Темірбетон
Автор: ualihan.omargali • Февраль 17, 2019 • Курсовая работа • 8,477 Слов (34 Страниц) • 1,361 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Нормалық сілтемелер
1 Технологиялық бөлім
- Шығарылатын өнім номенклатурасы
- Шикізат материалдары мен бұйымдардың сипаттамасы
- Зауыттың жұмыс істеу тәртібі
- Темірбетон фермаларын өндірудің технологиялық тізбегі
- Технологиялық тізбекке сипаттама
- Материалдық баланс
- Зауыттың өндірістік бағдарламасы
- Негізгі және қосымша жабдықтардың санын анықтау
- Цемент қоймасын есептеу
- Үлкен және кіші толтырғыштар қоймасының есебі
- Шығын бункерлерін есептеу
- Сапаны бақылау әдістері
- Өндірістің штаттық ведомості
- Жылу техникалық бөлім
- Бетонның қатаюын тездеткіш құрылғы
- Буландыру камерасының негізгі өлшемдерін анықтау
- Өнімділік және қажетті жылу қондырғыларының санын есептеу
- Жылу есептері
- Сәулет құрылыс бөлімі
- Барлық құрылыс алаңы үшін сәулетті-құрылыстық шешімдер
- Құрылыс алаңының бас жоспары
- Құрылыс алаңына сипаттама
- Көлемді-жобалы және конструктивті шешімдер
- Техника қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Бетон мен темірбетон құрылыстың барлық саласында қолданылады. Басқа материалдармен салыстырғанда оның артықшылықтары көп. Конструкцияның жұмыс істеу уақыты, ағаш, металл және басқа, материалдардан өндірілген бұйымдар мен конструкцияларға қарағанда әлдеқайда ұзақ. Олардың артықшылығы сол, материалдардың (құм, шағыл, су) көп бөлігі (85-90% массасынан) - жергілікті материалдар; бастапқы материалдар мен дайындау әдістердің негізінде, әр түрлі физика - химиялық қасиеті бар бетон мен темірбетоннан кез келген пішін мен өлшемдегі (ірі өлшемді, жұқа қабырғалы, күмбездер мен оралмалы қабыршақтар) бұйымдар, материалдар мен конструкцияларды өндіруге болады.
Ғимараттар мен құрылымдық құрылыстарда құрастырмалы темірбетонды бұйымдар мен конструкцияларды - іргетастық блоктар, қабырғалық панельдер жабылым плиталары мен қабатаралық плиталар, сатылы торлар, колонналар, арқалықар, қақпалар қолданлады.
Темірбетон конструкциялары тағайындалуы мен толтырғыш түріне қарай жеңіл және ауыр, бірқабатты және көпқабатты, әрленген және фактуралы, қабатсыз болып бөлінеді.
Қазіргі кезде құрастрмалы темірбетон мен конструкииялардың бір уақытта массасын азайту мен өлшемдерін ұлғайту бағытында ғылыми -зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Мұндай шешімнің зілзалалы аудандарда ғимараттар мен үйлер салу кезінде маңызы зор, себебі олар жанбайды, шірімейді, пайдалану кезінде жеткілікті түрде тұрақтылығы мен шыдамдылығы бар.
Темірбетон алғаш рет Францияда жасалды, бастапқы кезде одан қарапайым бұйымдар дайындалды: терезе мен есік маңдайшалары, жаблым плиталар, т. б. Кейінірек ғимараттың кейбір элементтерін темірбетоннан құймалы әдісепен дайындай бастады.
Өзінің шығармашылығын темірбетонның эстетикалық қасиетін анықтауға арнаған тұңғыш сәулетші О. Перре болды.
Осы материалдың маңызды артықшылықтарының бірі - тікелей конструкцияны дайындау процесінде әсемдік беттерді алу мүмкіндігін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында құрастырмалы темірбетон бұйымдарын XX ғасырдың 50 - жылдарында гидротехникалық құрылыстардың салынуына орай шығара бастады.
Нормалық сілтемелер:
МеСТ 23732 – Бетон және ертінділерге арналған су
МеСТ 8735-88 – Құрылыс жұмыстарына арналған құм.Сынау әдістері
МеСТ 10180-90 – Бетондар. Контрольдік үлгілер бойынша беріктілігін анықтау
МеСТ 12730.1-78 – Бетондар. Тығыздығын анықтау әдістері
...