығы аз болады, яғни өткізу және тасымалдау қабілеттілігі аз болады.

...

Скачать:   txt (44.1 Kb)   pdf (225.9 Kb)   docx (63.3 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club