Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

U-тәрізді тұрбалары бар жылуалмасушылар

Автор:   •  Апрель 15, 2024  •  Лекция  •  294 Слов (2 Страниц)  •  111 Просмотры

Страница 1 из 2

1. U-тәрізді тұрбалары бар жылуалмасушылар

U-тәрізді жылуалмасушы тұрбалары бар тыспен қапталған тұрбалы аппараттарды тұрбалар жұмыс барысында ластанбаған жағдайда, немесе олардың қабырғасында түзілген ласты сумен жуу немесе керосинде еріту оңай болған жағдайда қолданады. Бұл жылуалмасушылардың конструкциясы қарапайым және пайдалану кезінде орнықты болып келеді. Оларда жүзбелі бас түйіні болмауы және корпус қақпағы болмауы жылыстау қаупін едәуір азайтады. Тұрба байламының еркін шетінің температуралық компенсациясы U әрпі тәрізді бүгілген әр тұрбаның екі шеттерін де қозғалмайтын тұрба торына бекітумен қамтамасыз етіледі.

Бұл жылуалмасушылардың негізгі конструкциялық мөлшері жүзбелі бастары бар жылуалмасушылардыкіндей, бірақ бұлардың жалпы ұзындығы біраз кіші. Корпус пен тұрба диаметрі бірдей болғанда қаралып отырған аппараттардағы U-тәрізді тұрбалардың саны жүзбелі бастары бар жылуалмасушылардыкіне қарағанда көп. Тұрба кеңістігі бойынша жүрістердің қажетті саны бөлу камерасындағы қалқандармен және тиісті тұрба торындағы тұрбаларды жинау схемасымен қамтамасыз етіледі.

U-тәрізді тұрбалары бар жылуалмасушыларды тігінен де, көлденеңінен де орнатуға болады. Соңғы жағдайда аппарат диаметрі 800 мм астам болғанда байламдарды корпустың ішкі бетімен домалайтын катогы бар тірек платформасымен жабдықтайды (сур. VI-14). Диаметрі кішілеу жылуалмасушыларда байлам шеттері көлденең тірек қалқандармен жабдықталған.

Жаңа байламдарды штуцер арқылы кіргізу оңай болу үшін корпустың түбіне трос өткізеді, сонымен тұрба торына бекітілген тартқыштың тесігін іліктіреді(Суретті

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (36.5 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club