FBD тіліндегі логикалық операциялармен жұмыс жасау және PLC бағдарламалау
Автор: Madiyar Yelgeldy • Март 26, 2025 • Контрольная работа • 761 Слов (4 Страниц) • 141 Просмотры
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ «АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Институт: «Телекоммуникация және ғарыштық инженерия»
ЕСЕП БЕРУ
Зертханалық жұмыс №1
Пәні: «Компьютерные сети в электронной промышленности»
Тақырып бойынша: FBD тіліндегі логикалық операциялармен жұмыс жасау және PLC бағдарламалау.
Мамандығы: Аспапжасау
Орындағандар: Ельгельды Мадияр
Тобы: ПСк 21-2
Қабылдаған: Айдос Сұлтан
Алматы, 2024
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Теориялық мағлұмат 4
2. Бірінші зертханалық жұмыстың жаасалу барасы 4
2.1 Істелінген қадамдар 4
Қорытынды 8
Кіріспе
Зертханалық жұмыстын мақсаты: FBD тілімен танысу, FBD логикалық операциялар арқылы автоматтандыру мәселелерін шешу үшін осы тілдің көмегімен контроллерді дұрыс бағдарламалауды үйрену.
TIA Portal – жетектер мен контроллерлер деңгейінен адам мен машина интерфейсі деңгейіне дейінгі процестерді автоматтандыру жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің біріктірілген ортасы. TIA Portal, Siemens әзірлеген инженерлік орта, Siemens автоматтандыру өнімдерін бағдарламалауды, сынауды және іске қосуды жеңілдетеді.
Бүгінгі жұмыста біз алғаш рет ТИА портал бағдарламасында S7-1200 контроллерімен танысып жұмыс жасайтын боламыз.
.
1. Теориялық мағлұмат
TIA Portal – жетектер мен контроллерлер деңгейінен адам мен машина интерфейсі деңгейіне дейінгі процестерді автоматтандыру жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің біріктірілген ортасы. TIA Portal, Siemens әзірлеген инженерлік орта, Siemens автоматтандыру өнімдерін бағдарламалауды, сынауды және іске қосуды жеңілдетеді.
Өнеркәсіптік автоматтандыру басқару логикасын тиімді жүзеге асыру үшін әртүрлі бағдарламалау тілдеріне сүйенеді. Солардың бірі FBD бағдармалау тілі – бұл жоғары деңгейлі графикалық бағдармалау тілі болып табылады.
FBD графикалық бағдарламалау тілі инженерлерге TIA Portal ортасында күрделі басқару тізбектерін жобалау үшін қуатты құрал ұсынады. FBD математикалық операцияларды, таймерлерді, есептегіштерді және логикалық функцияларды қамтитын алдын ала анықталған функция блоктарын пайдалану қабілетімен танымал. FBD тілі арқылы инженерлер функционалды блоктарды таңдау және қосу, біртұтас және тиімді басқару тізбегін жасау арқылы басқару логикасын құра алады.
FBD тілінде жазылған бағдарлама желілерде бейнеленеді. Желіде бір немесе бірнеше логикалық жұмыс жолдары болады. Екілік және аналогтық сигналдар бір-бірімен блоктармен байланыстырылады. Буль алгебрасынан графикалық логикалық белгілері екілік логиканы көрсету үшін пайдаланылады.
Екілік функцияларды қолдану және олардың сигнал күйлерін логикалық түрде біріктіру үшін логикалық операцияларды пайдалануға болады. TIA Portal ортасында логикалық операциялардың келесі негізгі түрлері бар: «ЖӘНЕ операция (&)», «НЕМЕСЕ операция (>=1)», «ЭКСКЛЮЗИВ НЕМЕСЕ операция (X)» және т.б.
2. Бірінші зертханалық жұмыстың жаасалу барасы
2.1 Істелінген қадамдар
Алғашында жұмыс бастау үшін SIMATIC S7-1200 контроллерін таңдап, оның ішінен, CPU 1214C DC/DC/DC орталық процессорын таңдаймыз, оның ішінен 6ES7 214-1AG40-0XB0 құрылғысы аламыз.
6ES7 214-1AG40-0XB0 құрылғысының характеристикасы:
...