Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Предпринимательству"

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Контрольная работа  •  2,389 Слов (10 Страниц)  •  260 Просмотры

Страница 1 из 10

1-тапсырма

Төмендегі кестеге өз ойларыңызды жазыңыз:

Кәсіпкер

Кәсіпкер емес

Кәсіпкерлердің басқа адамдардан басты айырмашылығы – олар ойлаудың ерекше үш қасиетіне ие – олар белсенді, жауапты және нәтижені мақсат тұтады. XX ғасырдағы менеджменттің ең ықпалды теоретиктерінің бірі Питер Друкер айтқандай, ойлау типі осындай адамдарәрқашан өзгерістер іздейді, оларға жауап береді және оларды мүмкіндік ретінде пайдаланады. Олар әлемді өзгертуге ұмтылады және осы себеппен, Evernote бас директоры Фил Либиннің пайымдауынша, компанияларды ашады. Американдық инвестор Джеймс Алтачердің пікірінше, олар сәтсіздікке төзе алады, идеяларды ойлап таба алады, осы идеяларды сата алады, осы идеяларды жүзеге асыра алады және өз қателіктеріне қарамастан,алға қарай келесі іс-әрекеттерге ұмтылады. «Ашока:қоғам үшін инновациялар» коммерциялық емес қорының негізін қалаушы және төрағасы, әлеуметтік кәсіпкер Билл Дрейтон олардың қиындықты көре білетінін және оған жауап іздейтінін растайды. Garage Technology Ventures компаниясының басқарушы директоры, Apple Computer компаниясының алғашқы қызметкерлерінің бірі Гай Кавасаки олар үшін бизнес –жұмыс емес, болашақты өзгертетін ақыл-ойдыңкүйі екеніне сенеді.

Қарапайым адам пассионарлық тәсіл принциптерін (мақсатқа ұмтылу және көптеген адам үшін өзін құрбандыққа шалуға дайындықты білдіреді) ұстамайды, ол өте сақ болады, тәуекелге ұшыраудан қорқады және ешқашан өз еркімен ешқандай жұмысты мойнына алмайды, қиындықтардың алдында ол басын ала қашады жәнекім келіп, оған не істеу керек екенін айтар екен деп күтеді. Тығырықтан шығудың амалы ретінде ол кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар адамдарға үміт артады.

Кәсіпкерлік ойлау – XXI ғасырдың қажетті дағдысы, бұл –ойлап табушылық, армандарды құру және әлі жоқ нәрсені, армандарды іске асыру қабілеті.

Сонымен қатар бұл – өте жоғары бейімделушілік (жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті) және ұтқырлық (болған іске жылдам іс-әрекет ете білу) – адамның өзгермелі жағдайларға икемделе алу қабілеті, икемді болу, қалыптасқан жағдайларда эволюциялану (дами білу), қалыпты сценарийлермен іс-әрекет ету мүмкін емес кез келген жағдайдан табыс таба білу, өмірге мүмкіндіктер әлемі деп қарау.

«Шын мәнінде, мен қаражат таба аламын деп күткен жоқпын. Тапқан табысым жалдау ақысы мен азын-аулақ азық-түлік сатып алуғажетсе, маған сол жеткілікті болатын.Бірақ ең соңында, мұның бәрінің құндыекеніне көзім жетті. Қателесуден қорықпау керек. Ең бастысы – әр жолы жаңа қателіктер жіберу», – деп есептейді кәсіпкерлік ойлаудың символы болған Илон Маск. Дәл осы ойлау қабілеті Маскқа төлемдердің электрондық жүйесін жасап, қаржы әлемін өзгерткен PayPal стартапын құруға, ғарыштық зымырандардықұрастыратын әлемдегі алғашқы жеке компания – SpaceXнегізін қалауға, Tesla электромобилін жасауға, бүкіл қалаларды және т.б. жабдықтау үшін күн энергиясын пайдалануды үйренуге мүмкіндік берді.

Жуырда ғалымдар адамның бизнестегі табысы үшін жауап беретін арнайы «кәсіпкерлік гені» жоқ па деген сауал қойды.Көптеген табысты кәсіпкерлерді талдай отырып, зерттеушілер адамның бизнестегі табысқа жетуіне әкелетін қасиеттердің жиынтығын анықтауға тырысады.Мысалы, Тулса университеті кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Роберт Хисрич кәсіпкердің келесі басым мотивтерін атап көрсетеді: тәуелсіздікке, іс-әрекет бостандығына, шығармашылық жұмысқа және капитал құруға ұмтылу. Австриялық экономист Йозеф Шумпетер үстемдікке, билікке, ықпалға, жеңіске деген жігерге, қарсыластармен және өз-өзімен күресуде табысқа, шығармашылық қуанышқа ұмтылысты атап көрсетеді. Колорад университетінің кәсіпкерлік орталығының директоры Томас Дуэнинг кәсіпкерге қажетті бес негізгі дағдыны атап өтті: мүмкіндіктерді тану, жобалау, тәуекелдерді басқару, сәтсіздікті бастан кешіре білу, жоспарлауға емес, іс-әрекеттерге бейімділік.

...

Скачать:   txt (35.4 Kb)   pdf (172.9 Kb)   docx (19.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club