Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Есеп беру "Meno Logistics Kazakhstan" ТОО

Автор:   •  Июнь 12, 2023  •  Отчет по практике  •  2,219 Слов (9 Страниц)  •  217 Просмотры

Страница 1 из 9

«Алматы Менеджмент Университет» ББМ

Менеджмент мектебі

Өндірістік тәжірибе бойынша

ЕСЕП БЕРУ

Орындаған: студент

ОП 6В11301 – Логистика                                           _____________ Рыскалиева А.Н.

Тәжірибе жетекшісі

м.н., senoir lecturer                                                      _____________

Ұйымның тәжірибе жетекшісі                                  _____________

«Meno Logistics Kazakhstan», ТОО

Начальник отдела внутренней логистики

Алматы, 2023

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………..………....……............................3

1 «MENO LOGISTICS KAZAKHSTAN», ТОО ЖАЛПЫ CИПАТТАМАСЫ…………................................................................................................5

2 МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ АҒЫНДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ..............................................................................................................6

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ............................................7

4 КӘСІПОРЫННЫҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ.........................................................9

5 ІШКІ ЛОГИСТИКА УЧАСКЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ...….......................................................................................................9

6 ИМПОРТТЫҚ ЛОГИСТИКА УЧАСКЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ.……….........…………………………………………….......................…11

7 КӘСІПОРЫННЫҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ТАЛДАУ.......................11

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………..........................…..14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................15

ҚОСЫМША...................................................................................................................16

КІРІСПЕ

Өндірістік практика оқу процесінің ең қажетті бөлігі болып табылады. Практика өту барысында студент практикалық жағдайларды зерттеу негізінде оқу процесінде алынған білім мен кәсіби дағдыларды пайдаланады. Өндірістік тәжірибе базасы ретінде мен "Meno Logistics Kazakhstan" ТОО компаниясын таңдадым. Практиканы өту уақыты 04.01.2023-тен 22.01.2023-ке дейін. Тәжірибені өту орны: Алматы қ. Республика алаңы 15.

Meno Logistics ең жақсы жеткізу тізбегі шешімдерін қажет ететін клиенттерге халықаралық көлік және логистикалық қызметтерді ұсынады. Стандартты ұсыныстардан басқа, олар клиенттің қажеттіліктеріне сәйкес арнайы өнімдерді жасайды.

Өндірістік практика мақсаты – теориялық курсты игеру нәтижесінде студент меңгерген білімді және іскерлікті бекіту, студенттің қажетті практикалық білімді, логистика жұмысындағы дағды мен шеберлікті меңгеруі, кәсіби бағытталған (арнайы) логистика саласында құзыретті қалыптастыру. Практика білім алушының жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Қойылған басты мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер:

- компанияның негізгі нормативтік-құқықтық актілерімен танысу;

-жұмысты жазу үшін статистикалық, аналитикалық және басқа материалдарды жинау, зерттеу және талдау;

- кәсіпорынның негізгі логистикалық көрсеткіштерін талдау;

- кәсіпорында практикадан өту қорытындылары бойынша нәтиже алу.

Тәжірибе ішкі логистика бөлімінде, ішкі логистика бөлімінің директоры Мыратдурдыев Мыратдурды тікелей басшылығымен өтті. Тәжірибе барысында мен бөлімнің қызметімен, бөлім мамандарының кәсіби және лауазымдық міндеттерімен таныстым, кейін тікелей ноутбуктан Excel бағдарламасы арқылы бір айлық KZ_Invoice_Service 2023 форматын толтырған болатынмын. Оның ішінде Positions, Positions by Transactions, KZ Cashbook, KZ Invoices, KZ Bank, Customers форматтарын толдырдым. Логистика мамандарына қонырау шалу бойынша көмектесіп, документтер жинастыруға және оны толтыруға атсалысқан болатынмын. Осы жұмысым үшін компания 82 000 теңге маған жалақы берген.

1 КОМПАНИЯНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ

"Meno Logistics Kazakhstan" ТОО компаниясы ең жақсы жеткізу тізбегі шешімдерін қажет ететін клиенттерге халықаралық көлік және логистикалық қызметтерді ұсынады. Стандартты ұсыныстардан басқа, олар клиенттің қажеттіліктеріне сәйкес арнайы өнімдерді жасайды.

Meno Logistics – импорттық және экспорттық жүктерді әуе тасымалы саласындағы сенімді серіктес. Олар жедел жеткізуге, сапалы қызмет көрсетуге және тұтынушылардың қанағаттануына және, әрине, шығындарды үнемдеуге бағытталған қызметтердің толық спектрін ұсынады. Клиенттің бағасы/жылдамдық критерийлеріне байланысты олар клиенттің талаптарына сәйкес әуе тасымалдауының әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Бұл бір құжат немесе ірі көлемді әуе жүктері болсын, тікелей немесе біріктірілген.

...

Скачать:   txt (34.9 Kb)   pdf (704.3 Kb)   docx (796.6 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club