Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түзетудің көпірлік схемасы

Автор:   •  Октябрь 1, 2021  •  Реферат  •  2,983 Слов (12 Страниц)  •  498 Просмотры

Страница 1 из 12

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................3

Негізгі бөлім

1.1.Түзетудің көпірлік схемасы................................................................4

1.2.Бірфазалы көпірлік түзеткішті зерттеу............................................6

        

Қорытынды................................................................................................16

Әдебиеттер................................................................................................17


Кіріспе

Түзеткіш айнымалы тогын тұрақты тоққа түрлендіретін құрал. Әдетте, токты түзету – ток тек қана бір бағытта өтетеін вентильмен іске асырылады. Қолданылатын вентиль типіне байланысты вакуумдық, газразрядты, шалаөткізгіш және электртүйіспелі түзеткіш деп ажыратылады. Түзету сызбасына байланысты бір және екі жарты периодты, көпірлік және нөлдік шықпасы бар, бір фазалы және көп фазалы түзеткіш деп жіктеледі. Электрондық техникада екі жарты периодты бір фазалы көпірлік түзеткіш сызбалары қолданылады.

Түзеткіш құрылғыларда кең тарағандары жартылай өткізгішті клапандар. Олар бірнеше милиамперден бастап жүздеген амперге дейінгі токтарға есептеледі. Тура бағыттағы кедергілері аз. Бірақ бір жаман жері, бұларда кері токтың үлкен маңызы бар және ол температура жоғарылаған сайын өсе береді. Бұл жағдай құрылғының жұмыс температурасының ауқымына шек қояды. Бір ғана диод қолданылатын қарапайым түзеткіште ток жүктеме арқылы тек оң жарты периодта ғана өте алады, теріс жарты периодты диод өткізбейтін болғандықтан, ол жүктеме арқылы өте алмайды, жүктемедегі ток тек қана оң жарты периодтардан тұратындығы қарастырылады.

Көбейткіштің құрылысы мен жұмысының қандай екендігі баяндалады. Көбейткіш – кернеуді жоғарылататын аспап. Бірақ мұнда трансформатордағыдай ешқандай жүрекше, орам деген жоқ. Сонда ол кернеуді қалай жоғарылата алатындығы туралы айтылады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Түзетудің көпірлік схемасы

Әр түрлі типтегі жүктеме (активті және активті-сыйымдылықты) кезіндегі бірфазалы екі тактілі түзеткіштің принципалды схемасы 1.1 суретте көрсетілген. Схема вентильдер көпірі ретінде ұсынылған: оның бір диагоналіне жүктеме қосылған, ал екіншісіне жүйелік трансформатордың екінші реттік орамының айнымалы кернеуі қосылған.

[pic 1]

1.1 сурет – Бірфазалы екі тактілі түзеткіштің схемасы

Айнымалы кернеудің оң жартылай периодын түзету кезінде ток келесі тізбек бойынша жүреді: екінші реттік орамның жоғарғы шығысы –VD1 вентилі – жүктеменің жоғарғы шығысы – жүктеме – жүктеменің төменгі шығысы –VD4 вентилі – екінші реттік орамның төменгі шығысы – орам. Айнымалы кернеудің теріс жартылай периодын түзету кезінде ток келесі тізбек бойынша жүреді: екінші реттік орамның төменгі шығысы –VD3 вентилі – жүктеменің жоғарғы шығысы – жүктеме – жүктеменің төменгі шығысы – VD2 вентилі – екінші реттік орамның жоғарғы шығысы – орам.

Трансформатор негізінен схеманың қажет элементі болып табылмайды, ол тек қана кернеудің қажетті е2 мәнін түзеткіштің кірісінде орнату үшін және түзеткіштің жүктемесі және қуаттаушы жүйе арасындағы гальваникалық түйінді қамтамасыз ету үшін қажет.

1.2 суретте әр түрлі типтегі жүктеме кезінде түзеткіштің көпірлік схемасында кернеу мен токтардың өзгеру графигі келтірілген.

[pic 2]

1.2 сурет – Түзеткіштің жүктемелі көпірлің схемасы:

а) активті; б) активті-сыйымдылықты

Трансформатордың екінші реттік орамында активті жүктеме үшін түзетілген кернеудің орташа мәні U0 және кернеудің қолданыстағы мәні U2:

...

Скачать:   txt (43.4 Kb)   pdf (345.4 Kb)   docx (217 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club