Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мыс, никель және кобальт металлургиясы

Автор:   •  Февраль 11, 2019  •  Анализ учебного пособия  •  16,290 Слов (66 Страниц)  •  747 Просмотры

Страница 1 из 66

ӘОЖ 669.30

Тоғызов М.З. Мыс, никель және кобальт металлургиясы. 050709 «Металлургия» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімінде оқитын студенттердің курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар./ ШҚМТУ.- Өскемен, 2009. -50 бет.

Әдістемелік нұсқауда мыс, никель және кобальт өндірісінің технологиясы жөнінде металлургиялық есептерді шығару жолдары, анықтамалық  материалдар мен қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

Әдістемелік нұсқау студенттердің пәннің теориялық курсын игеру жолында есептеулерді жүргізуге машықтануына жол береді.

Қазақ тілінде оқыту факультетінің әдістемелік кеңесінде бекітілген

Хаттама №_____ «____» ___________2009ж

                   

© Д.Серікбаев атындағы                      Шығыс Қазақстан

                                                                           Мемлекеттік техникалық

                                                                           университеті, 2009

                                                             

МАЗМҰНЫ

Кіріспе............................................................................................................4

1 Мыс рудасының минералдық құрамын есептеу ....................................5

 2 Қайнау қабатында мыс концентратын күйдірудің  металлургиялық  

      есептеулері...........................................................................................................7

           

3 Шарпымалы пеште күйдірілген мыс  концентратын    балқытудың          металлургиялық есептеулері............................................................................12

         

4 Мыс  концентратын электр пешінде  штейнге балқыту...................... 19

5 Мыс концентратын  кивцэт қондырғысында  күйдіріп балқытуды есептеу................................................................................................................24

      6 Мыс штейнін конвертерлеудің материалдық балансан есептеу..........30

7 Отты тазартудың материалдық  балансын есептеу ............................. 32

      8 Мыс-никель шикізатын агломерациялай күйдіру ................................34

  1. Сульфидті  мыс- никель концентратын электр пешінде  

балқытуды  есептеу............................................................................................36

10 Мыс-никель штейнін конвертерлеудің материалдық балансы ..........41

11 Файнштейнді күйдіру...........................................................................44

       Қолданылған әдебиеттер.....................................................................47

    Қосымша А  Анықтамалық материалдар .......................................48

 

КІРІСПЕ

Мыс және никель металлургиясы түсті металдар саласында металлург мамандығын дайындаудағы негізгі пәндердің бірі болып саналады. Бұл пәнде шикізат қоры, физика химиялық ерекшеліктері, өңдеу технологиясы, металлургиялық процестерде қолданылатын негізгі құрал-жабдықтар қаралады.

Түсті металдар металлургиясының есептеулерінің мақсаты металлургиялық процестерді жүргізгенде кездесетін сұрақтарға нақты жауап  табу. Бұл саладағы негізгі сұрақтар:

-қажетті флюстердің, отынның және ауаның мөлшерін есептеу;

-алынған аралық өнімнің, дайын өнімнің (қож, металл) және газдың құрамы мен мөлшерін есептеу.

- металлургиялық процестің кез-келген операциясының материалдық балансын құру.

Металлургиялық есептеулердің көп тәсілдері бар. Қай тәсілмен шығарсақ та нәтижесі дұрыс болады. Ұсынылып отырған әдістемелік нүсқауларда  металлургиялақ есептеулердің бір тәсілмен орындалуының мысалдары келтірілген. Бұл мысалдарға сүйеніп студент кез-келген есептерді шағаруына болады және өздігінен курстық жұмысты орындауына болады. Әдістемелік нұсқаулардың соңындағы қосымшада әртүрлі металлургиялық процестерде қолданылатын материалдардың, алынатын өнімдердің құрамы мен шығыны, тағы басқа есептеуге қажетті мәліметтер келтірілген. Осы материалдарды қолданып студент  өздігінен курстық жұмысты да орындай алады.

...

Скачать:   txt (106.6 Kb)   pdf (2 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 65 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club