Отчет по практике в «KTZ Express» АҚ
Автор: Nesibeldy • Февраль 9, 2024 • Отчет по практике • 6,491 Слов (26 Страниц) • 130 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.Кәсіпорын туралы жалпы сипаттама…………………………..............................5
1.1 «KTZ Express» АҚ ұйымдастырылуына жалпы сипаттама (артықшылықтары)…………......................................................................................5
1.2 «KTZ Express» АҚ маркетингтік іс - әрекетін талдау(тұтынушылары, серіктестері, делдалдары, бәсекелестері) .................................................................6
1.3 «KTZ Express» АҚ көрсететін қызметтері..........................................................8
2. Жүктерді тасымалдау туралы жалпы ақпарат....................................................11
2.1 Темір жол арқылы тасымалдау (ерекшеліктері, ілеспе қызметтер) ..............11
2.1.1 Контейнерлі тасымал(түрлері)........................................................................11
2.1.2 Вагонды тасымал (вагон түрлері)..................................................................13
2.2 Көлік тарифы .......................................................................................................17
2.3 Халықаралық авиатасымалдаулар.....................................................................18
2.4 Теңіз арқылы тасымалдау...................................................................................18
2.5 Мультимодальді тасымалдау..............................................................................22
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бұл есеп өндірістік практика барысында алынған материалдарды және алынған кәсіби білімді жалпылау және талдау негізінде қалыптасады. Мен, "Логистика" мамандығының 3-курс студенті Амантай Несібелді 2023 жылдың 29 мамыры мен 2023 жылдың 24 маусымы аралығында "KTZ Express"АҚ базасында өндірістік тәжірибеден өттім.
Өндірістік практика-бұл нақты жұмыс режимінде ұйымдарда өтетін оқу орнындағы білім беру процесінің практикалық бөлігі.
KTZ Express АҚ компаниясы аймақтағы логистика және жүк тасымалдау саласындағы жетекші ойыншылардың бірі болып табылады. Ол теміржол, автомобиль, теңіз және авиация тасымалы, қойма операциялары, кедендік ресімдеу және т.б. сияқты қызметтердің кең спектрін ұсынуға маманданған.
Өндірістік тәжірибе барысында мен логистика бөлімінде жұмыс істедім, онда маған көптеген міндеттер жүктелді. Менің жұмысыма жүк тасымалын жоспарлау мен үйлестіруге қатысу, жеткізушілермен және клиенттермен өзара әрекеттесу, Көлік құралдарын бақылау және кедендік рәсімдер, логистикалық процестерді талдау және оңтайландыру кірді.
Бұл есепте мен KTZ Express АҚ компаниясындағы жұмысымның негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі қарастырамын, сондай-ақ өз жетістіктерімді, кездескен проблемаларымды және логистикалық процестерді жақсарту бойынша ұсыныстарымды сипаттаймын. Өндірістік тәжірибе барысында мен логистика туралы білімімді тереңдете алдым және одан әрі кәсіби мансабыма көмектесетін құнды тәжірибе жинадым.
Жүктерді тасымалдау - бұл жәй ғана жүктерді бір жерден екінші жерге ауыстыру емес, түрлі жұмыстар, операциялар мен қызмет көрсетулердің кешені. Осының барлығы тасымалдаудың тиімді бағасы мен мерзімін таңдаудан басталады да, кейін тсымалдаушымен шарт жасау, жұктерді кедендік декларациялау , көліктік құжаттарды рәсімдеу, жүкті тапсыру және қабылдап алу, оны қоймаға орналастыру және сақтау, тиеп – түсіру жұмыстары және жүк тасымалы үшін толықтай есеп айырысу жүзеге асырылады. Осы аталынған қызметтердің жиынтығы көлік экспедициясы деп аталады.
Көлік – экспедиялық қызмет дегеніміз жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру бойынша клиентке қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.Көлік – экспедициялық қатынастардың жалпы алғанда объектісі болып – көлік – экспедиторлық қызмет болып табылады. Көлік – экспедиялық қызмет жүк тасымалдау жүйесінің және онымен байланысты көлік – экспедициялық қызметін тұтынушыларға қызмет көрсету жүйесінің айырылмас және өте маңызды элементі болып табылады.
Көліктік логистика келесі қызметтерді қамтиды: сыртқы сауда жүктерін өндірішуден тұтынушыға дейін жеткізуді жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, жаңа технологияларды қолдану арқылы қазіргі телекоммуникация, ақпараттық құралдарды пайдаланатын көліктік және өзге операцияларды қолдану.
...