Металдардың сипаттамасы
Автор: Zhumabai • Ноябрь 11, 2018 • Реферат • 1,388 Слов (6 Страниц) • 2,865 Просмотры
КІРІСПЕ
Металдардың сипаттамасы
Металдар – электр тогын жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Металдардың өзіне тән қасиеттері болады. Оларға металдардың соғылғыштығы, созылғыштығы, электр тогын, жылуды жақсы өткізгіштігі жатады. Д.И.Менделеев периодтық жүйесінде элементтердің 88-і металл, 22-і бейметалл. Д.И.Менделеев периодтық жүйесінде барлық s – элементтер (І және ІІ негізгі топшалар), d – элементтер (ІІІ және VІІІ қосымша топшалар), барлық f – элеементтер (лантаноидтар мен актиноидтар металдар), p – элементтер ІІІ-VІІІ негізгі топтарында орналасқан.Металдар периодтық жүйенің төменгі жағында орналасқан.
«Металл» деген атау металл элементі үшін де, олардың қасиеттерін көрсететін металл жай заттары үшін де қолданылады, ал техникада бұл атау металл жай заттар үшін ғана емес, сонымен қатар металдардың қасиеттерін көрсететін барлық материалдарға, құймаларға да қолданылады. Металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттері периодтық жүйедегі олар орналасқан топшалар бойынша қарастырылады. Металдардың мұндай жалпы қасиеттері олардың ішкі құрылысына байланысты болады. Металл кристалында атомдар, иондар және бос электрондар болатыны айғақ. Атомдар мен иондар кристалда белгілі бір тәртіппен орналасып, осы металға тән металдық кристалдық тор түзеді. Металдардың кристалдық торының түйіндерінде металл атомдары мен иондары орналасады, ал олардың арасымен бос электрондар «электрон газ» қозғалып жүреді. Кристалдық торда металл иондары тығыз орналасады. Әрбір ионда 8-ден 12-ге дейін басқа иондар қоршайды. Техникалық маңызы бар металдардың кристалдық торлары мынадай негізгі 3 топқа бөлінеді.
1.Қырлары орталықтанған куб. Бұған Al, Pb, Ni, Ag, Au, Ca, Pd, Pt, Rh, Th металдарының кристалдық торлары жатады.
2.Кристалдық торлары көлемі орталықтанған куб болатын металдарға Li, Na, Cs, V, Mo, W, Ba, Ta, Fe жатады.
3.Гексогональды кристалдық торлары мына металдарға тән: Be, Cd, Mg, Ti, Tl, Zn, Hg, Os, Ru.
Металдар деп металдық жылтыры бар, электр тоғын және жылуды жақсы өткізетін, сонымен қатар соғуға, балқытып пісіруге болатын немесе мөлдір заттарды айтады. Әдетте металдар практикада таза түрінде емес, көбінесе қорытпа түрінде пайдаланылады. Барлық металдар мен қорытпалар жалпы қара металдар және түсті металдар болып екі топқа бөлінеді. Қара металдарға темір және негізінде темір металы бар қорытпалар жатады.
Қара металдар
Темір – ақ түсті, жылтыр түрі бар, кесу және қысу тәсілдерімен оңай өндеуге болатын металл. Оның тығыздығы 7,8 г/см3,балқу температурасы 15390С. Темір таза күйінде беріктігі кем, морт сынғыш металл. Сондықтан көбінесе практикада қорытпа түрінде пайдаланады. Бұл қорытпа темір мен көміртегінің қосындылары, олар – болат пен шойын металдары.
Болат – құрамындағы 2,14% көміртегі және басқа элементтері бар қорытпа. Болаттың тығыздығы 7,7 – 7,9 г/см3. Болат металдарын өндірісте қолданылу ретіне (сапасына, маркасын анықтайтын құрамына және т.б. сипаттамасына) қарай әр түрлі топқа бөлуге болады (мысалы, конструкциялық легірленген, көміртекті, арнайы мақсатқа арналған көміртекті, қалыпты сапалы, сапалы, ерекше сапалы, т.с.с. болаттар). Жер қойнауында көп тараған металдардың бірі – темір металы. Сондықтан қазіргі кезде темір қорытпаларын пайдаланбайтын бірде-бір өнеркәсіп жоқ деп айтуға болады.
Шойын – құрамында көміртегінің мөлшері 2,14 %-тен артық болатын темір қорытпалары. Шойын өте морт, болаттан қатты, созымталдығымен ерекшеленетін және омырылғыш металл болып келеді. Шойынды соғу, созу, кесу тәсілдерімен өңдеу өте қиын, сол себептен шойыннан жасалған бұйымдар әдетте құйма әдістерінен алынады. Шойынның тығыздығы 7,8 г/см3.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Темір
Темір (лат. Ferrum) — Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі 4-ші периодының 8-ші қосымша тобындағы химиялық элемент; Алюминийден кейін жер қабатындағы ең кең таралған металл. Металдар қатарына жататын химиялық белсенді элемент. Темір екі жағдайда кездеседі. Оның бірі — жердің өзінен пайда болған жерлік (теллурлық ) темір, екіншісі — аспаннаң метеорит түрінде жерге түскен космостық темір.
...