Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Масс-медиа и рекламе"

Автор:   •  Февраль 22, 2022  •  Контрольная работа  •  2,602 Слов (11 Страниц)  •  689 Просмотры

Страница 1 из 11

1. Масс-медиа мен технологияларды зертеудің теориялық бағыттары.

Масс медиа – көп ақпараттар тарату құрылғысы, ұйымдастырылған техникалық кешен, кез-келген мәліметті ғаламтор, теледидар, газет, журналдар арқылы оқып, көріп, естіп, біліп жатқан ақпарат.

1-Масс медиа мен технологияларды зерттеудің теориялық әдістерінің бірі-әзірленген нұсқаулық немесе сауалнаманың болуын білдіретін сауалнама әдісі. Көбінесе медиа-зерттеулерде телефонмен сұхбаттасу әдісі қолданылады, бұл қысқа уақыт ішінде көптеген респонденттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2- Масс-медианы зерттеудің тағы бір теориялық бағыты– панельдік күнделік зерттеу. Бұл әдістің мәні зерттеуге қатысушылардың белгілі бір саны күн сайын белгілі бір уақыт ішінде (мысалы, апта) өз күнделіктерінде 15 минут ішінде оқыған, қараған, тыңдаған нәрселерін есепке алады. Бұл ретте ақпараттың дәл болуы маңызды – егер респондент журналды оқығанын көрсетсе, қайсысы екенін көрсету керек.

3- People-meter-телебағдарламаларды көруді зерттеудің электрондық тәсілі. Жүйелер теледидар қосылып, өшірілетін уақытты белгілейді, содан кейін бұл ақпарат дерекқорға енгізіледі. Бұл әдістің артықшылығы - электронды құрылғылар бағдарламаларды қарау уақытын дәл және тез жазады. Алайда, бұл әдістің кемшілігі-егер теледидар қосулы болса, бұл оны көруді білдірмейді.

2.Масс-медиа, технологиялар және қоғам. Экономика, жаһандану және еңбек.

  Масс-медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын жайып, дамып келеді. Бүгінгі таңда кез келген салада оның араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ.

  БАҚ дегеніміз, яғни бұқаралық ақпарат құралдары – бұл арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Жалпы билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы рөлі болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жібереді. Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», - дегендей, баспасөзді төртінші билік деп те атауға болады.

 Бүгінде БАҚ ағартушылық, насихаттық пен ұйымдастырушылық жұмыстарын атқарып келеді. БАҚ-тың атқаратын қызметі біркелкі емес, әркелкі. Оның ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамға аса маңызды оқиғалар мен процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Ал БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізді. Осыған орай, «Масс-медианың қоғамға қандай әсері тиеді?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Дегенмен, масс-медиа халыққа ең қол жетімді құрал. Сондықтан да, біріншіден, оның мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Екіншіден, халықтың ақпарат алу және оны талдау мүмкіндігі молайды. Сонымен қатар, БАҚ-тың қоғамға тигізетін әсерін зерттеген америкалық зерттеуші Г. Лассуэльді атап өту артық болмас деп ойлаймын.

Ол өз кезегінде, қоғамдағы коммуникацияның моделін 5 негізді ала отырып, ұсынған:

1.Коммуникатор (ақпаратты жеткізуші)

2.Информация (ақпарат)

3.Канал (ақпарат жеткізілетін жол)

4.Реципиент (ақпаратты қабылдаушы)

5.Эффект (ақпарат қабылданғаннан кейінгі әсер)

Қысқаша айта кететін болсақ, БАҚ – тұлғаны әлеуметтендіруші институт.

  Енді БАҚ-тың еркіндігіне келіп тоқталайық. Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғышарты болып табылады. Яғни, қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық. Себебі, бұқаралық ақпарат еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес. Қазақстан – БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ал бұл бостандықтың кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті!

...

Скачать:   txt (38.7 Kb)   pdf (131.5 Kb)   docx (17.9 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club